АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Менің ауламдағы спорт

12.11.2018

Менің ауламдағы спорт



09.11.2018

Ақсақалдар кеңесінің президиумы



08.11.2018

Жаңа жол салу құрылысы басталды


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2018

Аудан әкімінің қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті

    Тазалық – денсаулық кепілі. Қоршаған ортаның ластануы тұрғындардың денсаулығына кері әсер ететіні белгілі. Тұрғылықты жерді таза ұстау - әр азаматтың міндеті.Осы жайттарды ескерген Алатау әкімі аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен   қазан айының 20 жұлдызында жалпықалалық   сенбілік өтті. Оның ішінде мектеп, аурухана, балабақша қызметкерлері өз аумақтарын тазартып, еңбек етуінің арқасында аудан көшелерінің шырайына шырай қосыла түсті.Таңертенгі 9-дан басталған сенбілікте өз аумақтарын қоқыс қалдықтарынан тазартқан тұрғындар ауданымыздың гүлденуіне бір кісідей атсалысты. Жалпы қалалық сенбілік басталысымен ықшамаудандарда қарқынды түрде тазалық жұмыстары жүргізілді. Ірі мекемелердің алаңдары тазартылып, арықтардағы жиналып қалған қоқыстарға дейін сырқа шығарылды.

   Аталған сенбілікке 18 450 адам және 91 техника қатысып, 14 000 м болатын арық жүйесі тазаланды. Шығарылған қоқыс көлемі 2200 текше метр.

     Сонымен қатар, «Саялы» шағын ауданы саябағында аудан әкімі Шахмерден Сыртбайұлы Рыспаев және аудандағы мекеме басшылары 108 дана көшет отырғызды.

20.10.2018