АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР

25.07.2017
2017 жылдың 17 шілдеде Алатау ауданында безгек масасына қарсы улаудың 3-туры өтті.


04.07.2017
Алатау ауданының құрылғанына биыл 9 -жыл.


27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Ауданның экономикалык әлеуметтік төлқұжаты



 

Алатау ауданының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

 

Бүгінгі күні ауданда 23 ықшамаудан, жалпы аумағы – 10 495 гектарды құрайды, ал жергілікті тұрғындар саны 220 мыңнан асады.

 

САЛЫҚ ТҮСІМІ

 

2016 жылдың қорытындыларына сәйкес, мемлекеттік түсімдер Алатау ауданына берілген жоспар 111%-ға орындалды. Атап айтқанда, мемлекеттік қазынаға 22 млрд. 486 млн. теңге түсті. Оның ішінде республикалық бюджетке 12 млрд. 651 млн. теңге түсіп, 112%-ға, ал жергілікті бюджетке 9 млрд. 834 млн. теңге көлемінде кіріс түсіп, жоспар 106%-ға орындалды.

КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ

Бүгінде аудан аумағында 5151 заңды тұлға тіркелген. Жеке кәсіпкерлер саны – 20 190. Жаңадан ашылған жұмыс орындар саны – 3150-ге жетіп, жоспар 101 %-ға орындалды.

Өткен жылы өнеркәсіп саласында 70 млрд. 52 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп саласындағы жеке индекстің көлемі 99,4%-ды құрады.

Өткен жылы ауданның инвестициялық қоры 67 млрд. 223 млн. теңгеге жетіп, жұмысшылардың орташа жалақысы 129 мың теңгені құрады.

2016 жылдың бөлшек тауар айналымы 206 млрд. 394 млн. теңгені, ал көтерме тауар айналымы 542 млрд. 133 млн. теңгені құрады.

Заңсыз сауда орындарын анықтау және жою мақсатында жыл басынан бері құзырлы мекемелермен 118 рейд өткізіліп, 122 заңсыз сауда жойылып, 24 дүңгіршек айыптұраққа жеткізілді.

Қоғамдық көлік қатынасы

Бүгінгі күні ауданда 377 шақырымды құрайтын 676 көше бар.  Оның ішінде ұзындығы 48 шақырым болатын 12 магистральдық көше, аудандық маңызы бар 31 шақырымдық 11 көше және жергілікті маңызы бар 300 шақырымды құрайтын 367 көше бар.

Алатау ауданы аумағы арқылы 42 бағытта 581 автобус жүргізіліп, аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Оның ішінде 411 қоғамдық көлік қызмет ететін 26 қалалық көлік бағыты және 170 қоғамдық көлік қызмет ететін 16 аймақаралық көлік бағыты бар. Сонымен қатар, өткен жылы «Саялы» ықшамауданына қызмет ететін жаңадан №57 көлік бағыты ашылды.

         Коммуналдық шаруашылық

Аудан аумағында 34 800 жеке және 415 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 351 көпқабатты тұрғын үй 13 ПИК-ке біріккен.

Электр жүйесі

 

Үздіксіз электрмен қамтамасыз ету мақсатында, «Қарасу» ықшамауданында 2 трансформаторлық қондырғы мен ұзындығы 8,5 шақырымды құрайтын электр желісі жүргізілді. Бөлінген қаражат сомасы 94 млн. теңгені құрайды. 

Сонымен қатар, «Шаңырақ-5» ықшамауданында 4 трансформаторлық қондырғыға қайта құрылымдау, ұзындығы 11,6 шақырымды құрайтын электр желісі жүргізіліп, 325 электр бағаналары ауыстырылды. Бөлінген сома – 692 млн. теңгені құрайды.

«Трудовик» ықшамауданында 473 электр бағанасы орнатылып, ұзындығы 10,3 шақырым болатын электр желісі мен 5 трансформаторлық қондырғыға қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаражат – 81 млн. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, «Шаңырақ-1,2», «Айгерім-1» ықшамаудандарындағы электр желілерін қайта құрылымдау мақсатында, ұзындығы 20,6 шақырым электр желісі жүргізілді, 850 электр бағанасы орнатылып, 10 трансформаторлық қондырғыға қайта құрылымдау жүргізілді. Бөлінген қаражат – 135 млн. теңгені құрады.

Райымбек даңғылы бойындағы «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлерге ұзындығы 2,6 шақырым электр желісі жүргізіліп, 2 трансформаторлық қондырғы орнатылды. Бөлінген қаражат – 188 млн. теңгені құрады.

Сонымен қатар, «Универсиада-2017» нысандарына арналған 2 электр станциясымен қоса, ұзындығы 7,9 шақырымды құрайтын электр желілері жүргізілді. Бөлінген сома – 8 млрд. 683 млн. теңгені құрады.

 

Газ құбырлары

Бүгінгі күні аудандағы бірқатар көшелерде 296 млн. теңгеге ұзындығы 27,3 шақырымды құрайтын газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Алатау ауданын толығымен газбен қамтамасыз ету мақсатында, «Техинтерсервис» мердігер мекемесімен жоба-сметалық құжаттама жасалуда. 

 

 Су жүйесі және кәріз жүйесі бойынша

 

«Қарасу» ықшамауданындағы Высоковольтный көшесінің батысындағы бір бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, ұзындығы 12,8 шақырым болатын су құбырының және 7,8 шақырым құрайтын кәріз жүйесі жүргізілді. Бөлінген қаражат – 622 млн. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Қарасу ықшамауданындағы 46 үйге ұзындығы 1,8 шақырым кәріз жүйесін салу жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаражат – 102 млн. теңге.

«Әйгерім-1,2» ықшамаудандарын орталық ауыз су және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, ұзындығы 11,8 шақырым су құбыры және 9,2 шақырым кәріз жүйесі жүргізілді. Бөлінген қаражат – 747 млн. теңге.

Қазіргі таңда «Шаңырақ-2», «Әйгерім-1,2», «Құрылысшы-Түркістан», «Өжет», «Қарасу» (Высоковольтный көшесінің батыс бір бөлігі), «Заря Востока», «Көк Қайнар», «Ұлжан-1,2», «АЗТМ-Алғабас», «Ақбұлақ», «Трудовик», «Дархан-Байбесік», «Шаңырақ-1» (бір бөлігі) ықшамаудандары мен «Радуга» саяжайын орталықтандырылған ауыз су және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, жобалау сметалық құжаттамалар дайындалды.

Сонымен қатар, «Қарасу», «Шаңырақ-1», «Алғабас», «Теректі», «Боралдай», «Рахат-Мәдениет» және «Теплоэнергетик», «Энергостроитель» саяжайларында су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізуге жоба сметалық құжаттамалар дайындалуда.

 

Жол мәселесі

 

Қысқы «Универсиада-2017» нысандарына арналған 2,8 шақырым жаңа жол құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ, Сивашская және Качалов көшелерінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы аудан бойынша жолдардағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары атқарылды.

 

Алатау ауданында жоспарланған және салынған жол айрықтары:

 

1.   Солтүстік айналым және Бөкейханов көшелерінің қиылысында жол айрығы салынуда және Саин көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында үш деңгейлі жол айрығы салынды;

2.   Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жаңадан жол айрығының салынуы жоспарлануда;

 

Сонымен қатар, Б.Момышұлы-Райымбек, Б.Момышұлы-Ақын Сара, Солтүстік айналым көшесінің бойындағы «Кенжехан» базарының алдында, Солтүстік айналым көшесінің бойында және Рысқұлов-Доспанов көшелерінің қиылыстарында 5 аспалы жаяу жүргіншілер көпірлері салынды.

 

Құрылыс мәселесі

 

Дүниежүзілік қысқы «Универсиада-2017» ойындарын өткізу мақсатында «Алматы Арена» мұз кешені мен 5000 орындық Атлетикалық ауыл нысандары бой көтерді.

«Саялы» ықшамауданында мемлекеттік бағдарлама аясында 68 көпқабатты тұрғын үйлер салынды. Бөлінген қаражат сомасы 15 млрд. 780 млн. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта қосымша тағы 13 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүруде.

«Әйгерім-1» ықшамауданында №14 емхананың ғимаратына қайта құрылымдау және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Ақкент» ықшамауданында 140 орындық, «Өжет» ықшамауданында 100 орындық, «Алғабас-6» ықшамауданында 120 орындық бала бақшалар салынып, №31 бала бақшаның ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, «Өжет» ықшамауданындағы №156 мектепке 600 орындық қосымша ғимарат салынуда, «Ескі үйлері сүру» бағдарламасы аясында Райымбек-Күдерин көшелерінің қиылысында ескі үйдің орнына 1 көпқабатты тұрғын үй салынды.

Мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы аясында ауданда 18 спорт және балаларға арналған алаңдар және «Алғабас-6» ықшамауданында көлемі 7700 шаршы метрді құрайтын 500 орындық стадион салынды.

Көріктендіру мәселесі

 

«АлматыҚалаЖарық» мекемесі тарапынан аудан аумағындағы 10 293 дана көше жарық шамдарына, жалпы ұзындығы 328,014 метрді құрайтын электр желілеріне және 145 дана сыртқы жарықты басқару шкафтарына күтім жасау жұмыстары жүргізілді.

1500 дана ағашқа санитарлық қырқу, 2862 ағашқа формалап қырқу, 22 822 ағашты діңін көтеру жұмыстар жүргізілді.

Экология инспекциясымен және табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен бірге жеке және заңды тұлғалардың аумақтарының санитарлық тазалығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 479 заңды және жеке тұлғаларға 18 млн. 686 мың теңгені құрайтын айыппұл салынды.

Молодежная, Ленин, Кисловодская, Емцов, Левская, 2-Кисловодская, Черемушки және Райымбек даңғылындағы 12 аулаға көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

«Теректі» ықшамауданында орналасқан баққа 29 млн. теңгеге көріктендіру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, 23 млн. теңгеге ауданда жалпы ұзындығы 1 709 метрді құрайтын арықтарды жөндеу жүргізілді.

2016 жылдың 29 сәуірінде «Алғабас» және «Шаңырақ-1,2» ықшамаудандарындағы жеке тұрғын үйлерді су басу салдарынан 6102 метр арық жүйесі және 9217 метр жаңа жол құрылысы жүргізілді.

 

Білім беру саласы

Алатау ауданында 27 білім беру мекемесі бар, оның ішінде 25 мемлекеттік және 2 жеке меншік мектептер, оқушылар саны – 36 020.

2015-2016 оқу жылында Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді 603 оқушы тапсырды. Нәтижесінде, Алатау ауданы орташа 103,5 баллмен Алматы қаласының аудандары арасында және республика бойынша 1-ші орынды иеленді, бұл көрсеткіш 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда 5,8 пайызға жоғары.

Сонымен қатар, «Алтын белгі» төсбелгісін 63 үміткерден
58 оқушы қорғаса, 43 оқушы «Үздік аттестатты» қорғап шықты. ҰБТ бойынша ауданның № 178 физико-математикалық лицейі, № 166, № 169  мектеп-лицейлері және № 182, № 185 жалпы білім беру мектептері жоғары нәтижелер көрсетті.

17 оқушы қалалық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды.

2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында № 26 жалпы білім беру мектебіне 900-орындық қосымша ғимарат салынды.

Сонымен қатар, «Мектепке қабылдау» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016 жылы 6104 бала аудан мектептеріне қабылданды. Оның ішінде 1-сыныпқа 5390 бала қабылданды. 2015 жылмен салыстырғанда 1-сынып оқушылардың саны 680-ге артты. Оқушылар санының жылдан жылға артуына байланысты, оқушы орнының тапшылығы 15 866 орынды құрайды

Бүгінгі таңда, ауданда 16 мемлекеттік балабақша және 57 жеке меншік балабақша бар.

         16 мемлекеттік балабақшада 4093 бала және 57 жеке
меншік балабақшаларда 2313 бала тәрбиеленуде.

Ауданды 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды қамтамасыз ету үшін 16 мемлекеттік балабақшаға жергілікті бюджеттен 560 млн. тенге, «Балапан» бағдарламасы бойынша 874 млн. тенге бөлінді. 

2016 жылы 260 орынға арналған 2 мемлекеттік балабақша, «мемлекеттік-жеке серіктестік» бағдарламасы бойынша коттедждерде
1173 орынға арналған 28 жеке мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылды. Жалпы салынған инвестиция көлемі 789, 4 млн тенге.

Сонымен қатар, «мемлекеттік-жеке серіктестік» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 100 орынға арналған 1 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылды. Инвестиция: 480 млн. тенге.

Өткен жылы №31 балабақшаның ғимаратына сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру тәрбиесі мен оқыту 2015 жылы 55%-дан 2016 жылы 79%-ға дейін өсті.

Балабақшаларға орын бөлудің автоматты жүйесі енгізілді, бұрын ондай жүйе болмаған.

Ол дегеніміз, 410 әлеуетті ата-ананың белсенді экономикалық қызметке араласа келе, отбасының әл-ауқатының көтерілетіндігін білдіреді.

Денсаулық сақтау саласы

Ауданда 5 денсаулық сақтау мекемесі, 7 жеке меншік сауықтыру мекемесі, 42 дәріхана қызмет етеді. Медициналық мекемелерде 311 дәрігер, 574 орташа және 82 кіші медициналық қызметкерлер және 208 қызметкер жұмыс атқарады.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданның денсаулық сақтау жүйесінде оң көрсеткіштер байқалады.

№14 қалалық емхананы қайта қалпына келтіру нәтижесінде емханалардың жоспарлы қуаты 11,8%-ға өсті, келушілер саны бір ауысымда 1520-дан 1700-ге дейін өсті.

Өткен жылы емханаларда 698 577 тұрғынға қызмет көрсетілді, оның ішінде «дәрігерге жазылу» қызметі бойынша 441 103 тұрғынға, «дәрігерді үйге шақыру» қызмет бойынша 111 148 тұрғынға, «алғашқы медициналық әлеуметтік көрсету бойынша емханаларға тіркелу» бойынша 96 810 тұрғынға қызмет көрсетілді және «науқастың медициналық картасынан көшірме беру» қызметі бойынша 4714 тұрғын қызмет алды.

Өткен жылы 40 жедел жәрдем автомобильдері алынып, оның ішінде аудан бойынша 29 желілік бригада қызмет атқарады.

Аудан емханаларын медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету – 81,3 %-ды құрайды.

Туберкулез ауруын алдын-алу мақсатында, аудан емханаларында жыл сайын флюорографиялық тексеру өткізіліп тұрады. 2016 жылы
66 345 адам қамтылып, жоспар 100 %-ға орындалды

         Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуі үшін   емханаларда науқастарды емдеуге бағытталған 249 квота берілді.

         Өткен жылы бала туу саны 5727 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 749 –ға өсті.

Әлеуметтік сала

Табысы төмен аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету аудан әкімдігінің басты бағыты болып табылады.

Ауданда 14 308 зейнеткер, 24 Ұлы Отан соғысының ардагері  және тылда жұмыс істеген 751 ардагер бар. Мүгедектер саны – 3869, оның ішінде мүгедек балалардың саны – 870.

2016 жылы ауданның 331 зейнеткері «Аққайын», «Самал», «Спутник» шипажайларында демалып қайтты.

Үйде қызмет көрсетілетін қарттар саны – 132 адам, оларға қызметті 21 әлеуметтік қызметкер атқарады.

Ауданда 3173 көп балалы отбасылар бар, оның ішінде 1028 ана тиісті наградалармен марапатталған. Оның ішінде 391 ана – «Алтын алқа», 637 ана – «Күміс алқа» иегерлері.

Мүгедектері әлеуметтік қамту 16,9 %-ға өсті. (2015 жылы 3307 адамнан 2016 жылы 3869 адамға).

Жағдайы төмен отбасылардан шыққан 2289 оқушыны тегін тамақтандыруға 131 млн. тенге бөлінді.

Жалпы аудан бойынша әлеуметтік қамсыздандыру бойынша
48 676 азамат қамтылды. Әлеуметтік төлемдер көлемі 1 млрд. 166 млн. 733 мың теңге.

Әлеуметтік төлеммен 7103 отбасы қамтылды. Жалпы сомасы 335,35 млн. теңге. Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына және Алматы қаласы Маслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, аудан бойынша 5754 азаматқа 50 мың теңге көлемінде бір жолғы жәрдемақы төленді.

2016 жылы 1447 азамат жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 133 адам, оқу курстарына 141 адам, жастар тәжірибесіне
 73 адам жіберіліп, жоспар толығымен орындалды.

Өткен жылы жұмыспен қамту орталығына жүгінген 2868 жас маманның 582-і жұмыспен қамтылды.

 

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП

Қылмыстың азаюы:

 

- барлық түрлері бойынша 6,6% ( 7826-дан 7313-ке);

- ауыр түрі бойынша15,7% (702-ден 592-ге);

- қарақшылық бойынша38,9% (36-дан 22-ге);

- зорлау бойынша75,9%(58-ден14-ке), оның ішінде ауыр түрі бойынша90,0%(20-дан2-ге);

- қарақшылық тонаубойынша8,9% (269-дан 245-ке), оның ішінде ауыр түрі бойынша 18,6% (210-нан 171-ге);

- пәтер тонау бойынша76,0%(1302-ден 312-ге), оның ішінде ауыр түрі бойынша 61,0%(41-ден 16-ға);

-  көлік ұрлаубойынша 1,3% (75-тен74-ке);

                                     

Қылмыстың ашылуы жоғарылады:

 

       - ауыр түрлері бойынша1,5%  (34,5-тен 36,0-ге);

- қарақшылық бойынша1,2%  (60,7-ден 61,9-ға);

- қарақшылық тонаубойынша0,4% (29,1-ден 29,5-ке);

- пәтер тонау бойынша0,8% (17,1-ден 17,9-ға), оның ішінде ауыр түрлері бойынша31,1% (26,8-ден 57,9-ға);

- көлік ұрлау бойынша3,0% (39,1-ден 42,1-ге);

 

Әкімшілік құқықбұзушылық:

7,5%-ға (14324-тен 15402-ге) әкімшілік құқықбұзушылық фактілері артты;

- 10,2%-ға (325-тен 358-ге) бұзақылық артты;

- 0,3%-ға (2977-ден 2986-ға) жеке құжаттарсыз тұрған тұлғалар саны артты;

- 12,1%-ға (2012-ден 2256-ға) Қазақстан Республикасына келу миграциялық заңнамасын бұзу артты.

Мүлікті жария ету

 

Алатау ауданының мүлікті жария ету комиссиясымен 8208 құжат қаралып, 7561 мүлікке оң шешім шығарылды. Жекешелендірілген мүлік сомасы 143 100 621 343 теңгені құрайды.

 

 

 




Атауы

Алатау ауданы әкімінің аппараты 01.05.2016

Жүйелік

 

Мәртебесі

'2

Реті

'251

БЮДЖЕТ

 

Бекітілген жылдық жоспар

'2808942

Бюджеттің игерілуі

'552042

Әкімшілік аппаратының жылдық жоспары (соңғы өзгертулерден кейін)

'3277929

Аппарат қызметінің жұмысына

'134114

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету

'4648

Жергілікті деңгейдегі мәдени шараларды қолдау

'0

Мемлекеттік органның капиталдық шығындары

'0

Санаты бойынша үстемақы көлемін ұлғайтуға

'1646

ДЕМОГРАФИЯ

 

Туылғандар саны

' 510

Қайтыс болғандар саны

' 28

Табиғи өсім

' 482

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

 

Ауруханалар

'0

Емханалар

'5

ҒЗИ орталықтары

'0

Балалар үйлері

'0

Диспансерлер

'0

Дәрігерлік амбулаториялар

'3

Госпитальдар

'0

Емдеу санаториялары

'0

Жеке медициналық мекемелер

'2

Дәріханалар

'42

Туу қабылданды

'510

Өлі туылды

'2

Перинатальдық өлім

'0

Ерте неонатальдық өлім

'0

Ана өлімі

'0

Туберкулез, анықталғаны

'3

Студенттер арасындағы туберкулез

'0

Балалар арасындағы бастапқы туберкулез

'1

Жасөспірімдер арасындағы бастапқы туберкулез

'0

Жүрек қан тамырлары аурулары

'652

Гепатит "А"

'0

ЖҚТБ

'0

Обыр ауруына шалдығу

'0

Бала өлімі 1000 бала шаққанда

'0

ИНЖЕНЕР ЛІК ЖЕЛІЛЕР

 

Трансформаторлық кіші станциялар саны (ТП)

'330

АТС саны

'759

Электр жүйелерінің ұзындығы

'710,000

Кәріз жүйелерінің ұзындығы

'107,000

Жылу жүйелерінің ұзындығы

'35.000

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

 

Мейрамхана, Кафе, асханалар

'137

Сауда үйі, орталықтар, кешендер

'5

Азық түлік дүкендері

'574

Азық түлік емес дүкендер

'11

Базарлар

'13

Сауна, Моншалар

'33

Қонақ үйлер

'20

Жанар май құю станциялары

'31

Химиялық тазалау қызметі, кір жуу орындары

'7

Фотосалон дар

'21

Сұлулық с алон дары, шаштараздар

'57

Киім тігу орындары

'12

Балалар үйлері

'0

Дарынды балаларға арналған мектеп интернат

'1

Почта бөлімшелері

'5

Халыққа қызмет көрсету орталықтары

'2

Участ келік полици я тіректері

'10

Қоғамдық көлік аялдамалары

'182

Қоғамдық үйымдар саны, негізгі қызметтері

'3

Әкімшілік аумақтық бөлініс саны

'23

Автосалон дар, авто дүкендер

'12

АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

 

Аудан әкімі аппаратындағы қызметкерлер саны

'35

Аудан әкімі аппаратындағы штат бойынша

'38

Аудан әкімі аппаратындағы нақтысы

'35

Ауданы әкімі апаратындағы жоғары білімділер

'33

Аудан әкімі аппаратындағы орта білімділер

'2

Аудан әкімі аппаратындағы ғылыми дәрежелілер

'1

Аудан әкімі аппаратында, ерлер

'26

Аудан әкімі аппаратында, әйелдер

'11

Аудан әкімі аппаратында, қазақтар

'35

Аудан әкімі аппаратында, орыстар

'0

Аудан әкімі аппаратында, басқа ұлттар

'0

Аудан әкімі аппаратында, 25 жасқа дейінгілер

'4

Аудан әкімі аппаратында, 25-35 жасқа дейінгілер

'14

Аудан әкімі аппаратында, 35-45 жасқа дейінгілер

'8

Аудан әкімі аппаратында, 45-50 жасқа дейінгілер

'4

Аудан әкімі аппаратында, 50-ден жоғары

'5

Аудан әкімі

'Манзоров Багдат Сайланбаевич

ҚОРҒАЛАТЫН АЙМАҚТАР

 

Республикалық маңызы бар (Сақ қорғандары)

'1

Жергілікті маңызы бар

'5

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

 

ПИК/ЖҮИТК

'23

Көп қабатты үйлердің құрылысы

'328

Жеке үйлер құрылысы

'34800

Жарықтандыру

'10293

Жарық нүктесінің саны

'10293

Бағандар мен торшерлік бағандар саны

'4834

Парктар

'1

Скверлер

'3

Гүлзарлар

'0

Фонтандар

'1

Аулалар

'0

Газ реттеуші қондырғылар

'103

Көлдер

'13

Сулы алқаптары

'4

Көпірлер

'4

Аулалар саны

'60

КОММУНИКАЦИИ

 

Газ өткізгіштер

'493.000

Су өткізгіштер

'310.000

Жолдар

'604.000

Асфальттанған жолдар

'395.000

Тасты жолдар

'0.000

Топырақты жолдар

'209.000

Қалалық маңызы бар жолдар

'14.000

Аудандық маңызы бар жолдар

'12.000

Жергілікті маңызы бар көшелер және тұйық көшелер

'369.000

Транспорттық жол айрықтары

'2

Жаяу жүргіншілер жолы

'105.000

Темір жол

'0.000

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

 

Ескерткіштер

'8

Мұражайлар

'0

Кітапханалар

'1

Кинотеатрлар

'3

Театрлар

'0

Аула клубтары

'3

Салтанат сарайлары

'1

Ұлттық мәдени орталықтар саны (бекітілген)

'4

Мектептердегі спортзалдар

'26

Жүзу бассейндері

'4

Арнайы спорттық қондырғылар

'4

Ипподром

'0

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ ТҰЛҒАЛАР

 

Тіркелген кәсіпорындар саны, барлығы Тіркелген ірі кәсіпорындар саны

'3172

Тіркелген ірі кәсіпорындар саны

'7

Тіркелген орта кәсіпорындар саны

'84

Тіркелген кіші кәсіпорындар саны

'3081

Жұмыс жасайтындар (барлығы)

'2173

Жұмыс жасайтын ірі кәсіпорындар саны

'9

Жұмыс жасайтын орта кәсіпорындар саны

'43

Жұмыс жасайтын кіші кәсіпорындар саны

'2121

МӘДЕНИ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ

 

Стадиондар

'1

Спорт алаңдары

'11

Су жағалауындағы демалыс орындары

'8

КӨШІ-ҚОН

 

Уақытша тіркелген шетелдік азаматтар,саны

'10740

Тұрақты тіркелген шетелдік азаматтар

'2078

ҚР соты шешімімен аластатылғандар

'0

Келді

'3146

Шықты

'1153

Айырмасы

'1993

БІЛІМ САЛАСЫ

 

Арнайы орта оқу орындары

'2

Жоғары оқу орындары

'1

Жоғары оқу орындары студенттері

'739

Оқу орындарындағы жалпы қызмет көрсетушілер, саны

'1120

Оқушылар саны (студенттер және оқушылар)

'33586

Мемлекеттік оқу орындары

'40

Жеке оқу орындары

'4

Арнайы түзету орындары

'25

Арнайы оқу орындарының оқушылары

'589

Жалпы білім беретін мектептер

'25

Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары

'32258

Мектепке дейінгі балалар мекемелері

'14

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі балалар саны

'3258

Мектепке дейінгі ведомоствалық мекемелер

'0

Мектепке дейінгі жеке мекемелер

'41

Әуез мектептері

'0

Әуез мектептерінің оқушылары

'0

Оқушылар Үйлері

'1

Өқушылар Үйлеріндегі оқушылар

'2250

Мектептерді компьютерлендіру

'25

Мультимедиалық және интерактивтік кабинеттер

'2976

Мектепке бармайтын балалар саны

'0

Интерактивтік тақталар

'47

Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны

'22 73

ЖАЛПЫ

 

Аудан аумағы

'10495

Қалалық маслихат депутаты

'4

Негізгі капиталдың инвестициялық көлемі

2147483647

Сайлаушылардың саны

'133000

Сайлау участкілері

'55

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ КӨРСЕТКІШІ

 

Аймақтың негізгі экономикалық бағыттылығы

'торговля

Мемлекеттік кәсіпорындар

'11

Кіші бизнестік субъектілердің жалпы саны

'20260

Кәсіпорындар саны,

'3

Сауықтыру сатысындағы кәсіпорындар саны

'2

Банкроттық жағдайындағы кәсіпорындар саны,

'1

Алкогольсыз және өзге алкогольды өнімді шығарушы кәсіпорындар саны

'2

Шет елдің қатысуымен құрылған кәсіпорындар саны,

'4

Табиғат қорын пайдаланушылар саны

'0

Сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындары

'933

Өнеркәсіптік дүкендер

'12

Табиғи монополия жағдайындағы кәсіпорындар саны

'0

Ауылшаруашылық кәсіпорындар саны

'0

Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындар

'16

Ауыл шарушылығы өнімін өңдеу кәсіпорындары

'0

САЯСИ ПАРТИЯЛАР

 

Саяси партиялар саны

'1

Ауданда жұмыс жасайтын партия филиалының атауы

'НурОтан

ҚЫЛМЫС

 

Жалпы тіркелген қылмыс саны

'863

Ашылуы,

'11%

Кісі өлтіру ( ст. 96 УК РК)

'0

Ұрлық (ст. 175 УК РК)

'519

Тонау (ст. 178 УК РК)

'21

Қарақшылық, тонау (ст. 179 УК РК)

'0

Есірткі (ст.259 УК РК)

'4

Медициналық сауықтыру орнына жөнелтілгендер саны

'0

Қабылдау, тарату орнына жөнелтілгендер саны

'0

Әкімшілік ұстау үшін арнайы орындарға жөнелтілгендер саны,

'68

ӨНЕРКӘСІП

 

Барлық өнеркәсіптің физикалық көлемінің индексі

'100

Өнімнің негізгі жасалу түрі

'продукты питания и строительные материалы

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР

 

Діни бірлестіктердің саны

'19

Мешіттер

'11

Орыс православиялық шіркеуі

'2

Рухани оқу орындары

'1

Басқа діни бірлестіктер

'8

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ (аудан бойынша)

 

Зейнетақы және жәрдемақы алушылар, барлығы

'16834

Жәрдемақы алушылар

'4220

Зейнетақы алушылар

'12624

ҰОС қатысушылар

'10

Олардың ішінде ҰОС мүгедектері

'24

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны

'0

Тұрғын үй жәрдемақысы

'123167

18 жасқа дейінгі жәрдемақы алатын балалар

'468625

Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері

'2162

Зейнетақының ең төменгі мөлшері

'25824

Орташа айлық жалақының мөлшері

'0

Өнеркәсіптегі жалақының орташа айлық мөлшері

'116000

Білім беру саласында жалақының орташа айлық мөлшері

'65000

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтегі жалақының орташа айлық мөлшері

'70000

Жалақыға қарыз

'0

ҰЗҚ саны

'0

Тыл еңбеккерлері

'807

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

 

Жұмыспен қамту бөліміне тіркелгендер

'765

Жұмыссыздар саны

'176

Жұмысқа орналастырылғандар саны

'572

Қоғамдық жұмысқа жіберілді.

'0

Жұмыспен қамту бөлімі арқылы кәсіби оқуға жіберілгендер

'0

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы кәсіби оқуға жіберілгендер

'0

Жұмыспен қамту бөлімі арқылы әлеуметтік жұмысқа жіберлгендер

'0

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы әлеуметтік жұмысқа жіберілгендер

'103

ХАЛЫҚ САНЫ

 

Халық құрамы (қазақтар)

'101884

Халық құрамы (орыстар)

'22765

Халық құрамы (басқа ұлттар)

'31480

Халықтар саны

'156129

САЛЫҚТАР

 

Жергілікті бюджетке жиналғаны

'3205012

Республикалық бюджетке жиналғаны

'4206123

Жылдық болжамның орындалуы

'7411135

Бюджетке төлемдік қарыз

'1008000000

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КҮТІП ҰСТАУ

 

Елді мекендерді жарықтандыруға бөлінгені

'20500.000

Жерлеу орындарын күтіп ұстау

'0.000

Елді мекендерді санитарлық күтіп ұстауға бөлінгені

'46400.000

Елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру

'6344.000

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ

 

Қоқыс шыгарушы мекемелер

'12

Қоқыс алаңдарының саны

'58

ШАРУАШЫЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ

 

Дербес жылу қазандықтары

'3

Лифттер

'123

САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

 

Бейіттер

'18

ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫ

 

Мемлекетаралық көші-қон мәліметтері, келгені

'23

Мемлекетаралық көші-қон мәліметтері, кеткені

'12

Облысаралық көші-қон мәліметтері, келгені

'1394

Облысаралық көші-қон мәліметтері, кеткені

'651

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР САНЫ

 

Мектеп жасына дейінгі балалар

'18090

Мектеп жасындағы балалар

'26229

Балаларды бақылау бөлімінде тіркеуде тұрған жасөспірімдер саны

'0