АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

16.11.2017
«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау орталығы ашылды


02.11.2017

Алатау ауданында қарттар айлығының қортындысы талқыланған жиналыс өтті



30.10.2017

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді


  • Негізгі бет
  • Біздің аудан
  • Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы


Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) туралы Ереже бекітілсін.

2. Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі заңнамамен белгіленген тәртіпте Мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласы әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.

3. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 4/1007 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Сауранбаевқа жүктелсін.

Алматы қаласының әкімі                                                                         Б.Байбек

Енгізуші:

Алматы қаласы

Алатау ауданының әкімі                                                                         Б. Мәнізоров

Келісілді:

Алматы қаласы әкімі

аппаратының басшысы                                                                         Б. Сенбеков

Алматы қаласы әкімі аппараты

заң бөлімінің меңгерушісі                                                                       А. Қасымова