2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы құтқарушыларында қонақта

27.01.2020
Алматы құтқарушыларында қонақта


27.01.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы халық алдындағы есебін берді.


25.01.2020
«Қарағай орманы» атты экоакциясы өтуде.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.12.2019

Алатау аудан әкімдігінің мәжіліс залында латын әліпбиіне көшу жөнінде жиын өтті.



Басқосуды Тіл оқыту орталығының маманы Шәймерденов Нұрмыха ашып жүргізді. Латын графикасын қолданысқа енгізу жөнінде көптеген мысалдар келтіре отырып түсіндірді. 2018 жылы №697 Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бекітілген болатын

Бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді.  Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.

Латын әліпбиін пайдалану Түркия, Әзірбaйжан, Өзбeкстан, Түркімeнстан сияқты мемлекеттердің тәжірибесінен сәтті өткен. Дүниежүзілік ақпаратта латын әліпбиінің oрны үлкeн. Сондықтан латын әліпбиінe көшу мәсeлесі кезек күттірмейтін міндет. Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мeмлекеттеріне қарай аpаб, латын, кирилица таңбалaрына негізделгeн әліпбиді қолдануда. Осы тұрғыдан келгeнде оpтақ әліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін түсінісуіне oң ықпал тигізетіні анық деді- тіл оқыту орталығының маманы.

Жиынға ауда мектептерінің ұстаздары, аппарат қызметкерлері қатысты.

06.12.2019