АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кедергісіз келешек партиялық жобасы қайырымдылықтың белгісі

13.02.2018

Кедергісіз келешек партиялық жобасы - қайырымдылық белгісі



05.02.2018

ҚҰРМЕТТІ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ!



05.02.2018

Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы тұрғындармен 8-ші кездесуін «Ұлжан» ықшамауданында өткізді


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2018

Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы «Саялы» ықшамауданы тұрғындарына есеп берді

   Аудан әкімінің есеп беруінің желілік кестесі бойынша бүгін Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы «Саялы», «Көкқайнар», «Шаңырақ-5», «Рахат-Мәдениет», «Боралдай», «Трудовик» ықшамауданы тұрғындарының алдында 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Есеп беруге Алатау аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Алмасаев Мұқан Тұрашұлы, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенбай Қали Қошқарұлы қатысты.


  Алатау ауданы 2008 жылы құрылған, жалпы жер аумағы 10 495 гектарды құрайды және халық саны 230 мыңнан асады.

  Бүгінгі күні Алатау ауданында 176 өнеркәсіп жұмыс істейді, оның ішінде 2 ірі, 6 орта өнеркәсіптер, 4310 заңды тұлға және 22 345 жеке кәсіпкерлер тіркелген.

  Ауданда өнеркәсіп саласында 66 млрд. 767 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,6 пайызды құрады.


   Бүгінгі таңда ауданымыздағы 13 ықшамауданда ауыз су мен кәріз құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Олар: «Әйгерім-1,2», «Қарасу», «Ұлжан-1,2», «Дархан-Байбесік», «Шаңырақ-1,2», «Трудовик», «АЗТМ-Алғабас», «14 аумақ», «Ақбұлақ», «Өжет» және «Көк Қайнар» ықшамаудандары. Құбырлардың жалпы ұзындығы 381 шақырымды құрайды, оның ішінде ауыз су – 200, 7 шақырым, кәріз – 180,4 шақырым, бюджеттен бөлінген қаражат сомасы 16 млрд. 608 млн. теңгені құрайды.


 Сонымен қатар, жалпы аудан бойынша жолдардағы шұңқырларды жамап, түзеу жұмыстары толығымен жүргізілді.

 Алатау ауданы «Нұркент» ықшамауданында 600 орынға арналған жаңа мектеп, сондай-ақ, ауданда 4 жаңа балабақша салынуда. Олар: «Алғабас» ықшамауданында 120 орындық, «Теректі» ықшамауданында 120 орындық, «Нұркент» ықшамауданында 320 орындық, «Саялы» ықшамауданында 320 орындық балабақшалар, жалпы бөлінген қаражат сомасы 2 млрд., 781 млн. теңге.    

  Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында еліміздің мәдени-рухани дамуына, білімді, сауатты қоғамның жаңғыруына бағытталған 6 негізгі басым-бағытын айқындады.

   Өткен жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында аудан әкімдігі тарапынан жолданған 3 жоба бекітілген болатын. Олар: дат сәулетшісі Ян Гейлдің тұжырымдамасына сәйкес, «Алғабас» және «Ақбұлақ» ықшамаудандарында 2 жаяу жүргіншілер аймағы мен «Саялы» ықшамауданында 1 саябақ салынды. Аталған аймақтарға 6 балалар ойын алаңдары, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған 2 ойын 2 футбол және 2 баскетбол алаңдары салынып, аталған жобалар толық жүзеге асырылды.

   Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен «Рахат-Мәдениет» ықшамауданында 100 орынға арналған балабақшаның құрылысы басталды, «Алатау сити» тұрғын үй кешенінде 350 орындық балабақша салынуда.

   Аудан әкімінің есеп беруінен кейінгі сөзді Алатау ауданы ІІБ ЖПҚ басшысы полиция полковнигі Баймұратов Нархозы Орынтайұлы алып, қылмыстық істер бойынша есебімен таныстырды.

   Есеп берудің келесі бөлімінде «Сұрақ,жауап» бойынша тұрғындар сұрақ қойып, бөлім басшылары тарапынан жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

20.01.2018