АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2019
"Танысу " тренингтері жүргізілді.


19.09.2019
Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Алатау ауданының «Бақыт отбасы» орталығы өз есігін айқара ашты.


17.09.2019
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Алатау ауданы ПБ кадр саясаты бөлімшесі ұйымдастырған ашық есік іс - шарасы өткізілді.

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Некеге отырушылар үшін жаднама


Құрметті күйеу жігіт пен қалындық!    

- Бүгін сіз неке қию туралы өтініш бердіңіз, осылайша өзіңіздің отбасыңызды, өзіңіздің кішкентай әлеміңізді құру жолындағы алғақы қадам жасадыңыз! Ал сіз онда жайлы және бақытты болуыңыз тек сіздерге байланысты.

Отбасылық қарым-қатынастардың негізгі заңдылық құжаты 2011 жылғы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі болып табылады. Онда отбасылық өмірде пайда болуы мумкін көптеген маңызды сұрақтарға жауап табуға болады. Отбасылықарым-қатынас енуші жастардың құқықтық сауаттылығы бұл отбасындағы өзара қатынастарды бастапқыдан дұрыс қалыптастыру мүмкіндігі болып табылады.

Неке құрушылар үшін білу маңызды:

- Неке отбасын құру мақсатындағы неке құрушылардың тек өзара келісімі боиынша жүзеге асырылуы мумкін. Ешбір жағдайда неке құру үшін мәжбүрлеуге жол берілмейді. Мұндай неке кейіннен жарамсыз болып табылуы мумкін.

- Өзара келісім бойынша неке құрушылар медициналық-генетикалық мәселелер бойынша, сондай-ақ ұрпақты болу денсаулығын қорғау мәселелері бойынша (дені сау баланың бітіуі, оны көтеру және зерттеуден өту мүмкін. Осындай зерттеулердің нәтижелері азаматтың неке құруға ниет білдірген тұлғасының келісімімен хабарлануы мумкін.

Неке қию тіркелгеннен кейін неке құрушыларда ерлі-зайыптылардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттері пайда болады.

- Біріншіден, бұл, отбасыңда ерлі-зайыптылардың теңдік құқығы, яғни, ерлі-зайыптылар тең құқықтарға ие болып, тең міндеттерді ақарады.

- Тепті таңдау құқығы, ерлі-зайыптылар олардың біреуінің тегін ортақ тек ретінде таңдай алуы немесе олардың некеге дейінгі тегінде қалуы болып табылады. Сондай-ақ, өз тегіне жолдасының тегін сызықша арқылы қосып, осылайша қос тек иесі атану мумкіндігі бар.

- Отбасындағы мүліктік құқықтар мен міндеттерін анықтау үшін неке құрушылар неке шартын жасай алады. Некеге тұомас бұрын немесе некеде тұрған кезде кез келген уақытта нотариуста шарт жасасу мүмкін.

Болашақ жұбайлардың ең маңызды парызы отбасындағы қарым-қатынасты өзара сыйластық және көмек негізінде орнату, отбасының әл-ауқатын ықпалдау және нығайту, өз балаларының денсаулығына, олардың дамуы мен әл-ауқатына қамқорлық ету парызы және т.б.

Той - бұл әрбір адамның өміріндегі ең бақытты күні деп аталып кеткен. Ал бұл таң қаларлық емес: осы куні сіз махаббат, нәзіктік және ОТБАСЫЛЫҚ бақытқа толы жаңа әлемге енесіз

Неке тіркеу күні Сіз бір-біріңіздің, отбасы, ата-ана, қоғам, мемлекет және сіздің балаларыңыздың болашағының алдында үлкен қарыз аласыз. Отбасын құру – Сіздің өміріңіздегі ең маңызды және бірегей шешімдердің бірі және ерекше жауапкершілікті талап ететіні өте маңызды қадам болып табылады.

Отбасындағы жақын тұрақты қатынастар – бұл күрделі жүйе, өйткені, отбасы – бұл тірі ағза. Ол жүйеде тиімді және ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, өзара іс-қимыл тетіктері, жұмыс істеу қағидалары бар.

Отбасын сақтау ушін, отбасында үлкендерге, ата-аналарға құрмет, ерлі-зайыптылардың бір-біріне сүйіспеншілігі болуы және балаларды құрмет пен даңқа тәрбиелеуі қажет.

Әке мен ана бір-біріне және балаларды жақсы көретін, Сіздің отбасы шын мәнінде бақытты болсын. Сіздің балаларыңыз бақытты отбасының қандай екенін білсін. Сіздің Бақытты отбасылық өмірдің мысалы, болашақта олардың мақсаты мен мұратына айналасын.

Шетелдіктермен неке қиюшы Қазақстанның азаматтары осындай жұп жасасудың ықтимал құқықтық және әлеуметтік салдары туралы хабардар болуы және ескертілуі тиіс.

Біріншіден, шетелдіктермен неке құрудан бұрын сіздің болашақ жұбайыңыз (зайыбыңыз) азаматы болып табылатын елдің азаматтық және отбасылық құқықтың ерекшеліктерімен танысуды ұсынамыз. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде ортақ балаларға қатысты, сондай-ақ осындай некені бұзудың құқықтық салдарына ерекше көңілді аудару қажет.

Бұл, осы некеде туған балалардың құқықтары, сіздің құқықтарыңызды бұзумен байланысты, кез келген мәселелерді шешуде дұрыс көзқарас пен мінез-құлыққа дайын болу үшін өмірдегі нақты жағдайда туындауы мүмкін көптеген жағымсыз сәттерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Кейбір елдердің заңдары бойынша, шетел азаматтарымен некеге тұратын кезде олардың елінің азаматтарының некеге жарамды деп тану жөніндегі осы мемлекеттің құзіретті органының рұқсатын алуды талап етеді. Тиісінше, осы келісімсіз тіркелген неке Сіздің таңдау жасалған азаматтың елдің танылмауы мүмкін және басқа да көптеген күрделі жағдайлар тудыруы мүмкін, ол кезде некеге тұрған адамның кез келген құқықтарын қорғау туралы айту айтарлықтай қиын болады.

Шетел азаматымен Қазақстанның азаматы Қазақстанның аумағында кез келген Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімінде, Қазақстанның шетелдегі консулдық мекемелерінде неке жасасуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, неке тіркелгеннен кейін сіз Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес құжат (басқа сөзбен айтқанда, Қазақстанның үлгісі бойынша) аласыз.

Шет мемлекеттерінің уәкілетті органдарында неке қиған жағдайда сіз Қазақстан аумағында оны пайдалану үшін заңдастыру немесе апостиль қою қажет етілетін құжатты аласыз. Қазақстан аумағында мұндай некені қайта тіркеудің қажеті жоқ, бұдан бұрын көрсетілгендей сіздің құжатыңызды апостильдеу немесе заңдастыру жеткілікті болады.

Шетелдікпен некені тіркеу үшін болашақ ерлі-зайыптылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсету қажет. Шетелдік, басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, нотариалды куәландырылған оның мәтінінің қазақ немесе орыс тіліне аудармасын қамтамасыз ету қажет. Мұндай құжаттардың мәтінін аударудың дұрыстығы дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде, шетелдіктің азаматтығы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекеттің Сыртқы істер министрлігімен куәландырылған болуы мүмкін.

Сонымен қатар, бұрын тіркелген неке (азаматтар бұрын некеде тұрса), тоқтатылғанын растайтын құжаттар (болмаса-некеге қабілеттік туралы анықтама) табыс етілуі тиіс.

 Шетелдік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болу заңдылығын растайтын құжатты ұсынуы керек.