АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ауданның құрылғанына 10 жыл толуына орай әлеуметтік қызметкерлер арасында боулингтен жарыс өтті

24.09.2018

Ауданның құрылғанына 10 жыл толуына орай әлеуметтік қызметкерлер арасында боулингтен жарыс өтті



24.09.2018
Аудан көшелеріне жолды тегістеу жұмыстары жүргізілді


24.09.2018

№178 лицейде Алатау ауданының 10 жылдық мерейтойына арналған мектеп оқушылары арасындағы роботехника байқауы өтті


  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Алатау ауданында білім саласының 2017 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есеп беру кездесуі өтті
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.03.2018

Алатау ауданында білім саласының 2017 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есеп беру кездесуі өтті

    Аудан бойынша білім саласының 2017 жылы атқарған жұмыстары мен жетістіктерін және 2018 жылға қойылған мақсаттар мен міндеттерін талқылау үшін жиналыс өтті.

     Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлы, Алатау ауданының бас дәрігері Мазбаева Алия Муратовна, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейдуалиев Вахит Калиевич, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Сагимов Амангелды Орынбекович, аудандық білім бөлімінің басшысы Байгуттинов Серикжан Кадралинович және 25 жалпы білім беретін мектептің директорлары мен 16 мемлекеттік балабақшалардың меңгерушілері қатысты.


     Қазіргі таңда Алатау ауданында 27 білім беру мекемесі жұмыс істеуде, оның ішінде 25 мемлекеттік мектепте 39 007 оқушы және 2 жеке меншік мектепте 302 оқушы, жалпы 39 309 оқушы білім алуда.

     Мектептерде жалпы 2915 мұғалім қызмет етуде. Оның ішінде 748 мұғалім жоғары санатты, 615 мұғалім I санатты, 786 мұғалім II санатты және санатсыз мұғалімдер саны - 766.

     Сондай-ақ, бүгінгі таңда, ауданда 16 мемлекеттік балабақша және 76 жеке меншік балабақша жұмыс істейді.


     16 мемлекеттік балабақшада 4000 бала және 76 жеке меншік балабақшаларда 3839 бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік балабақшаларға 13 725 бала кезекте тұр. Мемлекеттік балабақшаларда 404 қызметші қызмет етеді.

   Алғашқы сөзді аудандық білім бөлімінің басшысы Байгуттинов Серикжан Кадралинович алып, 2017 жылғы атқарылған жұмыстардың есебін баяндады. Содан соң, мектеп директорлары арасында оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мәселесі талқыланды.


1 сағатқа созылған жиын соңында аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы 2018 жылға арналған жоспар бойынша тапсырмалар берді.

03.03.2018