АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
                  Аудан әкімі  халықпен көшпелі  кездесуде

17.07.2019
Аудан әкімі халықпен көшпелі кездесу өткізді


11.07.2019
Күміс алқа иегерлер қатары артты


06.07.2019
6 шілде еліміздің Бас қаласы Нұрсұлтанның туған күні аталып өтті

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Көріктендіру бөлімі


«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің

көріктендіру бөлімінің

Е Р Е Ж Е С І

1.Жалпы ереже

         1.1. Алатау ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімі (бұдан әрі-бөлім) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің құрылымдық бөлімі болып табылады.

         1.2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Рспубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің, қалалық мәслихаттың актілерін, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің жұмыс регламентін, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

         1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді, бөлімнің құрамында бөлім басшысы, 2 бас маман және 1 жетекші маман бар.

         1.4. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.

         1.5. Бөлім басшысы мен бас мамандардың міндеттері лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері

2.1. Президент жарлығы, ҚР Үкіметінің қаулысы қала және аудан әкімінің шешімі мен өкімінің аудандық көріктендіру, көгалдандыру жөніндегі орындалуын қадағалау.

2.2. Механикалық түрде жолды тазалауды, тротуарлар мен арықтардың тазалығын, көгалдандыруды, көше шамдары, жұмыс істеуін бақылау.

2.3. Аудан аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылуын қадағалау.

2.4. Азаматтардың арыздары мен өтініштерін заңда көрсетілген мерзімде   орындау.

2.5. Көгалдандыру, көше жарығына, тазалықты қадағалау.

2.6. Техникалық тексеріс жұмыстарын орындауда көріктендіру ережесін іске асыру.

2.7. Тапсырма берілгеннен кейін ауданды аралап, тексеріп шығу.

        

3. Бөлімнің негізгі қызметтері

3.1. Бөлімге келіп түскен жұмыстарды белгілі жоспар арқылы орындау.

3.2. Бөлім қызметкерлерінің арасындағы міндеттері мен тиісті жұмысты      атқару бойынша бөлу.

3.3. Көріктендіру, санитарлық тазалық және көгалдандырудың бағдарламасын     жасау.

3.4.    Жол тазалау, тротуарларды толық техникалық қадағалаудан өткізу және олардың орындалуын іске асыру.

3.5.    Ауданда санитарлық тазалық пен көріктендіруді қадағалау.

3.6.    Қатты тұрмыстық қалдық шығарушы мекемелердің жұмыстарын          қадағалау.

3.7.    Бөлімаралық орындауларды қадағалау қызметін жүзеге асыру.    

3.8.    Азаматтардың арыздары мен өтініштерін заңда көрсетілген мерзімде орындау.

3.9.    Барлық құжаттарды компьютерде және электрондық тартушыларға сақтау.

3.10.    Техникалық қадағалаудың орындалуы, парктер мен саябақтарға, арықтарға тазалық жүргізуге және гүлдердің отырғызылуына бақылау жасау.

3.11.    Қадағалау және актілерді зерттеу кезінде, ағаштарды санитарлық тұрғыдан кесу жұмыстарының орындалуын бақылау.

3.12.    Аудан аумағынының көріктендіру мен көгалдандыру сұрақтарын үйлестіру және бақылау.

         3.13. Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бөлімде атқарылатын жұмыстар бойынша бюджеттік тапсырыс дайындау.

         3.14. Төтенше жағдайлардың алдын алу және авариялық қалпына келтіру   жұмыстарын ұйымдастыру. Аудандық Төтенше Жағдайлар бөлімімен бірігіп жұмыс жасау.

4. Бөлімнің құқықтары

         4.1. Бөлім қызметіне қатысты әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдарынан қажетті ақпараттарды, мәліметтерді талап ету.

         4.2. Аудан әкімі аппаратының регламентіне және жоспарына сәйкес тиісті іс-шараларды өткізуге, қажетті ақпараттар мен мәліметтерді дайындау үшін бөлім мамандарын және тиісті мекемелерді тарту.

         4.3. Аудан әкімінің бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау.

        

5. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі

5.1. Бөлімнің қызметтік міндеттемелеріне сәйкес жүктелген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалмауы.

5.2. «Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-не тиесілі мүліктің және материалды құндылығы бар заттардың күтіп ұстамағандығы үшін жауапқа тартылады.

5.3. Қызметтік және мемлекеттік маңызы бар мәліметтердің айқындалуы.

Бөлім басшысы: Баймбетов Төребек Бөрібекұлы 

Мекен жайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Шаңырақ 2, Жанқожа батыр 26, 310 каб.

Телефон: 299-86-33, 299-86-24