АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Елордасы Астанаға 20 жыл!

06.07.2018

Елордасы Астанаға 20 жыл!



04.07.2018

Алатау ауданына 10 жыл!



25.06.2018

Алматыда «Ұлы Дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдениет фестивалі өтті


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.06.2018

Алматыда «Ұлы Дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдениет фестивалі өтті

Алатау ауданы, «Боралдай сақ қорғандары»археологиялық саябағында «Ұлы Дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдениет фестивалі өтті. Биыл фестиваль Астанамыздың 20 жылдық мерейтойына арналып, Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.Ауылдың ортасында ақ шатырлы дөңгелек сахна орналастырылып, 120 орындық көрермендер алаңында көшпенділер әлемінен сыр шертетін сахналық қойылым көрсетілді. Сахналық алаңның оң жақ беткейінде шеберлер алаңы орналасқан, сол жағында бәйге ипподромдары орналасты. Сахнаның ту сыртынан ары қарай шағын ауылдар жалғасады. Құсбегі-саятшылар ауылы, ұсталар ауылы, асау үйрету алаңы, қымызшылар ауылы, ұлттық тағамдар мүйісі,батырлар ауылы.Ауылдың ішіне қатарынан 31 киіз үй тігілді. Ұлттық киім киген қыз-жігіттер фестиваль көрермендері мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

   Фестивальге Мажарстан Республикасының делегациясы. Мадиярлық спортшылар мен этно музыканттар, Башқұртстан Республикасынан көшпенділердің ұлттық ойындарын қайта жандандыруға үлес қосып жүрген халықаралық деңгейдегі садақшы Юлай Галиуллин, Украина мемлекетінің делегациясы. Садақ атудан әлем чемпиондары Денис Зиборов, Владимир Гринев, таулы Алтайдан келген этно музыкант күміс көмей әнші Ирина Кензина, Қырғыз бауырларымыз, Бурятия елінен келген делегация,Тыва елінің спортшылары мен өнер тарландары, Қалмық Республикасының делегациясы, Дағыстан елі, Саха Республикасының құралайды көзге атқан мергендері мен он саусағынан өнер тамған ұста-шеберлер, Монғолия елінің деллегациясы құрметті қонағымыз болды.

25.06.2018