2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бүгін Аудан басшысы Азамат Қалдыбеков тұрғын үй саясаты басқармасы өкілдерімен бірлесе «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына ПИК тарату және ОСИ атты жаңа басқару түріне көшу туралы түзетулерді түсіндіру бойынша ПИК өкілдерімен кеңес өткізді

13.02.2020
Бүгін Аудан әкімі Азамат Қалдыбеков тұрғын үй саясаты басқармасы өкілдерімен бірлесе «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына ПИК тарату және ОСИ атты жаңа басқару түріне көшу туралы түзетулерді түсіндіру бойынша ПИК өкілдерімен кеңес өткізді


12.02.2020
Бүгін, 11 ақпан күні Аудан әкімі Азамат Қалдыбеков аудан тұрғындарымен Ашық диалог және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» мемлекет тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жеке қабылдау өткізді.


07.02.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков халықпен бесінші есеп беру кездесуін өткізді. Есептік кездесуге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы қатысты.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



АЛАТАУ АУДАНЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Алатау ауданының аумағында 23 ықшамаудан орналасқан, жалпы көлемі 10 495 гектар, халық саны 265 990 адамды құрайды.

           ЭКОНОМИКА

Мемлекеттік бюджетке 37 млрд. 94 млн. теңге түсті, жоспар 102% - ға орындалды.

Республикалық бюджетке 22 млрд. 15 млн. теңге түсті, жоспар 101% - ға орындалды.

Жергілікті бюджетке 15 млрд. 78 млн. теңге түсті, жоспардың орындалуы 103% құрады.

Ауданда 4 ірі-орта, 191 шағын өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан.

Өнеркәсіптердегі өндірілген өнімнің көлемі 76 млрд. 209 млн. теңгені құрап, жеке индекс көлемі 104,2% болды.

Ауданның негізгі капиталы мен тұрғын үй қорына салынған инвестиция көлемі 102 млрд. 900 млн. теңгені, бөлшек тауар айналымы 284 млрд. 700 млн. теңгені, көтерме тауар айналымының көлемі 629 млрд. 500 млн. теңгені құрады.

Аудан бойынша киім өндіру, логистика, қоғамдық тамақтану, көкөніс өсіру, кеңсе техникасын сату салаларында бизнес құру үшін 173 млн.теңгеге 11 шағын несие берілді.

«Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 490 гектар жер аумағын құрайтын Индустриалды аймақта өнеркәсіптерінің құрылысы жалғасуда. Бүгінгі күні 43 жоба мақұлданды.

Қазіргі таңда, 5 нысан іске қосылды. Инвестиция көлемі 23 млрд. 43 млн. теңгені құрады, 985 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олар: көкөніс өсіруге арналған жылыжай кешені, қағаз пакеттерін, картридждер, жоғары төзімді металл торлар мен панельдер, жоғары технологиялық кабельдер, скотч және стрейч-пленкалар, энерготиімді архитектуралық қасбеттерді өндіружәне полимерлік бұйымдар өндіру зауыттары.

Аудан аумағында 3645 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде өнеркәсіп саласында – 374, сауда саласында – 1177, көлік және байланыс саласында – 35, білім саласында – 161, денсаулық сақтау саласында – 10, құрылыс саласында – 314 және басқалары – 1574.

Жабайы саудамен күрес мобильді тобымен 162 рейд ұйымдастырды, нәтижесінде 296-дан астам жабайы сауда нүктелері жойылды, 159 дүңгіршек пен 153 заңсыз орнатылған жарнамалар алынып тасталды.

        Қоғамдық көлік

        2019 жылы «Саялы-2» ықшамауданында жаңа көпқабаты үйлерге халықтың қоныстануына және халық санының көбеюіне байланысты №57 қоғамдық көліктің жүру бағыты «Саялы-1» ықшамауданынан «Саялы-2» ықшамауданына дейін ұзартылды («Саялы-2» - Республика сарайы), № 69 қоғамдық көліңтің жүру бағыты Жалайыр көшесі бойымен Аршалы көшесіне дейін ұзартылды, бұл 96 жеке тұрғын үйді қамтуға мүмкіндік берді, №102 бағыт Жалайыр көшесі бойымен №23 емхананың жанындағы Егінсу көшесіне дейін ұзартылды, №201 бағыт Атлетикалық ауылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, №414 бағыты №10 бағытқа ауыстырылып, қоғамдық көліктері жаңартылды.

        Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 9 аялдама кешені орнатылды. Олар: 1. «Саялы-2» ықшамауданы 4 аялдама, 2. Тілендиев көшесінің бойында 2 аялдама, 3. «Кенжехан» базары алдында 1 аялдама, 4. Рысқұлов даңғылы мен Биянху көшесінің қиылысында 1 аялдама, 5. Рысқұлов даңғылы, 228 мекен-жайында 1 аялдама.


ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Құрылыс

Ауданда 37 300 жеке және 655 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан.

2019 жылы жалпы көлемі 404,7 мың шаршы метрді құрайтын 2635 пәтерден тұратын 30 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 40,305 млн. теңгені құрады.

Сонымен қатар, «Алатау сити», «Алмалы», «Алғабас» 3 тұрғын үй кешендерінде жалпы көлемі 170 мың м2 құрайтын 2230 пәтерлі 38 көп қабатты тұрғын үй салынуда.

- «Алатау сити» - көлемі 33,84 мың м2 және 621 пәтерден тұратын 6 көпқабатты тұрғын үй;

- «Алмалы» - көлемі 81,09 мың м2, 869 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үй;

- «Алғабас» - көлемі 55 мың м2, 740 пәтерлі 23 көпқабатты тұрғын үй;

Сондай-ақ, өткен жылы Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасымен СЖТ (сәулет-жоспарлау тапсырмасы) алу арқылы көлемі 107,6 мың м2 құрайтын 628 жеке үйлер заңдастырылды, сонымен қатар «Кедергісіз тұрғын үй» жобасы аясында 11,6 мың м2 құрайтын 112 жеке үй заңдастырылды.

Өткен жылы 930 проблемалық жер учаскелерінің 724-ін заңдастыру шаралары қабылданды. Қалған 206 жер учаскелері су қорғау аумағында орналасқан. Қазіргі таңда Алматы қаласы Әкімдігі Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігімен бірлесе заңға түзетулер енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл тағы 145 жер учаскесін заңдастыруға мүмкіндік береді.

Мектептерде орын тапшылығын жою мақсатында 2019 жылы «Нұркент» ықшамауданында 600 орындық №201 мектеп пайдалануға беріліп, ауданның 3 мектебінің ғимараттарына барлығы 1950 орындық қосымша ғимараттар салынды. Олар: «Шапағат» ықшамауданындағы №151 мектепке 600 орындық, «Теректі» ықшамауданындағы №184 мектепке 600 орындық және «Алғабас» ықшамауданындағы №185 мектепке 750 орындық қосымша ғимараттар салынды.

Қазіргі уақытта «Қарасу» ықшамауданында №164 мектепке 192 орындық қосымша ғимарат салынып, №114 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы аясында ауданда 5 мектептің құрылысы жоспарлануда. Олар: «Саялы» ықшамауданында 1800 орындық, «Томирис» ықшамауданында 1500 орындық, «Нұркент» ықшамауданында 1500 орындық, «Дархан» ықшамауданында 1500 орындық, «Рахат» ықшамауданында 1500 орындық жаңа мектептердің салынуы жоспарланып отыр. Алматы қаласы Білім басқармасы жеке әріптестікті анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер өткізуде. Құрылыс жұмыстарының басталуы 2020 жылдың 2 жартыжылдығына жоспарланған.

Оқушыларға қолайлы жағдай жасап, олардың қауіпсіздігі үшін 3 мектепте, яғни «Шапағат» ықшамауданындағы №150, «Томирис» ықшамауданындағы №156 мектептің филиалына және «Рахат» ықшамауданындағы №196 мектептердің дәретханаларының бөлек орналасуына байланысты аталған мектептердің ғимараттына жапсарлас дәретханалар салынуда.

Сонымен қатар, «Нұркент» және «Саялы» ықшамаудандарында әрқайсысы 320 орындық және «Теректі» ықшамауданында 120 орындық 3 мемлекеттік балабақша салынды.

Ағымдағы жылы «Алғабас» ықшамауданында 120 орындық жаңа балабақшаның ашылуы жоспарлануда.

Алатау ауданында «Жедел медициналық жәрдем станциясы» пайдалануға беріліп, «Паталогоанатомиялық бюроның» құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында «Нұркент» ықшамауданында Инновациялық шығармашылық орталығының (Оқушылар сарайы) құрылысына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы бойынша конкурстық рәсімдер өткізу жоспарлануда.

2019 жылы 382 млн. 482 мың теңгеге «Зерделі» және «Ақбұлақ» ықшамаудандарында 10 аулаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні, 41 млн. 818 мың теңгеге «Саялы, «Зерделі, «Нұркент», «Қарасу», «Теректі» ықшамаудандарында 53 аулаға күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

2019 жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту аясында Кисловодская көшесіндегі №40 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ауыстырылып, Кокорай көшесіндегі №10а үйдің электр желілері қайта жаңартылды. Жалпы жұмсалған қаражат сомасы 11,571 млн. теңге.

Газ желілері

Ауданда 331 шақырым магистральды газ желілері бар және тұрғындардың орталықтандырылған газбен қамтылуы 96%. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз» АҚ «Рахат-Мәдениет» ықшамауданында және «Энергостроитель» мен «Теплоэнергетик» саяжайларында 6,8 шақырым газ құбыры салынды.

Бүгінгі күні газдандырылмаған үйлердің саны 1407 құрайды. Оның 976 жеке сектор, 431 саяжай.

Ауыз су және кәріз жүйелері

Аудан аумағында 756,02 шақырым ауыз су құбыры мен 516,59 шақырым кәріз желілері бар. Қазіргі уақытта 28 650 тұрғын үй, яғни халықтың 79% орталықтандырылған ауыз су құбырларымен және 25 364 үй, яғни халықтың 68% кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген.

«Ұлжан-1,2», «Дархан-Байбесік», «Шаңырақ-2», «Томирис», «АЗТМ-Алғабас», «Көкқайнар» ықшамаудандарында су құбырлары мен кәріз желілерінің құрылысы аяқталды. «Айгерім-1,2», «14-аумақ», «Өжет», «Самғау», «Шапағат», «Қарасу», «Шапағат», «Боралдай», «Алғабас» ықшамаудандарында инженерлік желілердің құрылысы жалғасуда. Желілердің жалпы ұзындығы 201,85 шақырымды құрайды, оның ішінде: су құбыры – 11,95 шақырым, кәріз – 89,9 шақырым, бөлінген қаражат сомасы 11,954 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ, «Көк Қайнар» және «Томирис» ықшамаудандарында кәріз жүйелерін пайдалануға беру үшін 9 сорғы станциясының құрылысы жүргізілуде. Бөлінген қаражат сома 410,7 млн. теңге. Аяқталу мерзімі 2020 жылдың 1-ші жартыжылдығы.

«Шаңырақ-1», «Теректі», «Рахат-Мәдениет», «Әйгерім-1,2», «Алғабас», «Ұлжан-1» инженерлік желілер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

Электр желілері

Аудан аумағында 1224,1 шақырым электр желілері бар, халықтың электр желілерімен қамтылуы 100%. Сонымен қатар, «Теректі», «Алғабас», «Рахат-Мәдениет», «Боралдай» ықшамаудандарындағы 157,414 шақырым ұжымдық пайдаланып отырған электр желілері бар. Бұл желілер соттың шешімімен иесіз деп танылды. Аталған желілерді коммуналдық меншікке қабылдау үшін Алматы қаласы Энергиятиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына берілді. Қазіргі уақытта Басқармамен 143,3 шақырым желі (21 ТП, 7 КЖ) «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ң балансына қызмет көрсету үшін тапсырылды, қалған желілер бойынша құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

«АЖК» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында «Шаңырақ-1,2», «Өжет», «Көк-Қайнар», «Қарасу», «Ақбұлақ», «Самғау», «13-14-аумақ», «Айгерім-1,2» ықшамаудандарындағы электр желілеріне 33,46 млн. теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, «АЖК» АҚ ағымдағы жылы 14 ықшамауданда, яғни «Шаңырақ-1», «Ұлжан-1,2», «Көк-Қайнар», «Қарасу», «Өжет», «Ақбұлақ», «Алғабас», «Теректі», «Боралдай», «Томирис», «Дархан-Байбесік», «Самғау», «14-аумақ» ықшамаудандарында электр желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Құрылыс жұмыстарының жалпы сомасы 79,448 млн. теңгені құрайды.

Жол құрылысы

2019 жылы 4,2 млрд. теңгеге ұзындығы 32,7 шақырымды құрайтын 13 ықшамауданда жаңа жолдың құрылысы басталған болатын, оның ішінде ықшамауданда аяқталды. Олар: «Қарасу» - 14 шақырым, «Ақбұлақ» - 11,6 шақырым, «Көк Қайнар» - 5,5 шақырым, «Саялы – 2» - 1,5 шақырым, қалған ықшамаудандар бойынша 8 млрд. теңгеге 84 шақырым жол құрылысы жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады. Олар: «Ұлжан-1,2», «Алғабас-АЗТМ», «Томирис», «Шаңырақ-1,2», «Дархан-Байбесік», «Айгерім-1,2» ықшамаудандары.

2019 жылы 1,074 млрд. теңгеге 19,2 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар: «Шаңырақ-2» ықшамауданында - 7 көше, «Ұлжан-1» ықшамауданында - 10 көше, «Көкқайнар» - 1 көше, «Айгерім» - 1 көше, «Қарасу» - 1 көше және «Дархан» ықшамауданында - 2 көше.

Сонымен қатар, биылғы жылы 67,4 шақырымды құрайтын 14 ықшамаудандағы көшелерге орташа жол салу жоспарлануда. Олар: «Шаңырақ-2», «Ақбұлақ», «АЗТМ-Алғабас», «Томирис», «Боралдай», «Рахат-Мәдениет», «13-14-аумақ», «Ұлжан-1,2», «Көк-Қайнар», «Қарасу», «Самғау», «Өжет» ықшамаудандары.

«Самғау», «Өжет», «Шаңырақ-5», «Алғабас», «Шапағат» ықшам аудандарында жаңа жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Жобалық-сметалық құжаттамалардың аяқталу мерзімі 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған.

Көріктендіру

«Айгерім-1», «Өжет», «Дархан», «Зерделі», «Ақбұлақ», «Шаңырақ-2» ықшамаудандарындағы 21 көшеде ұзындығы 6 шақырым арық жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Ұлжан-1», «Көкқайнар», «Шапағат», «Шаңырақ-1,2», «Алғабас», «Өжет», «Әйгерім-1,2», «Қарасу», «13,14-аумақ», «Ұлжан-1», «Көкқайнар», «Шапағат», «Шаңырақ-1,2», «Алғабас», «Өжет», «Әйгерім-1,2», «Қарасу», «13,14-аумақ» ықшамаудандарындағы 56 көшеге жалпы ұзындығы 43 шақырым болатын арық жүйелерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

Сондай-ақ, «Шаңырақ-1,2», «Айгерім-1,2», «Боралдай», «Дархан», «Шапағат», «Томирис» және «Өжет» ықшамаудандарындағы 65 көшеде көше жарығының жаңа құрылысы жүргізілуде.

2020-2021 жылдарға ауданның 401 көшесінде 195 шақырым көше жарығының құрылысы жоспарлануда.

Дат сәулетшісі Яна Гейлдің бағдарламасы бойынша 171 млн. теңгеге Рысқұлов даңғылының бойы Шарипов пен Момышұлы көшелерінің аралығында жаяу жүргіншілер аумағын көріктендіру, сондай-ақ, Солтүстік айналым көшесінің бойында «Гелиос» жанармай станциясы мен Балқұрай көшесінің аралығындағы жаяу жүргіншілер аумағын көріктендіру жоспарланған.

Өткен жылы 300 апатты ағаштарды кесу, 3000 ағашты санитарлық кесу, 20 822 ағашты көтеру, 954 ағашты формалап қырқу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, өткен жылы «Нұркент», «Саялы», «Зерделі» және Атлетикалық ауылда 12 079 ағаш отырғызылды.

2019 жылы аудан аумағында 1 жалпықалалық және 7 жергілікті сенбілік өткізілді, оған 20 мыңға жуық тұрғын қатысты, 98 бірлік техника жұмылдырылып, 2300 м3 қоқыс шығарылды.

БІЛІМ САЛАСЫ

Алатау ауданында 28 мектеп жұмыс істейді, онда 45 326 оқушы оқиды.

Өткен оқу жылында 87 үміткер «Алтын белгі» және 82 түлек мектепті үздік аяқтады.

№156, №166, №178, №182 мектептерінде оқитын 56 оқушы қалалық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды.

Ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша 75 дарынды оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде жоғары нәтиже көрсеткен 20 оқушы №178 мектеп-лицейінің оқушылары.

Сондай-ақ, 19 мемлекеттік және 127 жеке меншік балабақша жұмыс істейді, онда 11 158 бала тәрбиеленуде. 2019 жылы 1130 орындық 26 жекеменшік балабақша ашылды.

Өткен жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшаларда 10 315 баланың тәрбиеленуіне бюджеттен 3 млрд. 404 млн. 242 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар, 40 жеке меншік балабақша көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 75 баланы тегін қабылдады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

5 мемлекеттік және 2 жеке меншік медициналық мекеме жұмыс істейді. Тіркелген халық саны 221 002 адам.

Туберкулездің алдын алу мақсатында емханаларда жыл сайын флюорографиялық тексеру жүргізіледі. 2019 жылы ФГ тексеруден 8051 адам өтті. Жоспар 99,3% орындалды.

Медициналық тексеруден өткен халық саны – 144 606 адамды құрады.

Аудан бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуі – 81,3% құрайды.

Науқастарды емдеуде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін 61 квота бөлінді.

Сондай-ақ, ҰОС ардагерлеріне, ҰОС қатысушыларына, тыл еңбеккерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жыл сайын профилактикалық тексерулер және оңалту жүргізіледі. Тәуліктік стационарда 52 адам емделді, күндізгі стационарда 111 адам, үйдегі стационарда 58 адам, санаториялық-курорттық емделуден 93 адам өтті. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 4 млн. 521 мың теңге бөлінді.

Аудан тұрғындарына медициналық қызметтердің жақын жерден алуын қамтамасыз ету мақсатында 5 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, оның ішінде 2019 жылы «Томирис», «Ақбұлақ» және «Түркістан» ықшамаудандарында 3 дәрігерлік амбулатория ашылды. 2020 жылы «Алғабас», «Ақкент», «Өжет», «Саялы-1,2», «Боралдай» ықшамаудандарында тағы 6 дәрігерлік амбулаторияның ашылуы жоспарланған.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Ауданда 18 000 зейнеткер, 8 Ұлы Отан соғысының ардагері және 570 еңбек майданына қатысушы, 5639 мүгедек және 1462 мүгедек бала тұрады.

1282 ана наградалармен марапатталды, оның ішінде 374 ана – "Алтын алқа", 738 ана – "Күміс алқа", 85 ана – 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы», 85 ана – «Батыр ана».

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңесті 17 000-нан астам адам алды, АӘК 4 895 отбасына (25 749 адам)2 млрд. 954 млн. теңге тағайындалды. 2020 жылдың басынан бастап көп балалы отбасылар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақы төленеді, яғни 4 балаға42 500, 5 балаға – 53 125, 6 балаға – 63 750, 7 балаға – 73 375 теңге.

280 млн.теңгеге 4136 адам әлеуметтік көмек алды, сондай-ақ 2262 мүмкіндігі шектеулі азаматтар санаторлық-курорттық емделумен, жеке көмекшілермен, ымдау тілі маманының қызметтерімен, кресло-арбалармен, санитарлық-гигиеналық құралдармен, тифло-сурдоқұралдармен, протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 125 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер бар.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2433 адам жұмысқа орналастырылды. Өз кәсібін ашуға және дамытуға 100 және 200 АЕК көлемінде 14 шағын несие және 660 грант берілді.

«Бақытты отбасы – Алатау» әлеуметтік орталығында 6 228 адам тренингтерге, 2 752 адам көп балалы отбасыларға арналған курстарда оқып, 162 адам жұмысқа орналастырылды.

«ISKER ANA» бағдарламасы бойынша 136 көп балалы ана киім жөндеу, кондитерлік іс, шаштараз, маникюр ісі, балаларды дамыту кітапшаларын дайындау, автокөлік қаптарын тігу сияқты өз бизнестерін ашты.

Сонымен қатар, «Менің Кәсібім» жобасы бойынша 11 көп балалы ана қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы 193 көп балалы ана «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқудан өтті, оның ішінде 127 әйел 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде грант алды.

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданның 900 анасына мерекелік концерт ұйымдастырылып, құттықтау пакеттері таратылды, 9 мамыр – Жеңіс күніне 200 ардагерге азық-түлік пакеттері таратылып, 13 ҰОС ардагерлеріне мерекелік себеттер тапсырылды. Мүгедектер күніне орай 7 спорт түрі бойынша 80 мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында ауданаралық спартакиада өткізіліп, жеңімпаздар Алатау ауданы әкімінің кубоктары, грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан 760 бала мектеп формасымен және құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

Демеушілердің қолдауымен 15 аз қамтылған отбасының үйлері орталықтандырылған газқа қосылып, қатты отынмен жылытатын тұрғын үйлерде 270 өртке қарсы улы газ құрылғылары орнатылды.

Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен 1000 аз қамтылған отбасы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар азық-түлік, жаңа жылдық сыйлықтар, медициналық құралдар, отын, көмір және құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілді.

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ

2019 жылы ауданда 6259 құқық бұзушылық тіркелді, ашылуы 21,5% құрады. Аудан бойынша барлығы 6122 қылмыс тіркелді, ашылуы 20,0%. 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 8,7% - ға азайды. Қылмыстың негізгі түрлері: адам өлтіру – 9, оның 71,4% ашылды, бөтеннің мүлкін ұрлау – 4993, ашылуы – 16,1%, қарақшылық – 8, ашылуы – 66,7%, тонау – 192, ашылуы-33,3%, алаяқтық-524, ашылуы-43,0%, ұрлау мақсатынсыз көлікті иелену-72, ашылғаны-76,9%.

Құқық бұзушылықтың алдын алу және оған қарсы жедел әрекет ету мақсатында Алатау ауданының аумағы 14 патрульдік учаскеге бөлінген және учаскелік полиция пункттері орналасқан.

Сонымен қатар, ауданның 3 ең криминогендік учаскелерінде «Модуль» стационарлық полиция бекеттері орнатылды. Олар: «Саялы» ықшамауданындағы №45 үйдің жанында, «Зерделі» ықшамауданындағы №182 мектептің жанында және «Теректі» ықшамауданы Орталық көшесіндегі №32 үйдің жанында. Стационарлық полиция бекеттері тәулік бойы 2 ауысымдық режимде жұмыс істейді. Аудандағы 48 постқа «Сергек» камералары орнатылды.

        Сонымен қатар, Алатау аудандық полиция басқармасының алдында Фронт-офистің құрылысы жүргізілуде. Бұл жерде тергеу бөлімшелерінің, криминалдық және әкімшілік полицияның, көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кезекшілік етеді және арыз қабылдайтын болады. Фронт-офистің ашылуы биылғы жылдың 2-ші тоқсанына жоспарланып отыр.