АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
      9 мамыр «Жеңіс күні»

20.05.2019
9 мамыр «Жеңіс күні»


17.05.2019
Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды


16.05.2019
Аудан әкімдігі ғимаратында жұмыспен қамту жөнінде түсіндірме жұмысы өтті.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлім


«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің

кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің

Е Р Е Ж Е С І

1.Жалпы ереже

         1.1.Алатау ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімі (бұдан әрі-бөлім) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің құрылымдық бөлімі болып табылады.

         1.2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің, қалалық мәслихаттың актілерін, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің жұмыс регламентін, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

         1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді, бөлімнің құрамында бөлім басшысы және 3 бас маман бар.

         1.4. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.

         1.5. Бөлім басшысы мен бас мамандардың міндеттері лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

        

2. Бөлімнің негізгі міндеттері мен қызметтері

2.1. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету.

2.2. Кәсіпкерлік саласындағы сауда-саттық, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету объектілерінің ашылуына, жұмыс жүргізу барысында туындаған мәселелеріне кеңестік көмек көрсете отырып, Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, қалалық және аудандық бақылаушы органдармен өзара байланыс орнатуға қолдау көрсетеді.

2.3. Кәсіпкерлік қызметті және бизнесті дамыту, тұтынушылар кеңестігі, тұрғындарға қызмет көрсету мәселері жөніндегі қала әкімдерінің шешімдерін, өкімдерін орындау.

2.4. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, қызмет көрсететін мекемелер мен кәсіпорындардын жұмыстарын үйлестіру.

2.5. Базарларды дамыту жоспарының орындалуына және оларды оңтайландыру жұмыстарына бақылау жасау.

2.6. Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштерін уақытылы қаралуын жүргізу.

2.7. Аудандық АҚ және ТЖ қызметтерінің сауда және тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру.

2.8. Заңсыз сауданы жою мәселелері бойынша аудандық ІІБ ЖПҚ, ҚДСБ, жұмысын үйлестіру.

2.9. Иесіз жануарларды ұстаумен айналысатын мекеменің жұмысын үйлестіру.

2.10.Қоғамдық көлік бағыттарын ретке келтіру.

2.11. Тұрғындарды қабылдау, азаматтардан түскен хаттарды қарау.

4. Бөлімнің құқықтары

         4.1. Бөлім қызметіне қатысты әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттарды, мәліметтерді талап ету.

         4.2. Аудан әкімі аппаратының регламентіне және жоспарына сәйкес тиісті іс-шараларды өткізуге, қажетті ақпараттар мен мәліметтерді дайындау үшін бөлім мамандарын және тиісті мекемелерді тарту.

         4.3. Аудан әкімінің бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау.

        

5. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі

5.1. Бөлімнің қызметтік міндеттемелеріне сәйкес жүктелген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалмауы.

5.2. «Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-не тиесілі мүліктің және материалды құндылығы бар заттардың күтіп ұстамағандығы үшін жауапқа тартылады.

5.3. Қызметтік және мемлекеттік маңызы бар мәліметтердің айқындалуы.

Бөлім басшысы:Қалдыбаев Саттар Арынұлы

Мекен-жайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Шаңырақ ықшамауданы, Жанқожа батыр 26, 312 каб.

Телефон: 299-86-62