АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.

20.09.2019
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.


19.09.2019
"Танысу " тренингтері жүргізілді.


19.09.2019
Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Алатау ауданының «Бақыт отбасы» орталығы өз есігін айқара ашты.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

23.04.2019

Алатау аудандық ардагерлер ұйымының кеңесі пленум өткізді


Пленум мүшесі болып 35 адам, тексеру комиссия мүшесі болып 3 адам сайланды. Жиында Алатау аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев, әлеуметтік сала бөлім меңгерушісі Алмас Солтанғазин мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі Айжан Бауыржанова және бастауыш ардагерлер ұйым мүшелері, тексеру комиссия мүшелері толық қатысты.


Пленум күн тәртібінде Алматы қаласында Зейнеткерлердің салауатты өмір салтын ұстануы әрі олардың ұзақ өмір сүруі жайлы бағдарлама барысы туралы айтылды. Аталмыш тақырыпта Алатау ауданы ардагерлер ұйымы төрағасы Құдайберген Қабдолдинның баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары С.Ағыбаев, мәдениет және тілдерді дамыту комиссиясының төрағасы Әлібек Солтанбеков, Алғабас ықшамауданының бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Қасен Шалабаев т.б баяндама оқыды.

VIII- пленумін ардагерлер ұйымының төраға орынбасары Таубалды Сағатұлы қорытындылады.

23.04.2019