АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент жолдауы талқылануда

18.10.2018

Президент жолдауы талқылануда



17.10.2018

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді



12.10.2018

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті


  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Алатау ауданы әкімінің аппаратында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбындағы құқықтық білім беру семинары өтті
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.01.2018

Алатау ауданы әкімінің аппаратында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбындағы құқықтық білім беру семинары өтті

   Сәрсенбінің сәтті күні аппарат қызметкерлері үшін үлкен жиналыспен басталды. Әдеттегідей жиналыс емес «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі»тақырыбындағы құқықтық білім беру семинары. Таңғы сағат 9:00-де басталған жиналысқа аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы, әкімнің орынбасарлары, бөлім басшылары және мамандар қатысты. Семинардың мақсаты «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін» аппарат қызметкерлеріне толығымен түсіндіріп, талқылау.


     Семинар барасында мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы Асанбаев Дамир баяндамасымен бөлісті. Ол өзінің мазмұнды баяндамасында мемлекеттік қызметшілердің әріптестерімен қарым-қатынасын, басшылардың қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынасын, төмен тұрған лауазымдарды атқаратын қызметшілер және мемлекеттік қызметшінің жұмыс уақытысынан тыс кездегі қағидаларын заң шеңберінде ерекше атап өтті.


   Баяндама соңында қызметкерлерге «Әдеп кодексін» сақтау қатаң ескертілді.

31.01.2018