АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
50 жылдық мерейтоймен құттықтады

19.04.2018

50 жылдық мерейтоймен құттықтады



12.04.2018

Алатау ауданында «Адал жол-Честный путь» марафоны жалғасуда



07.04.2018

«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны


Саясат САЯСАТ



16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні!


   Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының ең басты мемлекеттік мерекесі. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Осы күннен Қазақстан өз жолын бастағанын көрсетті. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары және мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халықты негізге алды.

   Қазақстан Республикасы– жас, тәуелсіз мемлекет. Дегенмен де, осы аз уақыттың ішінде экономика, саясат, спорт және мәдениет саласында бірнеше ірімасштабтағы шаралар болды. Қазақстан БҰҰ-ның белсенді мүшесі, ал 2017 жылдан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып қабылданды. Осы жылы Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі болды. Мұндай аса маңызды халықаралық деңгейдегі іс-шараны Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ең бірінші болып Қазақстан өткізді. Ал Алматыдағы қысқы Универсиада 2017 ойындарына 57 мемлекеттен 2000-нан аса спортшылар қатысты.

   Бүгін де, Қазақстан халықаралық аренада лайықты орын алды деп айтуға болады.