АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді

05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді



04.12.2017

Әйелдер үшін зейнетақы жасының өзгеруі



30.11.2017

Ауданымыздағы шығыс жекпе-жегі спортының2016-2017 жылдардағы жетістігі


  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Алатау ауданы әкімі жанындағы туберкулез, жұқпалы аурулар, ЖИТС, АҚТЖ аурулары, маскүнемділік, нашақорлыққа қарсы күрес және олардың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.09.2017

Алатау ауданы әкімі жанындағы туберкулез, жұқпалы аурулар, ЖИТС, АҚТЖ аурулары, маскүнемділік, нашақорлыққа қарсы күрес және олардың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

     

     29 қыркүйек күні сағат 11-де Алатау ауданы әкімі аппаратында Алатау ауданы әкімі жанындағы туберкулез, жұқпалы аурулар, ЖИТС, АҚТЖ аурулары, маскүнемділік, нашақорлыққа қарсы күрес және олардың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Кеңестің мақсаты аудан көлемінде туберкулез және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу және онымен күресу мақсатында алдағы әрекеттерді жүйелеп алу.     
     Кеңес барысыныда туберкулез ауруына тосқауыл қойып, бұл қауіпті кеселдің алдын алу шаралары талқыланды. 100 мың адамға шаққанда туберкулез ауруымен ауыратындар туралы ауданда 2013 жылы – 80,2 көрсеткіш, 2014 жылы – 69,5 көрсеткіш, 2015 жылы - 66,1 көрсеткішті құрап отыр. Туберкулез ауруымен ауыратындардың көрсеткіші жыл сайын төмендегенімен қалалық көрсеткішпен салыстырмалы түрде алғанда өте жоғары. Бұған себеп аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайының төмен екендігін баса айтқан дұрыс. Бүгінгі отырысқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары – Бекоева Илона Руслановна, Алатау ауданы бас дәрігерінің міндетін атқарушы – Жолмагамбетова Бақыт Жалғасбаевна, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Алмагамбетов Патшагул Онгарбаевна, аудандық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары – Сагимбаев Амангелды Орынбекович, Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің меңгерушісі – Момынкулова Жазира Байболатовна, Алматы қаласы бойынша «ЖҚТБ-ның алдын алу және күресі орталығының» дәрігер эпидемиологі – Анықпай Ұлпан Анықпайқызы, Алматы қалалық наркологиялық орталықтың дәрігер наркологі – Андреева Ирина Александровна, сондай-ақ аудандағы қалалық емханалардың бас дәрігерлері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары қатысты. Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары - Бекоева Илона Руслановна «Алатау ауданындағы 2017 жылғы 8 айдағы туберкулез, дермотомикоз және битшеңдік аруы және алдын алу, кемшіліктері, індетке қарсы өткізілетін іс-шаралар туралы», Алатау аудандық ҚДСБ санитарлық – гигеналық қадағалау бөлімінің басшысы - Ахан Сауле Аханқызы «2017 жылы мектеп жанындағы ұйымдастырылған жазғы сауықтыру лагерлерінде өткізілген іс – шаралар», Аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің меңгерушісі – Момынкулова Жазира Байболатовна «2015 жылы Алатау ауданы тұрғындарына туберкулезге қарсы көмек көрсетуді ұйымдастыру мен жүргізу туралы», Алатау ауданының бас дәрігерінің міндетін атқарушы – Жолмағамбетова Бақыт Жалғасбайқызы «Аудан бойынша онкологиялық аурулардың қазіргі жағдайы» атты баяндамаларымен көпшілікпен бөлісті.


29.09.2017