АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
      9 мамыр «Жеңіс күні»

20.05.2019
9 мамыр «Жеңіс күні»


17.05.2019
Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды


16.05.2019
Аудан әкімдігі ғимаратында жұмыспен қамту жөнінде түсіндірме жұмысы өтті.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



АХАЖ бөлімі


«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің

Е Р Е Ж Е С І

1.Жалпы ереже

1.1. Алатау ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі-бөлім) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің құрылымдық бөлімі болып табылады.

         1.2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексті, мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің, қалалық мәслихаттың актілерін, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің жұмыс регламентін, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

         1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді, бөлімнің құрамында бөлім басшысы және 1 бас маман бар.

         1.4. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.

         1.5. Бөлім басшысы мен бас мамандардың міндеттері лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

2.  Бөлімнің қызметі

2.1. Азаматтық хал актілерін  мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, оның ішінде баланың тууын, әке болуды анықтауды, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, бала асырап алуды, атың, әкесінің атын және тегін ауыстыруды, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу.         

3. Бөлімнің негізгі міндеті

3.1. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету, қалпына келтіру және жою тәртібін жүргізу.

3.2. Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында зияткерлік меншік құқықтық қорғау саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.

3.3. Құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатың қамтамасыз ету.  

         3.4.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру.

3.5. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы акт жазбаларының бірінші даналарынан мұрағаттық қорын  қалыптастыру және оны есепке алуды, сақталуың қамтамасыз ету.Электрондық мұрағаттық қорын қалыптастыру.

3.6. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді, анықтамаларды және актілік жазбалардың көшірмелерін беру жұмыстарын ұйымдастыру.

3.7. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қатаң есептегі гербілі бланкілеріне бақылау, сақтау және қолдану жұмыстарын ұйымдастыру.

3.8. Азаматтық хал актілерді тіркеу мәселелері бойынша, ақпараттарды және статистикалық есептерді дайындау.

3.9. Субвенция бойынша есеп дайындау және

3.10. Аудан әкімінің мүддесін қорғау мақсатында сот үрдістеріне қатысу.

3.11. Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша, АХАТ органдарының жұмыс тәжірбиесін жинақтау және оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.

3.12. Бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша Әуезов ауданы  әкімінің және Алматы қаласы Әділет депртаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қарауына ұсыныстар енгізу.

3.13. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын  қарастыру.

4. Бөлімнің құқықтары

         4.1. Бөлім қызметіне қатысты әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдарынан қажетті ақпараттарды, мәліметтерді талап ету.

         4.2. Аудан әкімі аппаратының регламентіне және жоспарына сәйкес тиісті іс-шараларды өткізуге, қажетті ақпараттар мен мәліметтерді дайындау үшін бөлім мамандарын және тиісті мекемелерді тарту.

         4.3. Аудан әкімінің бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау.

5. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі

5.1. Бөлімнің қызметтік міндеттемелеріне сәйкес жүктелген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалмауы.

5.2. «Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-не тиесілі мүліктің және материалды құндылығы бар заттардың күтіп ұстамағандығы үшін жауапқа тартылады.

5.3. Қызметтік және мемлекеттік маңызы бар мәліметтердің айқындалуы.

Бөлім басшысы: Кунчашева Айнур Болатқызы

Мекен-жайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Шаңырақ 2 ықшамауданы, Жанқожа батыр, 24

Телефон: 299-86-79