АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Спартакиада по шахматам 07.10.2014

«Қарттарым аман - сау жүрші...»

     Халықаралық қарттар күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 1991 жылдан бері жыл сайын 1 қазанда атап өтіледі. Оcы мерекенің тарихына сүйенсек, өз бастауын бұл мереке ХХ ғасырдан бастайды. Алғаш рет Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.

     Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару, олардың қоғамдық, экономикалық, мәдени және рухани өмірге араласуы мәселелері болып отыр.

     Алматы қаласында, соның ішінде Алатау ауданының аумағында Қарттар күнін мерекелеу аясында ардагерлерге сый көрсету игі дәстүрге айналды. Қазан айының бірінші күнінен бастап айдың соңына дейін аудан аумағында ауданның зейнеткерлері мен егде кісілер үшін бір айлық мейірімі толы мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Міне, биыл да арнайы жоспар іс-шаралары әзірленді. Жоспардың алғаш шарасы ауданның №156 жалпыға білім беретін білім ордасында қарттар арасында шахмат жарысы өткізілді.

     Алатау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Таубалды Сағадолла, Өжет ықшамауданының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Пернеш Әмірбекқызы және Алатау ауданының мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің бас маманы Арман Нұсқабаев ардагерлерге арнайы құттықтау тілектерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, мектеп оқушылары ардагерлерге арнайы дайындаған өздерінің кішіғұрым концерттік бағдарламасын ұсынды.

     Шахмат жарысына Алатау ауданының ардагерлер арасынан 10 қатысушы қатысты. Жарыс соңында шахмат ойының жеңімпаздарыда белгілі болды. Өзінің ұтқырлығымен бірінші орын иегері Дмитрий Сашко, екінші орын иегері Абуов Тұрсын және үшінші орын иегері Байғанаев Болат атанды. Жарыс біткеннен кейін қарттарға арнайы даярланған дастархан басында баладай қуанған зейнеткерлер өзара жастық кездерін еске алып, қызу әңгіме барысында мұндарың шағып, шер тарқасты.

07.10.2014