
09.09.2019
Ауданда Медициналық сақтандыру жөнінде басқосу өтті.

Аудан әкімідігінің мәжіліс залында аудан аппаратының қызметкерлері жиналды. Жиын барысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласы филиалының Бас сарапшысы Түйімбай Пернебаев аталмыш тақырып жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. Медициналық сақтандыру 2020 жылдың қаңтар айынан жүзеге аспақ, тегін берілетін қызмет түрілері, басқа да денсаулық сақтау саласына мол мағұлмат осы басқосуда берілді. Жиналысты аудан басшысының орынбасары Саят Ағыбаев ашып жүргізді. Басқосуға қатысқандар аталмыш тақырып бойынша маманға өз сұрақтарын қойып, жауап алып тарқасты.