АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
9 мамыр  - Жеңіс күні!

09.05.2018

9 мамыр - Жеңіс күні!



05.05.2018

Батыр аналар «Күміс алқамен» марапатталды



01.05.2018

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2018

Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы Шаңырақ 1,2 ықшамауданы тұрғындарына есеп берді

 

   Аудан әкімінің есеп беруінің желілік кестесі бойынша бүгін Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы Шаңырақ 1,2 ықшамауданы тұрғындарының алдында 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Есеп беруге Алматы қаласы әкімінің орыбасары Дәрібаев Мұрат Амагелдіұлы, Алатау аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Алмасаев Мұқан Тұрашұлы, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенбай Қали Қошқарұлы қатысты. 


  Алатау ауданы 2008 жылы құрылған, жалпы жер аумағы 10 495 гектарды құрайды және халық саны 230 мыңнан асады.


  Бүгінгі күні Алатау ауданында 176 өнеркәсіп жұмыс істейді, оның ішінде 2 ірі, 6 орта өнеркәсіптер, 4310 заңды тұлға және 22 345 жеке кәсіпкерлер тіркелген.

  Ауданда өнеркәсіп саласында 66 млрд. 767 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,6 пайызды құрады.

   Ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 48 млрд. 253 млн. теңгені құрады.

   Бөлшек тауар айналымы 217 млрд.  256 млн. теңгені, көтерме тауар айналымы барлық қызмет түрі бойынша 453 млрд. 416 млн. теңгені құрап отыр.

 «Алматы қала жарық» мекемесімен «Шаңырақ-1» ықшамауданы Өтемісұлы көшесінің бойында Қарқара көшесінен БАК-қа дейін көше жарығын қосу жұмыстары жүргізілді.

    Көше жарығымен қамтамасыз ету мақсатында, «Шаңырақ-1» ықшамауданында ұзындығы 4,4 шақырым болатын 5 көшеге, «Шаңырақ-2» ықшамауданында ұзындығы 23,3 шақырым болатын 20 көшеге жобалық-сметалық құжаттама дайындау жұмыстары жүргізілуде.

   «Шаңырақ-1,2» ықшамаудандарында жалпы ұзындығы –5,2 шақырым болатын орталық газ құбырлары жүргізілді. Бөлінген қаражат – 77 млн. теңге.

    «Шаңырақ-1» ықшамауданының бір бөлігіне орталық ауыз су және кәріз жүйесін жүргізу мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Су құбырының ұзындығы – 11,6 шақырым, кәріз құбыры – 5,6 шақырым. Бөлінген қаражат – 1 млрд. 098 млн. теңге. Мердігер мекемелер: «Жилстрой-2004», «SAT Construction», «МАД» және «ТЧС Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.

    «Шанырак-2» ықшамауданына орталық ауыз су және кәріз жүйесін жүргізу мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Су құбырының ұзындығы – 56 шақырым, кәріз құбыры – 41,3 шақырым. Бөлінген қаражат – 3 млрд. 898 млн. теңге. Мердігер мекемелер: «Сигма», «Стройсервис-97», «Ақжол», «Ла Ривера» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.

  «Шаңырақ-1» ықшамауданында ұзындығы 11 шақырым, «Шаңырақ-2» ықшамауданында ұзындығы 24,4 шақырым болатын арық жүйелерін салу мақсатында жоба-сметалық құжаттамалар дайындауға Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына тапсырыс берілді.

  Аудан әкімінің есеп беруінен кейінгі сөзді Алатау ауданы ІІБ ЖПҚ басшысы полиция полковнигі Баймұратов Нархозы Орынтайұлы алып, қылмыстық істер бойынша есебімен таныстырды. Шаңырақ 1,2 жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерін жеке орындарынан тұрғызып, атқарып жатқан істеріне баға берді. әкім тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.


 Есеп берудің келесі бөлімінде «Сұрақ,жауап» бойынша тұрғындар тарапынан 18 сұрақ қойылып, бөлім басшылары тарапынан жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сұрақтардың дені көшелерді жарықтандыру мәселесіне қатысты болды.


17.01.2018