АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
      9 мамыр «Жеңіс күні»

20.05.2019
9 мамыр «Жеңіс күні»


17.05.2019
Алматыда төтенше жағдайлар туралы жедел хабарлауға арналған тегін мобильді қосымша іске қосылды


16.05.2019
Аудан әкімдігі ғимаратында жұмыспен қамту жөнінде түсіндірме жұмысы өтті.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Персоналды басқару қызметі бөлімі


«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің персоналды басқару қызметі бөлімінің

Е Р Е Ж Е С І

1.Жалпы ереже

1.1. Алатау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімі (бұдан әрі-бөлім) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің құрылымдық бөлімі болып табылады.

         1.2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің, қалалық мәслихаттың актілерін, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің жұмыс регламентін, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

         1.3. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді, бөлімнің құрамында бөлім басшысы және 1 бас маман бар.

         1.4. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімінің өкімімен жүзеге асырылады.

         1.5. Бөлім басшысы мен бас мамандардың міндеттері лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Бөлімнің негізгі міндеттері

2.1. Аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және кадрлық саясат жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді орындау.

2.2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және аудан әкімінің актілерімен тапсырылған басқа да мәселелерін қарастыру.

3. Бөлімнің негізгі қызметі

3.1. Аппарат бөлімдерімен бірге ағымдағы және келешек жоспарының дайындалуын және орындалуын қамтамасыз етеді.

3.2. Аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және кадрлық саясат жөніндегі орындау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді.

3.3. Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылған біліктілік талаптарға сәйкес конкурс өткізу.

3.4. Аудан әкімінің аппаратын уақытылы әкімшілік қызметшілерімен, керекті санмен, қажетті мамандықтармен, штаттық кестеге сәйкес біліктіліктерді толықтыру.

3.5. Аппарат қызметшілерінің жеке ісін жүргізу, өзгерістер, толықтырулар енгізеді, қызметшінің бұрынғы, қазіргі еңбек қызметіне анықтамалар беру, еңбек кітапшаларды сақтау, толтыру және кадр бойынша белгіленген құжаттама жүргізу.

3.6. Шешімдерді, тағайындау және жұмыстан босату бойынша өкімдерді, мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты қызмет туралы тізімді тіркеу, заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің шектеулерді қабылдауын тіркейді (өзі қабылдаған шектеулерді бұзған жағдайда құқықтық салдар қолданатыны туралы хабардар ету) және мемлекеттік қызметке байланысты мемлекеттік қызметшілермен шектеулердің сақталуына бақылау жүргізу.

3.7. Қызметкерлер арасында аттестаттау жұмысын ұйымдастыру, осы сұрақтар бойынша Алматы қаласы әкімінің аппаратымен және Алматы қаласы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жесқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен өзара қатынасу.

3.8. Конкурстық, аттестатциялық, тәртіптік комиссиялар жұмысы бойынша ақпарат дайындау.

3.9. Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін еептеу жұмысын жүргізу және еңбек өтілін анықтау үшін аудан әкімі аппаратының комиссиясына қарастыруға енгізу.

3.10. Аппараттағы еңбек тәртібін сақталуын бақылау.

3.11. Қызметттік куәліктерді беру және есептеу жұмысын жүргізу.

3.12. Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтуін, сынақтан өтуін, тағылымдамадан, тәлімгерліктен өтуін ұйымдастыру және бақылау.

3.13. Жыл сайынғы құрамдық және ауысымдық кадрлар бойынша статистикалық есеп дайындау.

3.14. Табельдік есеп үйлестіру, демалыс кестесін құрастыру және орындау, кадрлардың тұрақтамауы бойынша сараптама жүргізу, аппараттағы еңбек тәртібін бақылау, қызметкерлермен ішкі еңбек тәртібі Ережесін сақталуын бақылау және еңбек тәртібін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізу.

3.15. Мемлекеттік қызметке орналасқан қызметкердің міндетті арнайы тексеруге құжаттарын дайындау.

3.16. Алатау ауданы әкімі аппаратының жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлерінің кадрлық тіркеу бойынша жеке ісін жүргізу, өзгерістер, толықтырулар енгізеді, қызметкерлердің жұмыс орнынан қазіргі еңбек қызметі бойынша анықтамаларды берілуін жүзеге асырады, еңбек кітапшаларын толтыру мен сақталуын қамтамасыз етеді, белгіленген кадр құжаттамасын жүргізу.

3.17. Алатау ауданы әкімі аппаратының жанындағы жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерін және техникалық персонал қызметкерлерін жұмысқа қабылдау туралы аудан әкімінің өкімін тіркеу.

3.18.Алатау ауданы әкімі аппаратының жанындағы жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлерінің және техникалық персонал қызметкерлерінің жұмыс өтілін есептеу.

3.19.Мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалауын өткізу.

3.20. Құрылымдық бөлімшені қайта құру немесе тарату кезінде тиісті жыл аяқталуына байланысты аудан әкімі аппаратының ведомствовалық мұрағатына құжаттарды уақытылы тапсыруды ұйымдастыру.

4. Бөлімнің құқықтары

         4.1. Бөлім қызметіне қатысты әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдарынан қажетті ақпараттарды, мәліметтерді талап ету.

         4.2. Аудан әкімі аппаратының регламентіне және жоспарына сәйкес тиісті іс-шараларды өткізуге, қажетті ақпараттар мен мәліметтерді дайындау үшін бөлім мамандарын және тиісті мекемелерді тарту.

         4.3. Аудан әкімінің бөлім жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар жасау.

5. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі

5.1. Бөлімнің қызметтік міндеттемелеріне сәйкес жүктелген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалмауы.

5.2. «Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ-не тиесілі мүліктің және материалды құндылығы бар заттардың күтіп ұстамағандығы үшін жауапқа тартылады.

5.3. Қызметтік және мемлекеттік маңызы бар мәліметтердің айқындалуы.

Бөлім басшысы: Нүркеева Баян Сағынтайқызы

Мекен жайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Шаңырақ 2 ықшамауданы, Жанқожа батыр, 26, 408 каб.

Телефон: 299-85-48