2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Конституция күні мерекесі құтты болсын!

30.08.2020
Конституция күні мерекесі құтты болсын!


27.08.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Бескемпрұлы «Алтын және Күміс алқа» орден иегерлерін құттықтады.


26.08.2020
Көшпелі кездесу

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2019

Алатау ауданында Ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен пленум өтті.



Пленумға Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бижанов Асан, Аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев Мәжіліске әкімдік аппаратының басшылары, ықшамаудан ардагерлер алқасының төрағалары, өзін-өзі басқару коммитетінің төрағалары мен төрайымдары қатысты. Басқосуды аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Қабдолдин Құдайберген ашып жүргізді.

Бірінші болып мінбеге Құдайберген ақсақал шықты. Одан кейін 1. Нұрқасым Тоқмолдаев, Қарасыу ықшамауданының бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

2.Әшірбеков Сағымбек-Отансүйгіштік патрирттық коммисия төрағасы

3. Арйлым Жақыпова-№152 мектеп гимназиясының оқу тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары

4. «Nur Otan» жастар қанатының төрағасы Дәукен Ерғазин

5. Өжет ықшамауданының жергілікті өзін-өзі басқару коммитетінің төрағасы, Желтоқсан қозғаласының ардагері Дәлелхан Сұлтанов

6. № 169 мектеп гимназиясының оқу тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары Жаңылсын Абикаримовалар баяндама оқыды.

Елбасы биыл жастар жылы деп жариялауына орай, баяндамашылар көбіне жастар тақырыбында сөз сөйледі. «Тәрбие тал бесіктен» Бүгінгі жастарымыздың өмірде тұлға болып қалыптасуына отбасында алған тәрбиенің тікелей қатысы барын, ұлт болашағы бүгінгі қыз бала-ертеңгі ана «қыз» баласының бойына тектілікті дарыта білу қажет деген сияқты мысалдар мен дәйектер келтіріле отырып баяндады.


Пленум соңында бір ауыздан қаулы қабылданып, қорытындыланды. Ақсақалдар алқасының төрағасы Құдайберген Қабдолдин кезекті істер жөнінде сөз алды. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер хоры ән шырқап, жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

12.12.2019