АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

16.11.2017
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды


02.11.2017

Алатау ауданында қарттар айлығының қортындысы талқыланған жиналыс өтті



30.10.2017

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді


  • Негізгі бет
  • Біздің аудан
  • Алатау ауданы әкімінің аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2016 жылдың I-тоқсанындағыатқарылған жұмыстары туралы есеп беру мәліметі
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алатау ауданы әкімінің аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2016 жылдың I-тоқсанындағыатқарылған жұмыстары туралы есеп беру мәліметі


Аудан аумағындағы тұрғын үйлерді, ғимараттарды электр энергиясымен, суық және ыстық сумен, газбен үздіксіз қамтамасыз етілуіне, кәріз желілерінің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жұмыстары жүргізілді.

2015-2016 жылдардың қысқы жылыту маусымына барлық көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар уақытында қосылып қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда.

ПИК (Пәтер иелерінің коперативі) төрағаларымен үй аулаларын тазалауға байланысты және көктемгі сенбілікке дайындығы жөнінде жиналыстар өткізілуде.

Электр желілері

2015 жылғы 03 тамыздағы №110 келісім-шартқа сәйкес «Шаңырақ-5» ықшамауданында 325 электр бағанасы орнатылып, ұзындығы 8 шақырым болатын электр желісі мен 2 трансформаторлық қондырғыға қайта құрылымдау жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, №108 келісім-шартқа сәйкес «АЗТМ, Алғабас» ықшамауданында 10 шақырым болатын электр желісі мен 7 трансформаторлық қондырғыға қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. №109 келісім-шартқа сәйкес «Ақбұлақ» ықшамауданында 1 шақырым болатын электр желісі мен 1 трансформаторлық қондырғыға қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші – Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы. Жұмысты жүргізуші - «Завод электрокабель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Газ құбырлары

«Шаңырақ-2» ықшамауданында жалпы ұзындығы – 5,6 шақырым болатын орталық газ құбырларының құрылысы аяқталды. Тапсырыс беруші - Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы. Жұмысты жүргізуші - «МБР Технолоджис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бөлінген қаражат - 50 млн. 624 мың теңге. Қазіргі таңда құжаттарды өткізу жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылғы 13 қазандағы № 333 келісім-шартқа сәйкес аудан аумағында орналасқан 12 әлеуметтік нысанды орталық газ желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде (мектеп: №149, 180, 152, 154, 156, 160, 164, 171; бала-бақша: №164, 165; емхана: №22, 25). Тапсырыс беруші - Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы болып табылады. Жұмысты жүргізуші – «Рем Строй плюс НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бөлінген қаражат - 135 млн. 227 мың теңге. Қазіргі таңда барлық нысандар газға қосылды.

Аудан аумағын толықтай орталық газ құбырымен қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына жоба сметалық құжаттама дайындауға ұсыныс берілген. Бүгінгі күні, берілген ұсынысқа сәйкес «Техинтерсервис» мекемесі жобаларды дайындады. Кейінгі берілген ұсынысқа сәйкес жобалау жұмыстарына қаражат қарастырылуда.

Су жүйесі және кәріз жүйесі бойынша

Ақбұлақ ықшамауданын су және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында су құбырын жүргізу жұмыстары аяқталды Қазіргі таңда орталық ауыз суға қосылу жөнінде тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Қарасу» ықшамауданындағы Высоковольтный көшесінің батысындағы бір бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары басталды. Жұмысты «МАД» ЖШС жүргізуде.

Қазіргі таңда орталықтандырылған ауыз су және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында төмендегі ықшамаудандар бойынша жобалау сметалық құжаттамалар дайындалды. Тапсырыс беруші басқарма тарапынан құрылыс жұмыстарына қаржы қарастырылуда. (Шаңырақ-2, Әйгерім-1,2, Құрылысшы-Түркістан, Өжет, Қарасу (Высоковольтный көшесінің батысы бір бөлігі), Көк Қайнар, АЗТМ-Алғабас, Ақбұлақ, Трудовик, Дархан-Байбесік, Шаңырақ-1 (бір бөлігі)).

Сонымен қатар Қарасу (Высоковоьтный көшесінің оңтүстігі), Қарасу (46 үй кәріз жүйесі), Шаңырақ-1, Ұлжан-1, Ұлжан-2 (Кәріз жүйесі,), Заря-Восток, Теплоэнергетик, Энергостройтель, Радуга, ықшамаудандарында және облыс аумағынан қосылған «Алғабас», «Боролдай», «Рахат-Мәдениет» елді-мекендерінде су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізуге жоба сметалық құжаттамалар дайындау бойынша Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

Жол бойынша

- Сонымен қатар аудан бойынша көшелердегі ойылған шұңқырларды жамау жұмыстары басталды.

Жол айырықтары  туралы мәлімет

Мекен-жайы

Жоба сметалық құжаттамалардың қарастырылатын уақыты

Ескертпе

1

Рысқұлов- Емцов қиылысы

Жоба сметалық құжаттамалар дайындалды. Қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда.

 

2

Рысқұлов- Саин қиылысы

Құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Бөлінген қаражат

5,5 млрд. тг.

 

3

Солтүстік айналым көшесі мен Бөкейханов көшелері қиылысы

Құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Жаяу жүргіншілер көпірлері туралы мәлімет

- Солтүстік айналым көшесі (Кенжехан базарының алды). Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

- Солтүстік айналым көшесі бойында. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

- Б. Момышұлы көшесі бойында Райымбек даңғылының Солтүстігі. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

- Б. Момышұлы көшесі бойында, Ақын Сара көшесінің оңтүстігінде. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс нысандары бойынша мәлімет

Атауы

Мекен-жайы

Бөлінге қаражат (тенге)

1

№ 14 емханаға қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде

 «Әйгерім-1» ы/а

953 млн. 138 тыс. теңге.

2

140 орындық бала бақша құрылысы жүргізілуде

«Ақкент» ы/а 

419 млн. 525 мың. теңге

(на 2015 год 339 млн. 748 мың. теңге)

3

120 орындық бала бақша құрылысы жүргізілуде

«Алғабас-6» ы/а

350 млн. теңге

4

«Ескі үйлерді бұзу» бағдарламасына сәйкес 9 қабатты 1 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

 Райымбек даңғылы мен –Кудерин көшесінің қиылысы

450 млн. 700 тыс. теңге.

5

Жоспар бойынша 98 тұрғын үй салынуы тиіс,

Қазіргі таңда 68 үй құрылысы аяқталып көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.

Саялы ы/а

6

12 000 орындық көрерменге арналған «Мұз айдынының құрылысы жүргізілуде» (Ледовая Арена)

Б. Момышұлы көшесінің бойында

7

Атлетикалық ауыл

5000 орындық

33 млрд. теңге.

8

«Универсияда 2017» нысандарына электр подстанциясын салу жұмыстары жүргізілуде.

2,5 млрд.тг.

9

Болашақ, Алатау,  Евразия, Саяхат базарларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Солтүстік айналым көшесі

10

9 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Алғабас-6 ықшамауданы

11

9 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Ақбұлақ ықшамауданы (Доспанов көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысы)

12

100 орындық бала бақша құрылысы жүргізілуде

Өжет ықшамауданы