АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданында пробация қызметі бойынша жиналыс өтті

06.06.2018

Алатау ауданында пробация қызметі бойынша жиналыс өтті



19.05.2018

«Бент» көлі аумағында сенбілік өтті



09.05.2018

9 мамыр - Жеңіс күні!


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.04.2018

Алатау ауданында «Адал жол-Честный путь» марафоны жалғасуда

  Күні кеше 2018 жылдың 7 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- әрекет «Адал жол» марафон- акциясы аясында Алматы қаласының барлық аудандарында эстафетаны     бір- біріне табыстау рәсімі өткен болатын. Осы орайда, бастаған үлкен ісіміз жалғасын тауып, Алатау ауданы «Алатау» ДӨТ қара шаңырағында қайта жанданды.


     Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсеткен еді.


   Салтанатты мерекені Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Геннадий Данияров және Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлы сөзімен ашты. Одан соң, «Түркия» бірлестігінің басшысы Қазақбай Таштемірұлы, Нұр- Отан партиясы жанындағы Алатау аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- әрекеті жөніндегі төрайымы Әшен Сәуле Ахатқызы және Спорт Туризм академиясының студенті, Рухани жаңғыру мақаласы аясында Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасының тізіміне енген Есматов Серік және белсенді жастар «Жас Кадам» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Рахымжан Жазира Әзімханқызы, «Еріктілер лигасы» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Батыр Назарбек, «G 38» жастар бірлестігі көшбасшысының орынбасары Шыңғыс Ерсоветовтер сөз алып, өз замандастарын адал болуға шақырды.


     Кеш әсем әуенмен әуезделіп, мың бұралған бишілер биімен көркемделген концертке ұласты.


12.04.2018