АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
         Ата-аналар, балаларды терезеден құлап кетуден сақтаңыздар!

19.08.2019
Ата-аналар, балаларды терезеден құлап кетуден сақтаңыздар!


14.08.2019
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ


14.08.2019
Аудан бойынша мобильді топ жұмыс жасауда

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.06.2019


Екі күнге созылған аталмыш фестивальде бүркітшілер, шабндоздар, көкпаршылар, батырлардың жекпе-жегі, түрлі ұлттық ойындардан сайыстар өтіп, жиналғандар ұлттық тағамдардан дәм татты. Шара барысында жиналған жұртқа тегін бауырсақтармен сусындар үлестірілді. Фестивальде этномузыканттар мен қол өнер шеберлері де өз өнерлерін ортаға салды. Түркі тілдес халықтың көнеден келе жатқан ұлттық киім-кешек, сауыт-сайман және ыдыс-аяқ үлгілері көпшілік назарына ұсынылды.


«Этномәдениет фестивалінің басты мақсаты – көшпелі халықтың ерте тарихын жаңғырту, кейінгі ұрпаққа әр ұлттық өзара ұқсастығын түсіндіру» Аталмыш шараға жиналған халықтаың санында шек болмады,. Еңкейген қариядан –еңбектеген балаға дейін осында келіпті.


Қатар-қатар тігілген киіз үйлер, екі иығына екі арлан мінгендей еңгезердей батырды да осы тойда көрдік. Ұлттық киім киген қыз-келіншектер, ошақта жанып жатқан от, қазанда қайнаған ас.-Осының бәрі байырғы түркітілдес халықтың тұрмыс тіршілгінен сыр шертіп тұрғандай. Осылайша «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» қазақтар мен түркі халықтарының бай мұрасымен кеңінен танысуға мол мүмкіндік береді.


11.06.2019