АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.

23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.


09.06.2017
1 маусымында Алатау ауданында кенеге қарсы улау шарасы өтті.

  • Негізгі бет
  • Біздің аудан
  • «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже


Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «__»________

№___ қаулысымен бекітілді

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің қызметін ақпараттық - талдау, ұйымдастырушылық - құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімінің басқа да актілермен ресімделетін шешімдер және өкімдер қабылдайды.

7. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

8. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 050061, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Шаңырақ-2» шағынауданы, Жаңқожа батыр көшесі, 26.

9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Алатауского района города Алматы».

10. Осы Ереже «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің қызметiн қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35, 38 баптарына сәйкес «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып табылады:

1) Алматы қаласы Алатау ауданы ә кiмінiң қызметiн ақпараттық талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасасу;

15. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фукциялары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 38 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 12, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 6 бабына,

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заңының 8 бабының 2 тармағына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» №56 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 04 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Преидентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» №954 Жарлығына сәйкес айқындалған:

1) әкімшілік-ұйымдық:

азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;

мемлекеттік тіл мен барлық басқа тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдайлар жасау;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру;

салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;

өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет

көрсетудi ұйымдастыру;

қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;

Алматы қаласы Алатау ауданының абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

2) ақпараттық-талдау:

стратегиялық және көрсеткіштік жоспарлардың, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі аумақтық бағдарламаларды дайындауды және бақылауды ұйымастыру;

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат

құралдарында жариялау;

3) құқықтық;

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің шешімдерін, өкімдерін уақтылы рәсімдеу;

сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

құқықтық тәртіппен заңдылықты қамтамасыз етуде қылмысқа қарсы күрес саласында құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

4) кадрлық:

кадрлық құрам бойынша ұсыныстарды зерделеу, дайындау және енгізу;

мемлекеттік қызметшілердің және «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдері қызметтерінің тиімділігін бағалау;

қызмет бағыттары бойынша жұмыс сапасы мен оның нәтижелілігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

5) гендерлік аспектілерді қарау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцяларды жүзеге асыру;

16. Жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзіреті шегінде «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құқылы:

өз құзіретіндегі мәселелер бойынша бақылау және үйлестіруді жүзеге асыру;

заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттік органдардан, мекемелер мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдарды алуға;

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізетін мәселелері бойынша, оның ішінде арнайы байланысты пайдалану және мәліметтерді жолдау арқылы мемлекеттік және заңды тұлғалармен қызметтік хат-хабарлар жазысуға;

жоғары тұрған органдарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

стратегиялық жоспарды және (немесе) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкiмгері болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды енгізуге;

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабында белгіленген тәртіпте, сотқа талап арызбен жүгіну;

өзіне берілген мүлікті басқаруға;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға.

3. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.

18. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

19. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты басшысының құзыреттері:

1) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына басшылық жасайды және ұйымдастырады;

2) Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әкімдігіне «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуге ұсынады;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілікте болады;

4) ұсыныстар енгізеді:

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі орынбасарларының арасында міндеттерін бөлу бойынша;

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы жөнінде;

бөлінген еңбекақы төлеу қорының шегінде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемақылар және қосымшаақылар бойынша;

көтермелеу мен тәртіптік жаза қолдану мәселесі бойынша, ;

5) жалпы басшылық жасайды және «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметін үйлестіреді;

6) Алатау ауданының әкімі қабылдаған шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жұмыстарын үйлестіреді;

7) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

8) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

9) әкімнің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың Алатау ауданының әкімі қабылдаған актілерінің орындалуы мәселелері жөніндегі келіспеушіліктерді қарау жөніндегі мәжілістерді шақырады;

10) Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі жүктеген басқа да функцияларды орындайды;

11) заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы құқылы:

аудандық қызметтердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларынан Алатау ауданы аудан әкімі үшін қажетті материалдарды, аудан әкімінің актілерінің орындалуы туралы есептерді талап етуге;

қолданыстағы заңнаманың талаптарына және аудан әкімінің қарауына енгізу тәртібіне сәйкес келмеген жағдайларда материалдарды және Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі актілерінің жобаларын қайтаруға;

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

21. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.