АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
      9 мамыр «Жеңіс күні»

20.05.2019
9 мамыр «Жеңіс күні»


17.05.2019
Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды


16.05.2019
Аудан әкімдігі ғимаратында жұмыспен қамту жөнінде түсіндірме жұмысы өтті.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Мемлекеттік - құқықтық бөлім


«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің

мемлекеттік-құқықтық бөлімінің

Е Р Е Ж Е С І


1.Жалпы ереже

         1.1.Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі (бұдан әрі-бөлім) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің құрылымдық бөлімі болып табылады.

         1.2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің, қалалық мәслихаттың актілерін, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің жұмыс регламентін, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

         1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді, бөлімнің құрамында бөлім басшысы және 2 бас маман бар.

         1.4. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.

         1.5. Бөлім басшысы мен бас мамандардың міндеттері лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері

         2.1. Бөлімнің қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және құқықтық жағынан бөлім қызметі бойынша қамтамасыз ету.

         2.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Алматы өңірлік жоспарын, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын, құқықтық тәртіпті сақтауда тұрғындарды тарта отырып қамтамасыз ету жоспарын, құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі бағдарламасын, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңын, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің Алматы өңірлік бағдарламасын, Алматы қаласы әкімінің Қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету және үйлестіру.

        

3. Бөлімнің негізгі қызметтері

         3.1. Аудандық қызмет басшыларымен, құқық қорғау органдары және тағы да басқа ауданда қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған құзырлы мекемелермен, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыспен күресу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сұрақтарын бірлесе өзара іс-әрекеттерін іске асыру.

         3.2. Ауданда мемлекеттік қызметкерлерге арналған құқықтық білім беру шараларын ұйымдастыру.

         3.3. Аудан әкімінің мүддесін қорғау мақсатында сот үрдістеріне қатысу, қаралған сот істерінің нәтижелеріне талдау және жинақтап қорыту жұмыстарын жасау.

         3.4. Алатау ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне келісу жұмыстарын жүргізу.

         3.5. Аудан әкімінің шешімдерін тіркеу жұмыстары бойынша Алматы қаласы Әділет Департаментімен өзара іс-әрекеттерін іске асыру және шешімдерге мониторинг жүргізу.

         3.6. Алатау ауданы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жұмысын ұйымдастыру.

         3.7. Алатау ауданы бойынша нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комиссиясының жұмысын ұйымдастыру.

         3.8. Ауданда кәсіпқой емес медиаторларының реестрлік тізімін жүргізу.

         3.9. Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына және Қазақстан Республикасының әскери сотына алқабилердің алғашқы қосалқы және қосымша тізімдерін әзірлеу бойынша құқықтық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, Алматы қалалық әкімдігіне қағаз және электрондық тасығыштарда өткізуін қамтамасыз ету.

         3.10. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын қарастыру.

         3.11. Алатау ауданының әкімі және аудан әкімінің аппарат басшысы белгілеген өзге де өкілеттік шараларды іске асыру.

         3.12. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін азаматтардың есебін жүргізетін журналын жүргізу.

4. Бөлімнің құқықтары

         4.1. Бөлім өз құзыреті шегінде, аудан әкімі өткізетін жиналыстарға, Алатау ауданы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының күрес жөніндегі комиссия отырыстарына, басқа да құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алуға бағытталған отырыстарына қатысу.

         4.2. Аудандық қызметтер мен бөлімшелерден, құқық қорғау органдарының, тағы басқа құзыретті мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері, Алматы қаласы әкімінің Қаулыларын, Алматы қалалық Мәслихатының, Алматы қаласы әкімінің актілерінің, бағдарламаларының, сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы, қоғамдық тәртіптің, қылмыстың алдын алу, нашақорлық, медиацияға қатысты сұрақтары, алқабилер кандидаттарының тізімін құрастыру сұрақтары бойынша шаралар жоспарларының өзіне жүктелген міндеттерін орындауға қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ақпараттар мен өзге де мәліметтерді талап ету.

         4.3. Бөлімнің құзырына жататын сұрақтар бойынша аудан әкімінің қарастыруына ұсыныстар енгізу.

         4.4. Бөлім мамандарына жұмыс жағдайын және біліктілігін көтеру жұмыстарын қамтамасыз ету.

         4.5. Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін өзге құқықтарын жүзеге асыру.

5. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі

5.1. Бөлімнің қызметтік міндеттемелеріне сәйкес жүктелген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалмауы.

5.2. «Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-не тиесілі мүліктің және материалды құндылығы бар заттардың күтіп ұстамағандығы үшін жауапқа тартылады.

5.3. Қызметтік және мемлекеттік маңызы бар мәліметтердің айқындалуы.

Бөлім басшысы: Надирова Эльмира Алиповна


Мекен жайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақ 2 ықшамауданы, Жанқожа батыр 26, 504 каб. 

Телефон: 299-86-64