АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар өкілдерімен жиналыс өтті

15.01.2019

Пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар өкілдерімен жиналыс өтті



14.01.2019

Аудан әкімі Шахмерден Сыртбайұлы Рыспаев 2018 жылдың қортындысы бойынша халық алдында есеп берді



10.01.2019

Л. Гончаров атындағы Қазақ көлік академиясында салауатты өмір салтын насихаттау


  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Алатау ауданының «Халық» спорт кешенінде мектеп оқушыларының арасында спорт жарысы өткізілді
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

В Алатауском районе прошла олимпиада по бегу 29.09.2014

Алатау ауданының «Халық» спорт кешенінде мектеп оқушыларының арасында спорт жарысы өткізілді

     Алатау ауданының «Халық» спорт кешенінде мектеп оқушыларының арасында спорт жарысы өткізілді. Бұл іс-шара Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қамқорлығымен өткізілді. Шараға аудан мектептерінің 7 сынып оқушылары қатысты.

     «Біз - салауатты өмір салты үшін» атты ұранмен өткізілген спорт шарасын Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Алатау ауданы әкімшілігі, Алатау ауданының аудандық білім бөлімі, «Қамқорлық» дағдарыс орталық мекемесі, №22 Қалалық емханамыздағы «Өрлеу» ЖДО, «Қамқорлық» дағдарыс орталығындағы «Youth Power» ЖДО ұйымдастырды. Ұйымдастырылып отырған спорт шарасында қыздар 800м, ер - жігіттер 1600м шақырымда жүгірді.

     Мұндағы ең басты мақсат - жеңіске жету емес, ең бастысы - бұқаралық шараға қатысып, мектеп оқушыларының спортқа деген қызығушылығын арттыру. Осы жүгіру спорттық-сауықтыру жарысына, қатысқандардың барлығы разы болып, өздеріне сергектік пен зор күш-қуат алды.

     Жарысқа қатысушылардың ептілігін арнайы жасақталған төрешілер анықтады. Жарыс соңында қатысушылар арасында жақсы көрсеткіш көрсетіп, жүгіру барысында жылдам болған оқушылар да анықталды. Қыздар арасында өзінің жылдамдығымен 1-орынды иеленген №154 ЖББМ оқушысы Мельник Надежда, 2-орын иегері №184 ЖББМ оқушысы Маннаникова Кристина, 3-орын иегері №14 ЖББМ оқушысы Бойченко Вера, ал ұлдар арасынан жақсы көрсеткішімен 1-орын иегері №82 ЖББМ оқушысы Урышжанов Рафаэль, 2-орын иегері №91 ЖББМ оқушысы Тусупбеков Шейхали, 3-орын иегері №184 ЖББМ оқушысы Қожабеков Бағдат марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді.

29.09.2014