АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
      9 мамыр «Жеңіс күні»

20.05.2019
9 мамыр «Жеңіс күні»


17.05.2019
Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды


16.05.2019
Аудан әкімдігі ғимаратында жұмыспен қамту жөнінде түсіндірме жұмысы өтті.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі


«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

Е Р Е Ж Е С І

1.Жалпы ереже

         1.1.Алатау ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі-бөлім) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің құрылымдық бөлімі болып табылады.

         1.2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің, қалалық мәслихаттың актілерін, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің жұмыс регламентін, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

         1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді, бөлімнің құрамында бөлім басшысы және 2 бас маман бар.

         1.4. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.

         1.5. Бөлім басшысы мен бас мамандардың міндеттері лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері

2.1. Бөлімнің қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және құқықтық жағынан бөлім қызметі бойынша қамтамасыз ету.

         2.2. Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.

        

3. Бөлімнің негізгі қызметтері

         3.1. Мәдениет және тілдерді дамыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент Жарлықтарының, ҚР Парламенті мен Үкіметінің Қаулылары, Алматы қаласы мен аудан әкімінің мәдениет және тіл саласындағы қаулыларының орындалуына бақылау жүргізу.

         3.2. Ауданның әлеуметтік-мәдени тұрғыда дамуы, Қазақстан халқының салт-дәстүрі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тіл және басқа да ұлттар тілінің дамуы аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

         3.3. Мәдени мекемелердің жұмысын үйлестіру және олардың жұмысына ықпал ету. Тарих, мәдениет құндылықтарын, ескерткіштерді қорғау және ономастика жұмыстарын ұйымдастыру.

         3.4. Қазақстан Республикасының күнтізбесіндегі мерекелік күндерге, жоспарға сәйкес ауданда көпшілік мәдени іс-шаралар жүргізу. Осы шараларға сапалы дайындық жасалуын қамтамасыз ету.

         3.5. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін мәдени, спорттық іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру.

         3.6. Мәдениет және тіл мәселелеріне байланысты жоғарғы органдардан түскен құжаттар бойынша материалдар даярлау және олардың өз міндетімен орындалуын бақылау.

         3.7. Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасымен бірлесе әрекет ету.

         3.8. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасына есеп беру.

         3.9. Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына есеп беру.

         3.10. Тілдерді дамыту, мәдениет және спорт мәселелеріне байланысты көпшілік мәдени іс-шаралар, қызметтік кездесулер, жиналыс, мәжіліс, семинар, дөңгелек үстел өткізуді ұйымдастыру, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру.

        

4. Бөлімнің құқықтары

         4.1. Бөлім қызметіне қатысты әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдарынан қажетті ақпараттарды, мәліметтерді талап ету.

         4.2. Аудан әкімі аппаратының регламентіне және жоспарына сәйкес тиісті іс-шараларды өткізу, қажетті ақпараттар мен мәліметтерді дайындау үшін бөлім мамандарын және тиісті мекемелерді тарту.

         4.3. Аудан әкімінің бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау.

        

5. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі

5.1. Бөлімнің қызметтік міндеттемелеріне сәйкес жүктелген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалмауы.

5.2. «Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-не тиесілі мүліктің және материалды құндылығы бар заттардың күтіп ұстамағандығы үшін жауапқа тартылады.

5.3. Қызметтік және мемлекеттік маңызы бар мәліметтердің айқындалуы.

Бөлім басшысы: Бауыржанова Айжан Бауыржанқызы

Мекен жайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Шаңырақ ықшамауданы, Жанқожа батыр 26, 402 каб.

Телефон: 299-86-49