АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.09.2019

Ауданда дәстүрлі мереке өтті.


 

Қазақ халқы ежелден мал бағып, сол малдың ет, сүтін азық еткен. Сол сияқты қымыздың тарихы тереңде жатыр. Үйір-үйір жылқы баққан қазақтың мінезінде де қасиеттілік бар. Бүгінгі мереке Ұлттық сусынымызды насихаттап, қадірлеп қастерлеп, кеінгі ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Зерделі ықшамауданында «Қымыз және бауырсақ Fes » атты фестиваль өтті.


Қасиетті жануар жылқы малының сүтінен өндірілетін қымыз сусыны бүгінде брэндке айналды. Алыс жақын шет-елдер қымыздың құдіретіне бас июде.

Ауқымды мекрекені Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымының орталық кеңесі, төрағаның бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев сөз сөйлеп ашып берді. –«Қымыздың тарихына тоқталсақ, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық өмірлері еске түседі. Жазы жайлауда, қысы қыстақта көшіп-қонып, мал шаруашылығын дамытқан аталарымыз осы қымыздың мол пайдасымен қасиетіне жетті. Жылқы байлап, қымыз ішетін науқан басталғанда көрші-қолаңды шақырып «Қымызмұрындық» береді»-деп, аталмыш дәстүрді түсіндіріп берді.


    Мерекеде ұлттық сусын түрлерінен сайыс өтті. Концерттік бағдарламада «Алатау» дәстүрлі өнер театырының ұжымы және аудандық Ақсақалдар ансамбілі өнер көрсетті. Спорт түрлерінен сайыстар, қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған мерекені қорытындылай келе бір- неше номинация «Ең дәмді қымыз», «Ең жақсы қымыз ұсыну тәсілі», «Бауырсақтың алуан түрлілігі», «Ең дәмді бауырсақ», «Ең жақсы безендірілген қазақ үй», «Ең сәнді ұлттық киім», «Ең үздік қолөнер шебері», «Ең үздік қолөнер бұйымы» бойынша жеңімпаздарға аудан әкімдігі тарапынан бағалы сыйлықтар үлестірілді.

30.09.2019