АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

16.11.2017
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды


02.11.2017

Алатау ауданында қарттар айлығының қортындысы талқыланған жиналыс өтті



30.10.2017

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді


Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алатау аудандық мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі


«Бруцеллез ауруы – індеттің алдын алу шаралары».

Әдетте ауыл тұрғындары сарып (бруцеллез) ауруы туралы жақсы біледі, өйткені кесел ауылшаруашылық малдарынан, оның ішінде жиірек: ұсақ мүйізді,  ірі қара малдан жұғады. Сарып кеселін жұқтыру оңай, ал одан сауығу, әсіресе тірек–қимыл аппараты зақымданған жағдайларда қиынға соғады. Сондықтан бұл жағдайда аурудың алдын алатын профилактикалық іс–шараларды жүргізіп отырған дұрыс. Сарып — бұл жүйке, жүрек - қантамыр жүйелерінің, сонымен бірге тірек - қимыл аппаратының зақымдалуымен, ұзақ ағыммен сипатталатын жұқпалы дерт.

Бруцеллез қоздырғыштары: Br. melitensis(негізгі иесі - қой, ешкі), Br. аbortus (иесі – ірі мүйізді мал), Br. suis (иесі - шошқа, қоян, солтүстік бұғылар).

Бруцеллездың негізгі жұқпа көздері – қой, ешкі, сиыр, шошқа. Сарыппен науқастанған адам жұқпалы емес, яғни кеселауру адамнан сау адамға берілмейді. Бруцеллез жануарлардан адамға әртүрлі жолдармен беріледі. Адамдар бруцеллезді ауру малды күткенде жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамаса, ауру мал бөліністерімен залалданған құралдармен тікелей қатынасса, малдың жүнін қырқу, малды сою, терісін сыпыру, мал төлдету кезінде малдың шуы, қағанақ суымен қатынаста болғанда,  туған қозыны ауыздандырып емізу кезінде жиі жұқтырып алады. Сонымен бірге ауру сиыр, ешкі, қойдың қайнамаған сүтін немесе толық термикалық өңдеуден өтпеген өнімдерді тағам ретінде пайдаланғанда ауру жұғуы мүмкін.

Сондай-ақ қарым – қатынас арқылы да ауру жұқтыруы мүмкін, яғни бруцеллезбен ауырған үй жануарларын күтіп – баптаған кезде (мал дәрігерлері, зоотехниктер, малшылар, сауыншылар, шопандар және т.б).

Жасырын (инкубациялық) кезеңі 6 күннен 30 күнге дейін созылады. 

Ауру белгілері: әлсіздік, ұйқының бұзылуы, кейде қозғыштық, бастың ауруы, бұлшық еттер мен буындардың ауырсынуы, асқа тәбеттің төмендеуі, дене қызуының 39-40 °С дейін көтерілуі. Қызба жиі толқын тәріздес сипатта өтеді, қызба кезінде қалтырау мен тершеңдік байқалады. Орталық жүйке жүйесінің функционалдық зақымдалу белгілері ерте пайда болуы мүмкін. Сонымен бірге лимфа түйіндері 1 см мөлшерде ұлғаяды. Аурудың 6 - 7 күнінен бастап гепатоспленомегалия (бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы) белгілерінің айқындалуы мүмкін. Демек, бруцеллез белгілері жиі тұмау және басқа да фебрильді аурулардың белгілеріне ұқсас, оның ішінде: қызба, тершеңдік, бұлшықет, буындардың ауыруы, әлсіздік, бас ауру, депрессия, қозғыштық, тәбеттің жоғалуы, салмақты жоғалту, жөтел, іштің ауруы, бауыр және (немесе) көкбауырдың үлкеюі. Бруцеллездің басқа да белгілермен өтуі ықтимал.

Сарыптың алдын алу шаралары

1. Жануарлар күтіміне байланысты барлық жұмыстарды, әсіресе төлдеу науқанында арнайы қорғаныш киімдерін (арнайы киім, аяқ киім, қолғап) киюмен жүргізу, бруцеллез ауруының алдын алу және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;

2. Тағам ретінде сапалы термиялық өңдеуден өткен ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін қолдану;

3. Мал дәрігерлік анықтамасыз  сүт және сүт өнімдерін бейберекет сауда орындарынан ешқашан сатып алмау;

4. Малды жайлауға шығарар алдында міндетті түрде бруцеллезге тексерту.

Бруцеллездың диагностикасы

Сарып (бруцеллез) диагнозын қою үшін зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Серологиялық әдістерден Райт және Хеддльсон реакциялары кеңінен қолданылады.   

Алатау ауданының мемлекеттік

ветеринариялық-санитариялық

бакылау және қадағалау

бөлімінің басшысы                                                              А.Досқанов