АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Мектепке жол» акциясы өз бастауын алды

06.08.2018

«Мектепке жол» акциясы өз бастауын алды



06.07.2018

Елордасы Астанаға 20 жыл!



04.07.2018

Алатау ауданына 10 жыл!


  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы 2017 жылдың қортындысы бойынша халық алдында есеп берді
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

15.01.2018

Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы 2017 жылдың қортындысы бойынша халық алдында есеп берді

   Жыл сайынғы үрдіске сәйкес аудан әкімдерінің халық алдында есеп беру жиыны басталды. Алатау ауданының әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы 2017 жылдың қортындысы бойынша халық алдында есеп берді. Аудан әкімінің арнайы дайындалған желілік кестесі бойынша есеп беру Айгерім ықшамауданынан басталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 11-де басталған жиналысқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары Дәрібаев Мұрат Амангелдіұлы.


  Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Ш.Рыспаев 2017 жылдың қортындысын айта келіп, есеп беру «Әйгерім-1,2», «13,14 аумақ» ықшамаудандарының тұрғындарының қатысуымен болғандықтан, аталған ықшамаудандарда атқарылған жұмыстарға нақты тоқталып өтті.

  «13-аумақ» ықшамауданындағы Райымбек даңғылы № 383, 383/2, Кисловодский көшесі, 35 мекен-жайындағы тұрғын үйлердің аулаларында 2 балалар ойын алаңдары салынып, аумағына көріктендіру жұмыстары жүргізілді.


   Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында Райымбек даңғылы 347 Втұрғын үйдің сыртқы келбетіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 Электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін, «Әйгерім-1,2», «Шаңырақ-1,2» ықшамаудандарында ұзындығы 20,6 шақырым электр желісі жүргізіліп, 850 электр бағанасы орнатылды, 10 трансформаторлық қондырғыға қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға 134 млн. 630 мың теңге бөлінді.


   Сонымен қатар, ұзындығы 25 606 метрді құрайтын 35 көшеге көше жарығын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалды.

    Ұзындығы 31 114 метрді құрайтын арық жүйелерін салуға жобалау-сметалық құжаттамалар дайындауға Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына тапсырыс берілді.

   «Әйгерім-1,2» ықшамаудандарын толықтай ауыз су және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалау жұмыстары жасалып, осы жобаға сәйкес, мердігер мекемелермен 1,2,3-ші кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ауыз су құбырларының жалпы ұзындығы – 22,8 шақырым, кәріз жүйесі – 14,4 шақырым. Аталған жұмыстарға – 1 млрд. 212 млн. теңге қаражат бөлінді. Мердігер мекемелер «Комстроймонтаж» және «Жилстрой-2004» ЖШС.


   «Әйгерім-1,2» ықшамаудандарында жалпы ұзындығы – 1 шақырым болатын орталық газ құбырлары жүргізілді. Бөлінген қаражат – 15 млн. теңге. Мердігер мекеме «СИГМА» ЖШС.

 «АЖК» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасына сәйкес, тұрғындарды сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтау, ескірген тораптардың жіберілім мүмкіндігін ұлғайту, электр энергиясының сапасын жақсарту мақсатында, «13-14 аумақтарда» ұзындығы 11,8 шақырым болатын электр желілеріне «IBA Констракшн» және «Милон» серіктестіктерімен қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде.

  Райымбек даңғылы бойындағы «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлерге 188 млн. 048 мың теңге ұзындығы 2,6 шақырым электр желісі жүргізіліп, 2 трансформаторлық қондырғы орнатылды.


   «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасына сәйкес, Райымбек даңғылы бойында 9 қабатты 1 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, осы аумақта 9 қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші «Алматы қаласы күрделі құрылыс кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  «14 аумақ» ықшамауданына (Райымбек даңғылының солтүстігі) орталық ауыз су және кәріз жүйесін жүргізу үшін, – 1 млрд. 100 млн. теңгеге Мердігер мекеме «Керегетас Компани» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Су құбырының ұзындығы – 8,6 шақырым, кәріз құбыры – 6,4 шақырым.

   Сонымен бірге, «13-14 аумақ» ықшамаудандарында ұзындығы 12 805 метрді құрайтын арық жүйелерін салуға жобалау-сметалық құжаттамалар дайындау мақсатында, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына тапсырыс берілді.

   Әкімнің есеп беруінен кейін Алатау ауданы ІІБ ЖПҚ басшысы полиция полковнигі Баймұратов Нарқозы Орынтайұлы қылмыстық істер бойынша есеп берді.

   Сөз соңында 2018 жылға арналған жоспармен таныстырды. Есеп берудің желілік кестесі бойынша келесі есеп беру Шаңырақ 1,2 ықшамауданында №169 ЖББ мектепте 1100-де басталады.


15.01.2018