АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент жолдауы талқылануда

18.10.2018

Президент жолдауы талқылануда



17.10.2018

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді



12.10.2018

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті


  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы «Алғабас», «Теректі» ықшамауданы тұрғындарына есеп берді
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2018

Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы «Алғабас», «Теректі» ықшамауданы тұрғындарына есеп берді

   Аудан әкімінің есеп беруінің желілік кестесі бойынша бүгін Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы «Алғабас», «Теректі» ықшамауданы тұрғындарының алдында 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Есеп беруге Алатау аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Алмасаев Мұқан Тұрашұлы қатысты.


     Алатау ауданы 2008 жылы құрылған, жалпы жер аумағы 10 495 гектарды құрайды және халық саны 230 мыңнан асады.

   Бүгінгі күні Алатау ауданында 176 өнеркәсіп жұмыс істейді, оның ішінде 2 ірі, 6 орта өнеркәсіптер, 4310 заңды тұлға және 22 345 жеке кәсіпкерлер тіркелген.

    Ауданда өнеркәсіп саласында 66 млрд. 767 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,6 пайызды құрады.

   Аудан әкімінің есеп беруінен кейінгі сөзді Алатау ауданы ІІБ ЖПҚ басшысының орынбасары полиция подполковнигі Сагимбаев Амангелді Орынбекұлы алып, қылмыстық істер бойынша есебімен таныстырды.

   Есеп берудің келесі бөлімінде «Сұрақ,жауап» бойынша тұрғындар тарапынан 19 сұрақ қойылып, бөлім басшылары тарапынан жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


24.01.2018