АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

16.11.2017
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды


02.11.2017

Алатау ауданында қарттар айлығының қортындысы талқыланған жиналыс өтті



30.10.2017

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді


Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ


Өзара ынтымақтастық туралы

МЕМОРАНДУМ

 

28 маусым 2016 жыл                                                  Алматы қаласы

 

 

Алматы қаласы Алатау аудандық соты атынан сот төрағасы Д.Н. Тлеубаев және Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің атынан әкім Б.С.Манзоров, әрі қарай «Тараптар» деп аталатындар, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын  басшылыққа ала отырып, өздерінің құзыреттерінің шеңберінде, төмендегілер туралы осы Меморандумға қол қойды:

 

1 - бап

 

Меморандумның мақсаты дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді енгізу, сот өндірісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану саласындағы өзара ынтымақтастық, алқабилерге кандидаттардың тiзiмдерiн қалыптастыру мәселелері  бойынша өзара іс-қимылды нығайту болып табылады.

 

2 - бап

 

 

Тараптар төмендегі негізгі бағыттар бойынша бірлесіп қызмет етеді:

 

1)                   дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын белсенді енгізу және жан-жақты дамыту бойынша өзара іс-қимыл жасау:

 

- халық арасында дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- бітімгершілік рәсімдерін қолданудың артықшылықтары туралы халық арасында түсіндіру бойынша мобильді топтар  құру;

- отставкадағы судьяларды тарта отырып, медиация кабинеттерін ашу;

- Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп,  медиацияның рөлін өзектендіру;

- дауларды шешудің баламалы түрлерінің артықшылықтары, іс-жүзіндегі пайдасы туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет-ресурстарда жариялау;

- туындайтын түйткілді мәселелерді кейіннен реттеу үшін дауларды шешу тәжірибесі туралы мәліметтер мен бітімгершілік рәсімдері институтын дамыту саласында өзара қызығушылық білдіретін басқа да ақпаратпен алмасу;

- дауларды баламалы түрде шешумен байланысты  құқықты қолдану тәжірибесін түсіндіруге бағытталған семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізу;

- нотариустың атқарушылық жазбаны жасауы арқылы коммуналдық қызмет үшін берешек сомаларын өндіріп алу рәсімін жеңілдету;

- өзге де мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.

 

2)                   сот өндірісінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану

 

- халық арасында талап арыздарын (арыздар), апелляциялық шағымдарды, кассациялық тәртіпте сот актісін қайта қарау туралы талап тілектер, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның аясында қаралатын өтініштерді және Жоғарғы Соттың «Сот кабинеті» /www.sud.kz/ қызметі арқылы электрондық құжат нысанындағы басқа да құжаттарды беру мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- сот талқылауына қатысу барысында «Сот кабинеті» қызметінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалану туралы әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- жергілікті соттардың Интернет-ресурстары арқылы соттардың қызметі жөнінде анықтамалық ақпарат алу туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу (сот құзыреті, аумақтық соттылық, істерді қарау кестесі, мемлекеттік бажды, әкімшілік айыппұлдарды, сот үкімі бойынша айыппұлдарды төлеу деректемелері, бағыт кестесі, арыз үлгілері, соттың байланыс мәліметтері және т.б.);

- өзге де мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.

 

 

3 – бап

 


     Тараптар туындаған мәселелерді қарау және бірлескен іс-қимылдар жасау үшін  Тараптар өкілеттік берген уәкілетті өкілдері арқылы  осы Меморандумның тармақтарын орындау мәселелері бойынша бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.

Осы Меморандумның ережелерін қолдану бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды кеңестер мен келіссөздер ұйымдастыру жолымен шешеді.

 

 

 

 

4 - бап

 

 

Осы Меморандумға Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумның ажырамас бөліктері болып табылатын, жеке құжаттар түрінде ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

5 - бап

 

Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Меморандум Алматы қаласында 2016 жылғы 28-ші маусымда мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

 

 

 

 

 

Алматы қаласы Алатау ауданының Әкімі

 

 

 


 

Б.С.Манзоров

 

 

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының   төрағасы

 

 

 


 

Д.Н.Тлеубаев