АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

16.11.2017
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды


02.11.2017

Алатау ауданында қарттар айлығының қортындысы талқыланған жиналыс өтті



30.10.2017

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді


Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Медиация


16-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан,

аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық

округ әкімінің кәсіпқой емес медиаторлар

тізілімін жүргізуі 

1. Аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының аумағында медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.

2. Медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлар кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосылу үшін уәкілетті органға жеке куәліктерінің көшірмелерін (салыстырып тексеру үшін жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін); үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамаларды; соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы қоса ұсына отырып жүгінуге міндетті.

3. Кәсіпқой емес медиаторлар тізілімі мыналарды қамтиды:

1) медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде);

2) медиатордың заңдық мекен-жайы;

3) медиатордың байланыс деректері (пошталық мекен-жайы немесе электрондық поштаның мекен-жайы не телефон немесе телефакс нөмірі);

4) медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;

5) медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;

6) медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер.

4. Уәкілетті орган медиаторларды осы Заңның осы бабының 2-тармағының және 9-бабының талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде хабарлау тәртібімен кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосады.

Медиаторды кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қоспаған жағдайда уәкілетті орган тиісті өтінішті алған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.

5. Егер тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде тізілімде болу мерзімін кезекті күнтізбелік жылға ұзарту туралы медиаторлардың өтініші ұсынылмаса, медиаторлар күнтізбелік жыл аяқталған соң кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінен шығарылады. Тізілімде болу мерзімін ұзарту туралы өтінішті электрондық түрде уәкілетті органның электрондық мекен-жайына ұсынуға болады.

6. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында не жұртшылық үшін қолжетімді жерлерде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға және оған медиаторлардың енгізілуіне қарай жаңартылып отыруға тиіс.

Уәікілетті орган мерзімді баспасөз басылымдарында кәсіпқой емес медиаторлар тізілімін жариялауға құқылы.

Тіркелген күні

Медиатордың тегі, аты және әкесінің аты

Медиатордың заңдық мекен –жайы

Медиатордың байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, не электрондық поштаның мекен-жайы, телефон немесе телефакс номері)

Медиатордың маманданып жүрген медиациа саласы туралы мәліметтері

Медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер

Медиатордың қызметін тоқтата тұру туралы мәліметтер

1

20.11.2015

Базаркулов Даулет Катаевич

Медеу ауданы, Көлсай ы/а, Алматинская көшесі, 24/3 үй

8-777-482-52-35

8-707-303-79-75

Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және неке-отбасылық құқықтық қатынастар

Қазақ тілі

Орыс тілі

Өтініш негізінде кәсіпқой емес медиаторлар тізімінде болу мерзімі кезекті 2016 жылға ұзартылды.