АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
      9 мамыр «Жеңіс күні»

20.05.2019
9 мамыр «Жеңіс күні»


17.05.2019
Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды


16.05.2019
Аудан әкімдігі ғимаратында жұмыспен қамту жөнінде түсіндірме жұмысы өтті.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Коммуналдық-шаруашылық бөліміі


«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің

коммуналдық-шаруашылық бөлімінің

Е Р Е Ж Е С І

1.Жалпы ереже

         1.1.Алатау ауданы әкімі аппаратының коммуналдық-шаруашылық бөлімі (бұдан әрі-бөлім) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің құрылымдық бөлімі болып табылады.

         1.2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Рспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің, қалалық мәслихаттың актілерін, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің жұмыс регламентін, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

         1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді, бөлімнің құрамында бөлім басшысы және 4 бас маман бар.

         1.4. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.

         1.5. Бөлім басшысы мен бас мамандардың міндеттері лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері

         2.1. Бөлімнің қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және құқықтық жағынан бөлім қызметі бойынша қамтамасыз ету.

         2.2. Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.

        

3. Бөлімнің негізгі қызметтері

         3.1. ПИК, ЖҮК, ЖҮИТК, ЖПИК жүргізетін жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау жүргізу.

         3.2. Су, кәріз, газ, жылу, автокөлік жолдары, электр желілеріндегі күрделі және ағымдағы жөндеу жаңа құрылыс жұмыстарын бақылау.

         3.3. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйелеріне, жоғарлатылған белгіленген құрылыстық және эксплуатациялық коммуналдық тұрғын үй объектілері бойынша дамыту және көмек көрсету.

         3.4. Жылдық және перспективалық жоспарда су-құбыр, газ, жылу, электр желілері, автокөлік жолдары мен тротуарлар құрастырылуы арқылы қатысады.

         3.5. Алатау ауданы әкімінің аппаратына коммуналды қызмет сұрақтары бойынша материалдарды дайындап, орналастыру.

         3.6. Жеке тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау.

         3.7. Авариялық жағдайларды жою мақсатында авариялық қызметтердің жұмысын үйлестіреді, аудандағы қазу мәселелерін үйлестіреді және бақылайды (жылу жүйелері,электр жүйелері).

         3.8. Бюджетті қалыптастыру үшін қызмет көрсетушілермен бірлесе отырып магистралды және екінші дәрежелі инженерлік тараптардың ақауы жөніндегі ведомосты әзірлеу.

         3.9. Заңды және жеке тұлғаларға тұрғын-үй және энергетика саласындағы заңдылықтарды түсіндіру жөнінде жұмыстар жүргізу.

         3.10. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен, Алматы жылу жүйелерімен, солтүстік шығыс энергетикалық кешенімен, Алатау жарық компаниясымен (аудандық электр торабы-1, аудандық электр торабы-3, аудандық электр торабы -4, аудандық электр торабы -7), Алматы жарық, ҚазТрансГаз-Алматы мен өзара байланыста болады.

         3.11. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының және құрылыстың дамуына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының объектілерін және құрылысқа бөлінетін күрделі салымды пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша көмек көрсетеді.

3.12. Тұрғындарды қабылдау, азаматтардан түскен хаттарды қарау.

4. Бөлімнің құқықтары

         4.1. Бөлім қызметіне қатысты әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдарынан қажетті ақпараттарды, мәліметтерді талап ету.

         4.2. Аудан әкімі аппаратының регламентіне және жоспарына сәйкес тиісті іс-шараларды өткізуге, қажетті ақпараттар мен мәліметтерді дайындау үшін бөлім мамандарын және тиісті мекемелерді тарту.

         4.3. Аудан әкімінің бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау.

        

5. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі

5.1. Бөлімнің қызметтік міндеттемелеріне сәйкес жүктелген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалмауы.

5.2. «Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-не тиесілі мүліктің және материалды құндылығы бар заттардың күтіп ұстамағандығы үшін жауапқа тартылады.

5.3. Қызметтік және мемлекеттік маңызы бар мәліметтердің айқындалуы.

Бөлім басшысы: Тоқтасынов Әділет Қайратұлы 

Мекен жайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Шаңырақ ықшамауданы, Жанқожа батыр 26, 302 каб. 

Телефон: 299-86-83