АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Елордасы Астанаға 20 жыл!

06.07.2018

Елордасы Астанаға 20 жыл!



04.07.2018

Алатау ауданына 10 жыл!



25.06.2018

Алматыда «Ұлы Дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдениет фестивалі өтті


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.11.2017

Алатау ауданында қарттар айлығының қортындысы талқыланған жиналыс өтті

  Қараша айының 2 жұлдызында Алатау ауданы ақсақалдар кеңесі қарттар айлығын қортындылау мақсатында жиналыс өткізді. Жиналысты Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Қабдолдин ашып айлық барысында өткізілген іс-шаралармен таныстырды.


   2 қазан күні №154 орта білім беретін мектеп ұжымы, қарттар айлығы аясында Алғабас ықшам ауданының 27 ардегеріне концерт қойды. 4 қазан күні жеңіл атлетикадан аудан ардагерлері арасында жарыс өтті: 200 метрге жүгіру ерлер арасында 70 жасқа дейін, 70 жастан жоғарылар арасында.100 метрге жүгіру әйелдер арасында 70 жасқа дейіңгілер, 70 жастан жоғарылар арасында.6 қазан күні №23 ауырухана Ұлжан ықшам ауданындағы 27 соғыс ардагерлерімен тыл еңбеккерлерінің үйлерін аралап, си – сияпат көрсетіп, білікті дәрігерлер емдеу шараларын жүргізді. 6 қазан 2017 жылда түстен кейін 16:00 сағатқа №14 ауырухана ұжымы Әйгерім ықшам ауданы ардагерлерімен зейнеткерлерін шақырып қарттар айлығы арасында 30 адамға си – сияпат көрсетті концерт қойып, дастархан жайып, көңіл күйлерін көтерді. Ардагерлер өз тарапынан рахмет айтты жылы лебіздерін білдірді. 11 қазан күні шахмат – дойбыдан жарыс №156 мектепте өтті. Жарысты өзін – өзі басқару комитеті мен бастауыш ардагер ұйымдары өте жақсы ұйымдастырған.Шахмат – дойбыдан жеңген 12 адамға және қосымша 2 адамға силық жасады. 12 қазан күні Қарттар айлығына байланысты “Қарттарым асыл қазынам” атты мерекелік іс – шараны “НұрОтан” партиясы өткізді. “Алатау дәстүрлі өнер театрында” 1000 зейнеткерге арнап 2 сағаттық концерт көрсетілді. 12 белсенді ардагерлер алғыс хатпен марапатталды.13 қазан күні “Домиллион” сауда үйінде бильярдтан жарыс өтті. Жарысқа 12 – ықшам ауданынан 30 – 35 адам қатнасты.30 қазан күні аудандағы 18 елдімекендегі бастауыш ардагерлер ұйымдарының көркем өнерпаздарының байқауы өтті.


    Осылайша ардагерлер кеңесі барлық өткен іс-шараны баяндап, айлықтың нүктесін қойды.

               

02.11.2017