АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Көріктендіру бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар

12.02.2019

Көріктендіру бөлімі бойынша атқарылған жұмыстар



11.02.2019

ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕЛГІЛЕНІП, ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ



30.01.2019

Жер мәселесіне қатысты семинар өтті


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.06.2018

Алатау ауданында пробация қызметі бойынша жиналыс өтті

     Алатау ауданы әкімі аппаратының ғимаратында 6 маусым күні пробация қызметінің есебінде тұрған яғни сотты болған азаматтармен жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету және оларды жұмыспен қамту мәселелерін қарастыру.


     Жиналысқа Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлы, Алатау ауданы прокуратурасының өкілдері Акынбеков Берік Амзеевич, Абиров Мақсат Ержанұлы, пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары Оспан Жасұлан Өмірзақұлы, «Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының» өкілі Жекетаев Керімқұл Әміреқұлұлы, Алатау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тұрысбеков Дүйсенқожа Елшібекұлы және мердігер мекеме өкілдері, пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.


    Жиналыс барысында жұмысқа тұру жолдары түсіндіріліп, сотталған азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап пен кеңес берілді.


06.06.2018