АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.

20.09.2019
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.


19.09.2019
"Танысу " тренингтері жүргізілді.


19.09.2019
Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Алатау ауданының «Бақыт отбасы» орталығы өз есігін айқара ашты.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Қаржы-шаруашылық бөлім


«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің

қаржы-шаруашылық бөлімінің

Е Р Е Ж Е С І

1.Жалпы ереже

         1.1.Алатау ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі (бұдан әрі-бөлім) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің құрылымдық бөлімі болып табылады.

         1.2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің, қалалық мәслихаттың актілерін, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің жұмыс регламентін, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

         1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді, бөлімнің құрамында бөлім басшысы және 3 бас маман бар.

         1.4. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.

         1.5. Бөлім басшысы мен бас мамандардың міндеттері лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері

         2.1. Бөлімнің қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және құқықтық жағынан қамтамасыз ету.

         2.2. Балабақшаларды қаржыландыру, келісім шарт жасау, жоғары тұрған мемлекеттік органдарға есептер тапсыру.

        

3. Бөлімнің негізгі қызметтері

         3.1. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда аудан әкімі қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету.

3.2. Тарифтеу анықтамасына негізделе отырып және белгіленген штат санының шегінде қызметкерлердің штаттық кестесін қамтамасыз ету.

3.3. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

3.4. Аппарат қызметкерлеріне, әлеуметтік және штаттан тыс қызметкерлерге еңбекақыны және материалдық көмекті уақытылы аудару, онымен қатар әкім аппаратын қажетті кеңсе тауарлары, оргтехникалар және өзге де материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.

3.5. Аппарат және құрылымдық бөлімшелерге тиісті қаржылық кезеңіне бюджет жобасын әзірлеу.

3.6. Бөлінген бюджеттік қаражаттардың кассалық орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру.

3.7. Бюджет қаражаттарының мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау.

3.8. Жергілікті бюджет және «Балапан» Республикалық бюджеті бағдарламасы бойынша құрылымдық бөлімшелерді есепке алу және талдау.

3.9. Алдағы үш жылдық кезеңге болжам көрсеткіштерін әзірлеу.

3.10. Нормативтік-құқықтық актілерді және заңнамаларды жүйелі түрде зерделеу.

3.11. Бөлімнің қызметіне қатысты сұрақтар бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасу.

4. Бөлімнің құқықтары

         4.1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын құрылымдық бөлімшелерден және қызмет пен жұмыс жабдықтаушылардан қажетті ақпаратты сұрауға, сонымен қатар бөлім құзырына қатысты міндетті тапсырмалар беру.

         4.2. Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардан бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттар, ауызша және жазбаша түсініктемелер, өзге де мәліметтер алу.

         4.3. Аудан әкімінің бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау.

        

5. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі

5.1. Бөлімнің қызметтік міндеттемелеріне сәйкес жүктелген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалмауы.

5.2. «Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-не тиесілі мүліктің және материалды құндылығы бар заттардың күтіп ұстамағандығы үшін жауапқа тартылады.

5.3. Қызметтік және мемлекеттік маңызы бар мәліметтердің айқындалуы.

Бөлім басшысы: Алиев Скендир Тоқтарұлы

Мекен-жайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Шаңырақ 2, Жанқожа батыр 26, 308 каб.

Телефон: 295-35-35