ҚР Мемлекеттік рәміздері
 
 
Электронды
үкімет
 

http://www.kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

GISMETEO: Погода по г.Алматы

 
Жаңалық мұрағаты
 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1 2 3456
7 8 9 10 111213
1415 16 17181920
21222324252627
28293031
 
  Сайтта берілетін сұрақтама
 
ӘЖК және СТТН құжаттарын қажет етпейтін ИИН нөмерін қолдану қаншалықты ыңғайлы деп ойлайсыз?
өте ыңғайлы
ыңғайлы емес
айырмашылығы жоқ
Ауданымыздың бүгінгі даму қарқыны Сізді қаншалықты қанағаттандырады?
Жақсы
Орташа
Төмен
 
  Мекен-жай
 

ҚР, Алматы қаласы
Шаңырақ-2 ықшам ауданы
Жанқожа батыр, 26 көшесі
Тел. +7(727) 299-84-16
E-mail: site.alatau@a-a.kz

 
Счетчик посещений  


 
  Әкімшілік құрылымы     Тұрғындарға берілген хабарламалар    Әкімге сұрақ    Қабылдау күндері   
Сайттан іздеу   
Негізгі бет Сайт картасы Байланыс тел
Алатау ауданы әкімі аппаратының сайтына Қош келдіңіздер!!!
қаз  eng  рус
     

Құрметті аудан тұрғындары мен қала қонақтары!
Біздің Алатау ауданының интернет-ресурсына қош келдіңіздер! Веб-сайт беттерінде сіздер аудан әкімдігі қызметінің барлық салалары бойынша өздеріңізге қажетті ақпарат ала аласыздар.
Өздеріңіз білетіндей, Алатау ауданы 2008 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен құрылған болатын. Үкімет пен қала әкімшілігі тарапынан ауданға ерекше көңіл бөлініп, бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуда орасан зор жұмыстар атқарылып келеді.
Алатау ауданы құрылған күннен бастап, шешімін тауып келе жатқан басты әлеуметтік мәселе өз бетімен басып алынған жер телімдерін заңдастыру болып табылады. Қазіргі уақытта ауданда 3818 жер телімін заңдастыру туралы шешім қабылданса, 1297 заңдастырылмаған жер телімдері қарастырылу барысында.
Осылайша, бүгінгі күні ауданда өз бетімен жер басып алу мен заңсыз құрылыс жүргізу тоқтатылды деп нық сеніммен айта аламыз.
Ауданның экономикасының дамуының көрсеткішін қала бюджетіне салық түсімдерінің өскендігі растайды.
Мемлекеттік түсімдер бойынша 2011 жылдың қорытындыларына сәйкес ауданнан мемлекеттік қазынаға 11 млрд. 383 млн. 678 мың теңге түсті, яғни Алатау ауданы берілген жоспарды 118,5% орындады.
толығымен

 
 
     
 

16. 05. 2012
Алатау аудандық білім бөлімінің 2012 жылдың 11-15 мамыр аралығында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат
1. Алатау аудандық білім бөлімінің барлық мектептерінде оқу сабақтары талапқа сай түрде жүргізілуде.
2. 12.05.2012 ж күні №149, №156, №152, №82, №169 мектептердің ғимаратында №11 аудандық сынақ тестілеу жүргізілді. Барлығы 369 оқушы қатысып, аудан бойынша 88,8 орташа балды құрады.
3. Алматы қаласы Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес аудан мектептеріндегі 9, 11 сыныпты бітіретін оқушыларды денсаулықтарына байланысты талапқа сай құжаттарын дайындап мемлекеттік емтиханнан босату туралы сұраныс хат жіберілді

толығымен

16. 05. 2012
№152 мектепте республикалық семинар өтті
2012 жылдың 15 мамыр күні Алатау ауданына қарасты №152 жалпы білім беретін мектепте «ҚР – да Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында педагогтардың кәсіби құзырлылығын дамыту» атты республикалық семинар өтті.
Қатысушы мұғалімдерді мектеп директоры Байғабұлова Алтын Төреқұлқызының жетекшілігімен ұжым мен оқушылар қарсы алып, семинар бағдарламасымен таныстырды. Семинар барысында қонақтар назарына «Негізгі білім- бастауышта» тақырыбында бастауыш сыныптың жұмысы, «Жүрек салу» атты психологиялық тренинг...

толығымен

10. 05. 2012
Мерейтой - Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік (ЗТМО) орталығына - 15 жыл!
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының құрылғанына 15 жыл толады. Алматы қалалық филиалы Алатау ауданы бойынша бөлімшесінде аталған орталықтың 15 жылдығына арналған отырыс болып өтті.
Отырыс жұмысына Алатау ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева, ЗТМО-ның директоры Біржан Жүнісов, орынбасарлары Фарида Бокижанова, Гүлшат Баешова, Алатау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Жанболат Әлиев Алатау ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік бөлімінің бастығы Гүлсара Исағұлова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберген Қабдолдин, орынбасары Таубалды Сағатулла, ҰОС-на қатысушы, ардагер Жапек Молдабаев, суретші, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тұрсын Әбуов, Құрмет орденінің иегері Аққайша Баймадиева, Алатау ауданы бойынша мүгедектер қоғамының төрайымы Гүлнәр Шүкеровалар қатысты.

толығымен

08. 05. 2012
Ұлы Жеңістің 67 жылдығы мерекесін - Алатау ауданы кеңінен атап өтті
Бүгін 8 мамыр күні - Алматы қаласының Алатау ауданы әкімі аппаратының алдындағы алаңда Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған салтанатты мерекелік шара болып өтті.
Мерекелік шараға Алматы қаласы әкімнің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашев, аудан әкімі Бағдат Мәнізоров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберген Қабдолдин, орынбасары Таубалды Сағатулла, «Нұр Отан» ХДП Алатау аудандық филиалы төрағасының орынбасары Сағымбек Карбузов, аудан аумағында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ұлы Отан соғысына қатысушы тыл ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, аудандық әскери комиссариаттың өкілдері, аудан әкімі аппаратының және аудан қызметтерінің басшылары мен қызметкерлері, денсаулық сақтау және білім беру салалсының өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.

толығымен
 
барлық жаңалықтар
 
 
     
16. 05. 2012
Алматыда ревматологтардың I Еуразиялық конгресіне 15 елдің жетекші мамандары қатысуда

Кеше Алматыда ашылған ревматологтардың «Ревматологиялық ауруларды емдеу және инновациялық диагноз қою әдістері» I Еуразиялық конгресіне алыс және жақын шетелдердің 15 елінің жетекші мамандары қатысуда. Конресске қатысушылар екі күн бойы Қазақстандағы ревматология қызметінің даму перспективалары бойынша, ревматологиялық ауруларды емдеу және инновациялық диагноз қою әдістері мен диагноз қоюға замануи көзқарас, терапиялық және ревматологиялық аурулардың алдын алу мен әлеуметтік маңызды ревматолоиялық аурлар, остеоартроз және остеопороз сияқты тағы басқа да ауруларды емдеу бойынша заманауи көзқарастарды талқылайтын болады.

толығымен
15. 05. 2012
Олимпиада күні елімізде кесте бойынша өтеді – ҚР ҰОК вице-президенті П.Новиков
Олимпиада күні елімізде кесте бойынша – 19 мамырда өтеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) вице-президенті генерал-майор П.Новиков.
Дүниежүзілік Олимпиада күні Қазақстанның барлық облыстарында өтеді. Ең көріністерге толы оқиғалар Алматы мен Астана қалаларында болады. Шаралар көпшіліктің сүйікті орнына айналған Халықаралық шаңғы трамплинінен басталады. Тілек білдірушілердің барлығына қатысуға болады», - деп атап өтті П.Новиков.
толығымен
14. 05. 2012
Алматы әкімі Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенттеріне 10 велосипед сыйлады
Алматыдағы мәдениет жылы аясында және Жеңіс күнәінің құрметіне Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов қатысқан веложүгіру болып өтті, деп хабарлайды қала басшысының баспасөз қызметі.
Веложүгіру Халықаралық трамплиндер кешенінен басталды. Акцияның сөресі ең белсенді қатысушыларға жүлделер табыс ету салтанаты өткен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының аумағы болды. Қала әкімі өз атынан және қала бизнесмендерінің атынан 10 жаңа велосипедті осы оқу орнының студенттеріне сыйға тарту етті.
толығымен
Барлық тараулар
 
 
     
16. 05. 2012
Алматыда «Бала мен қала: қауымдағы өмір» атты Балаларға мейірімді Қазақстан қалаларының ІІІ Республикалық Форумы өтеді
Алматыда 2012 жылы 18 мамыр, алдағы жұма күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында «Бала мен қала: қауымдағы өмір» атты Балаларға мейірімді Қазақстан қалаларының ІІІ Республикалық Форумы форумы өтеді.
толығымен
02. 05. 2012
«Жамаль» галереясы – көпшілік өнер сүйер қауымға ежелгі шығыс әдемілігі ұсынады
2012 жылдың 3 мамырында сағат 15.00-де Алматы қаласындағы мәдениет жылы аясында, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен Достық 109 б мекен-жайында орналасқан «Жамаль» ориенталды (шығыс) өнер арт-галереясының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
толығымен
26. 04. 2012
Алматыда дәстүрлі жәрмеңкелер маусымы ашылады
2012 жылдың 29 сәуірінде Алматыда дәстүрлі жәрмеңкелер маусымы ашылады.
«Астана» алаңында Алматы облысы тауарөндірушілерінің қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
толығымен
Барлық тараулар
 
 
Тұрғындарға берілген хабарламаларМемлекеттік сатып алуҚонақжай кітабы
 
Copyright © 2006 Алатау ауданының әкімшілігінің аппараты. All Rights Reserved.