АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
                  Аудан әкімі  халықпен көшпелі  кездесуде

17.07.2019
Аудан әкімі халықпен көшпелі кездесу өткізді


11.07.2019
Күміс алқа иегерлер қатары артты


06.07.2019
6 шілде еліміздің Бас қаласы Нұрсұлтанның туған күні аталып өтті

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Аудан әкімінің көмекшісі


«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ

аудан әкімінің көмекшісінің

лауазымдық нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер     

1.1. Әкімнің көмекшісі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес жүзеге асырады, өзінің қызметінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, өзінің қызметін жүзеге асыратын нормативтік құқықтық актілерін, бұйрықтары, мемлекеттік органның өкімдерін, ішкі тәртіп ережелерін және осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

1.2. Әкімнің көмекшісі атқарып отырған лауазымынан аудан әкімінің өкімімен тағайындалады және босатылады.

1.3. Әкімнің көмекшісі аудан әкіміне бағынады.

2. Аудан әкімінің көмекшісінің құқығы

2.1. Аудан әкімінің тапсырмасын орындау мәселелері бойынша аудандық қызметтер мен бөлімшелерден, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан  мәліметтер, ақпараттар, материалдар мен өзге де құжаттарды сұрау;

2.2. Өзінің құзыретіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Аудан әкімінің көмекшісінің міндеттері

3.1. Аудан әкімінің қызметімен тікелей байланысты тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады.

3.2.   Телефонхаттарды уақытылы тіркеуге алып, жедел түрде онымен басшылықты, орындаушыларды таныстыруға жауапты.

3.3. Аудан әкімі қабылдау бөлімінің жұмысын, орынбасарлармен, аппарат қызметкерлерімен, аудандық қызметтермен, азаматтармен жедел байланысын қамтамасыз етеді.Әкімнің аппаратындағы бөлімдерден ақпарат жинап, барлық сұрақтар бойынша аудан әкіміне баяндама дайындайды.

3.4. Қала әкімінің, орынбасарларының, құрылымдық басқармаларының жиналысына аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерінен ақпараттар жинап, аудан әкіміне ұсынады.

3.5. Аудан әкімінің ауданды аралауын ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

3.6. Аудан әкімінің аппаратымен өткізілетін іс-шараларды дайындау мен өткізуге қатысады.

3.7.  Сайлау мен референдумдардың жұмысын әзірлеу мен өткізуге қатысады.

4. Аудан әкімінің көмекшісінің жауапкершілігі

4.1. Өзінің лауазымдық міндеттерінің сақталуы;

4.2. Басшылық тапсырмаларының толық, уақытылы орындалуы және еңбек, орындаушылық тәртібінің сақталуы;

4.3. Алдына қойылған тапсырмалардың орындауы мен ұйымдастыруына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болуына байланысты шектеулерді қабылдауына және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына персоналды түрде жауап береді.

  Әкімнің көмекшісі: Сайпышев Нұрлан Дәулетұлы

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақ-2 ықшамауданы, Жанқожа батыр, 26, 5 қабат, 505 каб.

Телефоны: 299-85-90