АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Алатау ауданының жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге арнайы мерекелік дастархан ұйымдастырылды
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

В честь Дня пожилого человека даны праздничные обеды 15.10.2014

Алатау ауданының жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге арнайы мерекелік дастархан ұйымдастырылды

     Қарттарын қадір тұтқан, еңбек пен ерлікке бас иген елміз. Еліміздің егемендігі жолында соғыс, еңбек, тыл ардагерлерінің қосқан үлесі ұшан-теңіз. Үлкендерге құрмет көрсету қазақ атамыздың ежелден келе жатқан бұлжымас қағидасы. Осыны есте сақтап, 2014 жылдың 15 қазанында, «Алматы» кафесінде Алатау ауданы әкім аппараты «Қарттар мен мүгедектер айы» мерекесіне орай, Алатау ауданының жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге арнайы мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

     Қонақтарды Алатау ауданының әкімінің орынбасары Маржан Балбаева мен Алатау ауданының Ардагерлер Кеңесінің төрайымы Құдайберген Қабдолдин құттықтады. Олар қарттарға өздерінің ізгі тілегін білдіре отырып, мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі ардагерлер мен зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету екенін атап кетті. «Құрметті Ардагерлер! Сіздердің арқаларыңызда, бүгінгі ұрпақ Ұлы Отан соғысының Жеңісіне қол жеткізіп, сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз тыныш өмір сүруде. Сіздер қан майдан барысында: от пен оқты кешіп, сағыныш пен мұң, қайғы мен қуанышты қатар өткізіп, тек қана Отан үшін алға!- деген ұранмен жеңіске қол жеткіздіңіздер. Сіздердің әрқашан жақсылықтан үміт үзбей, болашақ үшін күрескендіктеріңіз, бізге үлгі-өнеге. Сіздерге және сіздердің отбастарыңыз бен жақындарыңызға шын жүректен зор денсаулық, қажымас күш-қайрат тілейміз!», - деп жиналған барша қарттарға ізгі тілектерін білдірді..

     Шараны ұйымдастырушылар кафе әкімшілігіне алғыстарын білдіріп, олардың еңбектеріне табыс тіледі. Қариялар өз кезегінде, Алатау ауданы әкім аппараты мен аудандық Ардагерлер Кеңесінің атына өз ризашылықтарын білдірді.

     Арнайы шақырылған қонақтар үшін, концерттік бағдарлама дайындалып, әсем әуенге ардагерлер көңілді би биледі. Бұған қоса, орындалған әуендердің ішіндегі өздерінің сүйікті әндерін қосыла шырқап шырқады.

     Жалпы Алатау ауданы бойынша 118 жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіндегі 19 әлеуметтік қызметкер үйде әлеуметтік қызмет көрсетеді.

     Жетпіс деген белесті артқа тастап ғұмыр кешіп жатқан Алатау ауданының қарт тұрғындарының жастары ұзақ болсын дейміз.

15.10.2014