2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі-әлеуметтік науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу.

08.04.2020
Коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі-әлеуметтік науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу.


06.04.2020

Алматы қаласының барлық кәсіпорындары ұйымдары үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.




03.04.2020
Дүйсенбіден бастап, «Алматы» телеарнасынан бейнесабақтарды көрсетуді бастаймыз.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлы


Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлы Жамбыл облысы, Тараз қаласында 1984 жылдың                     11 қазанында дүниеге келген. Отбасылы, 2 қызы бар.

2006 жылы «Халықаралық құқық бакалавры» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2008 жылы «Халықаралық құқық магистрі» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2013 жылы «Құқық магистрі» мамандығы бойынша (АҚШ Солтүстік Каролина) Дьюк университетін аяқтаған.

Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлы өзінің еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласының Бостандық ауданының № 2 аудандық сотында жетекші маман болып бастаған.

2008-2011 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің тіркеу және еңбектік бақылау басқармасының тіркеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болып қызмет атқарған.

2011-2013 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту Комитетінің мемлекекеттік қызмет көрсету басқармасының сарапшысы, бас маманы қызметінде жұмыс істеген.

2013-2016 ж.ж. аралығында «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас мененджері, заң департаментінің бас заңгері, басқарма төрағасы хатшылығының басқарма хатшысы лауазымын атқарған.

2016-2017 ж.ж. аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы              КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің бас техникалық басшысы болып қызмет атқарған.

2017-2018 ж.ж. аралғында Еуразия технологиялық университетінің даму жөніндегі проректоры лауазымында қызмет атқарды.

2018 жылдың наурыз айынан маусым айына дейін Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы болып қызмет істеді.

2018 жылдың шілде айынан 2019 жылдың наурыз айына дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымында жұмыс атқарды.

2019 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары болды.

2019 жылдың қазаннан айынан бастап Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

2020 жылдың қаңтар айында Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.