АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Мектепке жол» акциясы өз бастауын алды

06.08.2018

«Мектепке жол» акциясы өз бастауын алды



06.07.2018

Елордасы Астанаға 20 жыл!



04.07.2018

Алатау ауданына 10 жыл!


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.06.2018

Алатау ауданында пробация қызметі бойынша жиналыс өтті

     Алатау ауданы әкімі аппаратының ғимаратында 6 маусым күні пробация қызметінің есебінде тұрған яғни сотты болған азаматтармен жиналыс өтті. Жиналыстың мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету және оларды жұмыспен қамту мәселелерін қарастыру.


     Жиналысқа Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлы, Алатау ауданы прокуратурасының өкілдері Акынбеков Берік Амзеевич, Абиров Мақсат Ержанұлы, пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары Оспан Жасұлан Өмірзақұлы, «Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының» өкілі Жекетаев Керімқұл Әміреқұлұлы, Алатау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тұрысбеков Дүйсенқожа Елшібекұлы және мердігер мекеме өкілдері, пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.


    Жиналыс барысында жұмысқа тұру жолдары түсіндіріліп, сотталған азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап пен кеңес берілді.


06.06.2018