2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
31 Мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31.05.2020
31 Мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні


28.05.2020
Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының өкілімен бірге аудан аумағында ағаш отырғызу мәселесі талқыланды.


22.05.2020
Судағы қауіпсіздік бәрінен жоғары

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.09.2015

Алатау ауданы аумағында «Отбасы» күні мерекесі қарсаңында көптеген шаралар өтуде

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының әрбір екінші жексенбісі Отбасы күні болып аталып өтіледі. Аталған мереке қарсаңында Алатау ауданының аумағында бекітілген жоспар негізінде келесідей іс-шаралар атқарылды:

Аудандық АХАТ бөлімімен бірге «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында жанұя құрып жатқан екі отбасының салтанатты түрде заңды некесін қию іс-шарасы ұйымдастырылып, жастарға аудан әкімшілігінің атынан себеттер сыйға тартылды.

Аудандағы 25 жалпы білім беретін мектептерде «Отбасы күніне» орай, Менің отбасым – менің тірегім!, Алтын ұя – отбасым! тақырыптарында ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Сонымен қатар, аудандағы жақын мектептердің арасында «Толағай» спорттық сайысынан жарыстар ұйымдастырылды.

2015 жылғы 12 қыркүйек күні аудандағы №14, №22, №23, №25 қалалық емханаларда Отбасы күніне орай аудан аумағында тұратын зейнеткерлер мен ардагерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шара барысында ауданның 133 тұрғынына медициналық тегін тексеру жұмыстары жүргізілді.

Сондай ақ, Алатау сауда орталығында аптаның әр сенбі жексенбісінде ұйымдастырылған жәрмеңкені атап өтпеуге болмас. Мұнда аудан тұрғындары нарықтағы бағадан 10-15 пайыз жеңілдікпен ауыл-шаруашылық өнімдерін алуға мүмкіндік туды.

14.09.2015