АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар өкілдерімен жиналыс өтті

15.01.2019

Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар өкілдерімен жиналыс өтті



14.01.2019

Аудан әкімі Шахмерден Сыртбайұлы Рыспаев 2018 жылдың қортындысы бойынша халық алдында есеп берді



10.01.2019

Л. Гончаров атындағы Қазақ көлік академиясында салауатты өмір салтын насихаттау


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.04.2018

Алатау ауданында «Қазақстан Барысының» іріктеу турнирі өтті

    Ұлттық жекпе-жек спор­тының төресі – Қазақ күресі.  Белдесуде  күші басым түсіп, жеңіске жеткен пал­уандар халықтың төбесіне көтерер құрметті адамына айналған. Қазақ күресі – бүгінгі күнде өз өмірін спортпен байланыстыратын адамдар үшін әлеуметтік саты болып табылады.  Ұлттық күресті жаңа деңгейге көтеру қазақ елінің мәртебесі. Осы мақсатта елімізде жыл сайын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді.


   Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы және Алатау ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен аталмыш турнирдің іріктеу кезеңдері өткізілді. Бұл күні Алатау ауданының тұрғындары абсолюттік салмақ категориясы бойынша сынға түскен 10 күш иесінің өзара тартысын тамашалады. Жауырыны жерге тимеген ерекше күш иегерінің тамаша ойын тәсіліне тәнті болған жанкүйерлер палуандарға деген өз ризашылықтарын білдірумен болды. Турнир қорытындысы бойынша үздік өнерімен ерекше көзге түскен Насиев Елдар Қадырбекұлы – бірінші орынды жеңіп алып, «түйе палуан» атанды. Тиісінше екінші және үшінші орныдарға Жартыбаев Аманғали мен Бердіғали Мерей Серікұлы жайғасты. Жарыстың  жеңімпаздары дипломдар мен ақшалай сыйлыққа ие болды.


20.04.2018