АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар өкілдерімен жиналыс өтті

15.01.2019

Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар өкілдерімен жиналыс өтті



14.01.2019

Аудан әкімі Шахмерден Сыртбайұлы Рыспаев 2018 жылдың қортындысы бойынша халық алдында есеп берді



10.01.2019

Л. Гончаров атындағы Қазақ көлік академиясында салауатты өмір салтын насихаттау


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.02.2018

ҚҰРМЕТТІ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ!

  2018 жылғы 15 қаңтардан бастап ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну нысанын жеңілдетуге бағытталған «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) қолданысқа енгiзiлетіндігін хабарлаймыз.

   Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің сайтында (http://zan.gov.kz) жарияланған.

   Қазіргі уақытта ҮЕҰ дерекқоры веб-порталында (infonpo.kz) мәліметтерді ұсынудың жаңа нысанына сәйкестендіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, Сіздерді мәліметтерді веб-портал арқылы ағымдағы жылғы 15 қаңтардан бастап ұсынуды сұраймыз.

   Сондай-ақ Сіз толтырылған нысандарды (кестелер) қағаз түрінде ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне (010000, Астана қ., Мәңгілік Ел д., «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс) жолдай аласыз.

 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»                                        Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына сәйкес ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді 2018 жылғы 31 наурызға дейін ұсыну қажет екенін еске саламыз.

Сұрақтар болған жағдайда 8(7172) 74-04-20, 64-25-24 нөмірлері арқылы немесе support@infonpo.kz электрондық мекенжайы арқылы хабарласуға болады.

Жұмысыңызға сәттілік тілейміз!

05.02.2018