2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
2020 Әлеуметтік көмек алу

10.01.2020
2020 Әлеуметтік көмек алу


10.01.2020
10.01.2020 Әкімнің қабылдауы.


09.01.2020
Емхана қызметкерлері іс жүзінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өз білімдерін көрсетті.

  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Карсакбаева мемлекеттік қызметкерлерге жалпы мінез-құлық стандарты мен әдептілік нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.10.2019

Аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Карсакбаева мемлекеттік қызметкерлерге жалпы мінез-құлық стандарты мен әдептілік нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



2019 жылғы 4 қазанда Алатау ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Карсакбаева мемлекеттік қызметкерлерге жалпы мінез-құлық стандарты мен әдептілік нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған жиналыста мемлекеттік қызметкерлерге, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

- адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

- өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

- қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

- өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;

- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

- шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

- мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;

- қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;

- жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу туралы түсіндіріліп өтті.

08.10.2019