АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Турнир по бильярду среди пожилых людей 09.10.2014

Қарттар арасынадағы бильярд ойынынан жарыс өткізілді

     2014 жылы 8 қазан күні «Домиллион» сауда орталығының бильярд орталығында, Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын, «ҚР 2010-2020 жылдарда дене шынықтыру мен спортты дамыту» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қарттар айлығында, Алатау ауданы әкім аппаратымен және Ақбұлақ ықшамауданының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Берік Насырбектің қолдауымен қарттар арасында бильярд бойынша жарыс ұйымдастырылды.

     Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, аудандағы қарттар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту және көтеру.

     Жарысқа қатысушыларды мейрамдарымен Алатау ауданының мәдениет және тілдер дамыту ортылағының бас маманы Арман Нұсқабаев құттықтады. Жарысқа ауданның ардагерлер арасынан 10 қатысушы қатысты. Ойынның қорытындысы бойынша бірінші орынды Абуов Тұрсын жеңіп алды. Екінші орынды Қабдодин Құдайберген, ал үшінші орынды Көңілімжай Мұқанов алды.

     Қарттар айы елімізде дәстүрлі түрде аталып өтеді. Жеңімпаздарға Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Алатау ауданы әкімінің мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтарын табыстады.

     Аталған мереке қарттар көңілінен шығып, олар өз алғыстарын білдірді. Қарттарға арналған қайырымдылық айлығы жалғасуда.

09.10.2014