АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Менің ауламдағы спорт

12.11.2018

Менің ауламдағы спорт



09.11.2018

Ақсақалдар кеңесінің президиумы



08.11.2018

Жаңа жол салу құрылысы басталды


  • Негізгі бет
  • Саясат
  • Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш «Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Саясат САЯСАТ



Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш «Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабынасәйкес, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш «Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1029 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 52-53 «Алматы ақшамы» және 2014 жылғы 1 мамырдағы                № 51-52 «Вечерний Алматы» газетінде ресми жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің қосымшасындағы №№ 11, 13, 17, 19, 21, 27, 29, 33, 34, 35, 36, 37, 482, 486, 487, 526, 527, 528, 529, 531, 545, 550 учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

2. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Алатау ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алатау ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Қ. Қарсақбаеваға жүктелсін.

4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                                                             Ш. Рыспаев

Келісілді:

Алматы қаласының орталық Сайлау

комиссиясының төрайымы                                                                       Ж. Асанова

2018 жылғы «___» _________


Алатау ауданы әкімінің

2018 жылғы «___»__________

№___ шешіміне қосымша


№ 11 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшамауданы, Шәріпов көшесі, 38, «№ 154 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 254-79-93

Шекарасы: Райымбек даңғылынан бастап солтүстік бағытта Б.Момышұлы көшесімен батысқа қарай Беделбай көшесіне дейін, Беделбай көшесінен Талдыарал көшесіне дейін, ары қарай шығыс бағытта Б.Момышұлы көшесімен Чуланов көшесінің қиылысына дейін. Чуланов көшесінен солтүстік бағытта Рысқұлов даңғылына дейін. Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта Мұқаев көшесіне дейін. Мұқаев көшесімен солтүстік бағытта Бичурин көшесіне дейін. Бичурин көшесінен солтүстік бағытта Сухэ Батор көшесіне дейін. Сухэ Батор көшесімен шығыс бағытта Шәріпов көшесіне дейін. Шәріпов көшесімен оңтүстік бағытта Рысқұлов даңғылына дейін. Рысқұлов даңғылынан шығыс бағытта Саин көшесіне дейін. Саин көшесінен оңтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылынан батыс бағытта Б.Момышұлы көшесіне дейін.

№ 13 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Өжет ықшамауданы,

Әуезов көшесі, 48, «№ 156 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 298-20-63

Шекарасы: Жанайдар Сәдуақасов көшесіндегі № 51 үйден солтүстік бағытта № 91 үйге дейін. Ары қарай батыс бағытта тар көшемен Тереңқара өзеніне дейін. Батыс шекарасы Тереңқара өзенінің аңғарымен мұсылмандар бейітіне дейін. Мұсылмандар бейітінің жанымен габионға дейін. Ары қарай шекара габионмен солтүстік бағытта Қарасу ықшамауданындағы № 5-ші көшеге дейін, ары қарай бала бақшадан солтүстік бағытта Мойылды көшесіне дейін. Солтүстік шекара Мойылды көшесімен шығыс бағытта Бағаналы Орда көшесіне дейін. Оңтүстік шекара Бағаналы Орда көшесімен батыс бағытта Олжабай көшесіне дейін, ары қарай Олжабай батыр көшесімен габионға дейін. Габионнан Рақымжан Тоқатаев көшесімен оңтүстік бағытта Шаған көшесіне дейін. Оңтүстік шекара Шаған көшесімен батыс бағытта Хасен Оралтай көшесіндегі № 118 үйге дейін, ары қарай Хасен Оралтай көшесіндегі № 107 үйге дейін, № 107 үйден батыс бағытта Әуезов көшесіндегі № 53А үйге дейін. Әуезов көшесіндегі № 53А үйден Әуезов көшесімен Шаған көшесіне дейін. Шаған көшесімен батыс бағытта Жанайдар Сәдуақасов кошесіндегі № 51 үйге дейін.

№ 17 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Қарасу ықшамауданы, Черемушки көшесі, 1, «№ 164 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 299-43-11

Шекарасы: Оңтүстік шекара Солтүстік айналым көшесімен солтүстік бағытта Бурундайская көшесіне дейін. Шығыс шекара Бурундайская көшесімен батыс бағытта Мичурин көшесіне дейін. Солтүстік шекара Мичурин көшесімен оңтүстік бағытта Школьная көшесіне дейін. Школьная көшесімен оңтүстік бағытта Құсайынұлы көшесіне дейін, Құсайынұлы көшесінен Заводская көшесіне дейін. Батыс шекара Заводская көшесімен Солтүстік айналым көшесінің қиылысына дейін.

№ 19 Сайлау учаскесі

Орталығы:Алматы қаласы, Қарасу ықшамауданы, Шаяхметов көшесі, 17/8, «№179 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 380-94-02

Шекарасы: Шығыс шекара Бурундайская көшесімен оңтүстік бағытта Мичурин көшесіне дейін. Оңтүстік шекара Мичурин көшесімен Школьная көшесіне дейін, Школьная көшесінен шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Құсайынұлы көшесіне дейін, Құсайынұлы көшесінен оңтүстік бағытта Бағаналы Орда көшесіндегі № 36 үйге дейін (батыс жағы), Бағаналы Орда көшесімен батыс бағытта (солтүстік жағы) Мойылды көшесіне дейін, Мойылды көшесінен «Птицевод» бау-бақша серіктестігіндегі үйлерді қоса Бурундайская көшесіне дейін.

№ 21 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 ықшамауданы, Өтемісұлы көшесі, 109, «№ 169 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 263-75-52

Шекарасы: Ақын Сара көшесінен Наурыз көшесімен солтүстік бағытта (батыс жағы) Наурыз көшесіндегі № 26 үйге дейін, ары қарай шығыс бағытта Өтемісұлы көшесіне дейін, Өтемісұлы көшесінен шығыс бағытта Қарқара көшесіне дейін, Қарқара көшесінен Үлкен Алматы Каналы бойымен солтүстік батыс бағытта Орбұлақ көшесіне дейін, Орбұлақ көшесінен (батыс жағы) Марқакөл көшесіне дейін, Марқакөл көшесімен Кеңжайлау көшесінің қиылысына дейін, Кеңжайлау көшесімен батыс бағытта Малов көшесіне дейін, ары қарай оңтүстік бағытта (шығыс жағы) Сырым батыр көшесіне дейін, Сырым батыр көшесімен Рахимов көшесіне дейін (шығыс жағы), Әулиеағаш көшесімен өзен арнасымен шығыс бағытта Акын Сара көшесіне дейін.

№ 27 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшамауданы,

Шәріпов көшесі, 38, «№154 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 247-42-44

Шекарасы: Рысқұлов даңғылымен Шәріпов көшесінің қиылысынан солтүстік бағытта Әйгерім-1 ықшамауданының шекарасына дейін. Әйгерім-1 ықшамауданының шекарасынан Боралдай өзені арнасының бойымен оңтүстік бағытта Абдрашұлы көшесіне дейін, Абдрашұлы көшесінен оңтүстік бағытта Томанов көшесіне дейін. Томанов көшесінен оңтүстік бағытта Өтейбойдақ көшесіне дейін. Өтейбойдақ көшесінен оңтүстік бағытта Шәріпқанов көшесіне дейін. Шәріпқанов көшесінен оңтүстік бағытта Рысқұлов даңғылына дейін. Рысқұлов даңғылынан батыс бағытта Шәріпов көшесіне дейін.

№ 29 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Көкқайнар ықшамауданы, Әзербайжан Мәмбетов көшесі, 213, «Атамұра» демалыс орталығы , телефон: 239-27-16

Шекарасы: Көкқайнар ықшамауданы Бесағаш, Басарқобыз, Ақбастау көшелерін қоспағанда. Ақбастау көшесінен Мәмбетов көшесімен Басарқобыз тар көшесіне дейін, ары қарай Жангелдин көшесімен солтүстік бағытта Заречная көшесіне дейін, Заречная көшесінен Иманов көшесін қоса алғанда Үлкен Алматы Каналы арнасына дейін, Үлкен Алматы Каналы арнасынан шығыс бағытта Ақбастау көшесіне дейін.

№ 33 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ықшамауданы, Жанқожа батыр көшесі, 202, «№26 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 271-89-19

Шекарасы: Жангелдин көшесінен батыс бағытта Көкқайнар ықшамауданына дейін, Заречная тар көшесімен Боралдай өзені арнасына дейін, Боралдай өзені арнасымен шығыс бағытта Алтын сақа көшесіне дейін, Алтын сақа көшесінен шығыс бағытта габионға дейін, габионмен оңтүстік бағытта (батыс жағы) Жарқынбаев көшесіне дейін. Жарқынбаев көшесімен Боралдай өзені арнасының бойымен Жылысай көшесіне дейін. Ары қарай Жылысай көшесімен Жангелдин көшесіне дейін.

№ 34 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ықшамауданы,

Жанқожа батыр көшесі, 191, «№ 22 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны,
телефон: 271-89-73

Шекарасы: Батыс шекарасы Көкқайнар және Шаңырақ-2 ықшамаудандарының шекараларымен өтеді. Ары қарай Қарқара көшесімен оңтүстік бағытта Шаңырақ-2 және Шаңырақ-1 ықшамаудандарының шекарасына дейін. Шаңырақ-2 және Шаңырақ-1 ықшамаудандары шекарасы бойымен шығыс бағытта Рахимов көшесіне дейін, Рахимов көшесімен Сырым батыр және Малова көшелерінің қиылысына дейін, Малова көшесімен Тойшыбек батыр көшесіне дейін, Тойшыбек батыр көшесімен Рахимов көшесінің қиылысына дейін. Рахимов көшесіндегі №174/1 үйінен Үлкен Алматы каналынан солтүстік бағытта Закарина көшесіне дейін, Закарина көшесімен (батыс жағы) Көкқайнар ықшамауданының шекарасына дейін.

№ 35 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Өжет ықшамауданы, Әуезов көшесі, 48, «№ 156 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 248-41-47

Шекарасы: Солтүстік айналым көшесі мен Бекболат көшесі қиылысынан бастап солтүстік бағытта (батыс жағы) Бекболат көшесімен Новостройка көшесінің қиылысына дейін. Новостройка көшесімен солтүстік бағытта Рақымжан Тоқатаев көшесінің қиылысына дейін. Рақымжан Тоқатаев көшесінен солтүстік бағытта Хасен Оралтай көшесінің қиылысына дейін. Хасен Оралтай көшесінен (батыс жағы) Әуезов көшесіндегі № 53 А үйіне дейін. Әуезов көшесінен (шығыс жағы) Шаған көшесіне дейін, Шаған көшесінен Жанайдар Сәдуақасов көшесі бойымен батыс бағытта Красноармейская көшесіне дейін, ары қарай шекара Тереңқара өзенінің бойымен оңтүстік бағытта (шығыс жағы) Солтүстік айналым көшесіне дейін, Солтүстік айналым көшесімен Бекболат көшесіне дейін.

№ 36 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Ақкент ықшамауданы, 19

«№ 181 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 246-70-39

Шекарасы: Ақкент ықшамауданындағы №№ 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 үйлер, №№ 2,3,4,5 үйлерді есептемегенде.

№ 37 сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшамауданы, Суаткөл көшесі, 41, «№ 178 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 254-78-86

Шекарасы: Б.Момышұлы көшесінен Райымбек даңғылы қиылысынан (солтүстік жағы), батыс бағытта Б. Момышұлы көшесімен Беделбай көшесіне дейін, Беделбай көшесімен Талдыарал көшесіне дейін, ары қарай Талдыарал көшесімен Б.Момышұлы көшесіне дейін. Б.Момышұлы көшесімен (шығыс жағы) солтүстік бағытта Қазтуған жырау көшесіне дейін. Қазтуған жырау көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылымен (оңтүстік жағы) шығыс бағытта Райымбек даңғылымен атауы жоқ көшенің қиылысына дейін.

№ 482 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 ықшамауданы, Өтемісұлы көшесі, 73, «Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі», телефон: 248-68-74

Шекарасы: Шығыс шекарасы Жас қазақ көшесімен Үлкен Алматы өзені арнасы қиылысына дейін. Үлкен Алматы өзені арнасының бойымен Ақын Сара көшесіне дейін. Ақын Сара көшесімен Өтемісұлы көшесіне дейін, ары қарай атауы жоқ көшесімен Наурыз көшесіне дейін. Наурыз көшесімен Ақын Сара көшесінің қиылысына дейін. Ары қарай Сарыжаз көшесімен. Сарыжаз көшесінен габионға дейін. Ары қарай, габион арқылы шекара Жылысай көшесіне дейін жетеді. Жылысай көшесімен атауы жоқ көшенің жалғасы сайға дейін жетеді. Саймен Қосағаш көшесінің қиылысынан Жас Қазақ көшесіне дейін. Жас қазақ көшесімен Үлкен Алматы өзені арнасына дейін.

№ 486 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Теректі ықшамауданы, Мектеп көшесі, 6 «Б», «№ 184 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 385-34-05

Шекарасы: Орталық көшесінен батыс бағытта Құрылыс көшесіне дейін, Құрылыс көшесімен шығыс бағытта Ақжарқын көшесіне дейін, Ақжарқын көшесінен Жағалтай көшесіне дейін, ары қарай Жағалтай көшесімен солтүстік бағытта қаланың шекарасына дейін. Қаланың шекарасынан Бабажанов көшесіне дейін, Бабажанов көшесінен Маметова көшесіне дейін шығыс бағытта, Маметова көшесімен Соқпақбаев көшесіне дейін. Соқпақбаев көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейін. Ары қарай оңтүстік бағытта Молдағұлова көшесіне дейін, Жағалтай көшесімен Керуен көшесінің қиылысына дейін, Керуен көшесінен солтүстік-шығыс бағытта Ақниет көшесіне дейін, Ақниет көшесінен Жангелдин көшесінің қиылысына дейін, Жангелдин көшесімен шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенімен оңтүстік бағытта Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылынан батыс бағытта Таусоғар көшесіне дейін, Таусоғар көшесінен Мектеп көшесінің (батыс жағы) қиылысына дейін, Мектеп көшесінен оңтүстік бағытта Орталық көшесіне дейін.

№ 487 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Рахат ықшамауданы, Байжанов көшесі, 1, «№ 196 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 385-33-97

Шекарасы: Б.Момышұлы көшесі және Боралдай тас жолы қиылысынан, Боралдай жолымен (оңтүстік жағы) батыс бағытта қала шекарасының аумағы біткен белгігеге дейін. Ары қарай аталған белгіден оңтүстік бағытта темір жол бойымен Үлкен Алматы каналына дейін. Үлкен Алматы каналы бойымен шығыс бағытта Б.Момышұлы көшесіне дейін. Ары қарай
Б.Момышұлы көшесі бойымен (батыс жағы) Боралдай тас жолына дейін. Ары қарай атауы жоқ 1 км болатын жолдың бойымен Б. Момышұлы және Боралдай тас жолының қиылысына дейін. Рахат-Мәдениет ықшамауданы толығымен және қосымша «Энергетик» бау-бақша серіктестігі көшелерінің екі жақ беті кіреді.

№ 526 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Теректі ықшамауданы, Мектеп көшесі, 6Б, «№184 Жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 385-33-89

Шекарасы: Орталық көшесімен солтүстік-батыс бағытта Алғабас ықшамауданына дейін, ары қарай оңтүстік-батыс бағытта Теректі ықшамауданындағы Құрылыс көшесіне дейін. Құрылыс көшесімен Ақжарқын көшесіне дейін, Ақжарқын көшесімен Жағалтай көшесіне дейін, Жағалтай көшесімен Жібек жолы тар көшесінің қиылысына дейін. Жетісу орамы бойымен (солтүстік жағы). Атауы жоқ көшесінен, шығыс бағытта Айналмалы көшесіне дейін. Айналмалы көшесінен оңтүстік бағытта Орталық көшесіне дейін.

№ 527 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Алғабас ықшамауданы, Бәйдібек би көшесі, 16, «№ 185 Жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 385-33-81

Шекарасы: Жаңа құрылыс орамынан Ақын Сара көшесімен шығыс бағытта Б.Момышұлы көшесіне дейін, Б.Момышұлы көшесімен Алғабас ықшамауданының №№ 2, 3, 4 үйлерін қоса ары қарай батыс бағытта Достық көшесіне дейін, Баршын көшесінен Қаршыға көшесіне дейін, Қаршыға көшесімен шығыс бағытта Беласар көшесіне дейін, солтүстік жағы Жаңа құрылыс орамына дейін.

№ 528 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Алғабас ықшамауданы, Бәйдібек би көшесі, 16, «№ 185 Жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 307-93-16

Шекарасы: Жәдігер және Кетбұға жырау көшелерінің қиылысынан, Жәдігер көшесіндегі № 8 үйден Б.Момышұлы көшесіне дейін, батыс бағытта Саттар Естемесов көшесіндегі № 73А үйіне дейін. Ары қарай Саттар Естемесов көшесімен қала шекарасына дейін. Қала шекарасымен шығыс бағытта Керімсал көшесіне дейін. Керімсал көшесінен Беласар көшесіне дейін. Беласар көшесінен Нажмитдин Мұхитдинов көшесіне дейін, ары қарай атауы жоқ көшемен Инабат көшесіне дейін, Инабат және Қаршыға көшелері қиылысынан Баршын көшесіне дейін, шығыс бағытта габионға дейін, ары қарай атауы жоқ көшемен оңтүстік бағытта Орақты батыр көшесіне дейін, Орақты батыр көшесімен оңтүстік бағытта Ақниет көшесіне дейін, Ақниет көшесінен Кетбұға жырау көшесіне дейін, Кетбұға жырау көшесінен оңтүстік-шығыс бағытта Жәдігер көшесіне дейін.

№ 529 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшамауданы, Шуланов көшесі, 159, «Алматы қаласының орталық мемлекеттік мұрағаты», телефон: 254-78-83

Шекарасы: Б.Момышұлы көшесіндегі № 31 үйден шығыс бағытта Шәріпов көшесіне дейін, Шәріпов көшесі бойымен солтүстік бағытта Әйгерім-1 ықшамауданының шекарасына дейін. Әйгерім-1 ықшамауданы шекарасы бойымен батыс бағытта Б.Момышұлы көшесіне дейін.

№ 531 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Ақкент ықшамауданы, 19,

«№181 Жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 246-70-47

Шекарасы: Ақкент ықшамауданындағы: №№ 38, 42, 43, 44, 45, 46, 54, 56, 57, 58, 61, 63, 71 үйлері және Ақбұлақ ықшамауданындағы №№ 5,6,7,8,9 үйлер.

№ 545 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Алғабас-1 ықшамауданы, № 6 үй, «Алатау» дәстүрлі өнер театры» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны, телефон: 398-85-36.

Шекарасы: Б.Момышұлы көшесінен Рысқұлов даңғылымен Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенімен солтүстік бағытта Ақын Сара көшесіне дейін. Ақын Сара көшесімен шығыс бағытта Б.Момышұлы көшесіне дейін. Б.Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта Рысқұлов даңғылына дейін.

№ 550 Сайлау учаскесі

Орталығы: Алматы қаласы, Саялы ықшамауданы, Аққайнар көшесі, 7, «№180 жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, телефон: 385-33-75

Шекарасы: Саялы ықшамауданындағы №№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 13, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 30, 32, 33, 35, 36, 37, 38, 39, 41, 42, 43, 45, 46, 47, 48, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 58, 59, 61, 63, 67, 68, 69, 70, 74, 75, 77, 78, 79, 80, 81, 83, 85, 86, 88, 89, 90 үйлер. Мәмбетов көшесімен солтүстік-батыс бағытта Бесағаш көшесіне дейін, ары қарай батыс бағытта Саялы ықшамауданындағы № 59 үйге дейін, ары қарай оңтүстік бағытта атауы жоқ көшеге дейін, Қөкқайнар ықшамауданындағы үйлерді қоса есептегенде, ары қарай оңтүстік бағытта Ақбастау көшесіне дейін, Ақбастау көшесімен (солтүстік жағы) шығыс бағытта Басарқобыз көшесіне дейін, Басарқобыз көшесінен Мәмбетов көшесіне дейін.