АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Дене белсенділігі»

07.12.2017

«Дене белсенділігі»



06.12.2017

Өз денсаулығың өзіңнің қолыңда



05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді


Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2017

Алатау ауданы әкімінің Ұлжан 1 ықшамауданы тұрғындарымен кездесуі өтті

 

  2017 жылдың 20 қыркүйегінде Алатау ауданы әкімі Ш.С.Рыспаев Ұлжан 1 ықшамауданының тұрғындарының көкейтесті мәселелері бойынша жиын өткізді.

   Аудан әкіміне тұрғындар тарапынан 50-ге жуық адам өздерінің ұсыныстары мен өтініштерін айта келді. Сонымен қатар ықшамаудан тұрғындарының мәселелерін шешуге Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық және Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының жауапты мамандары және Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Ішкі істер басқармасы, Білім және денсаулық сақтау бөлімдері, аудандық ардагерлер кеңесі қатысты.

   Тұрғындардың көтерген басты мәселелері ықшамауданда жүргізіліп жатқан су және кәріз жүйесі жобасына енбей қалған үйлер, сонымен қатар қоғамдық көлік, көшелерге асфальт, жарық жүргізу мәселелері. Аудан әкімі және жиынға қатысқан жауапты басқармалар өз кезегінде көтерілген сұрақтар бойынша түсініктеме берді.


20.09.2017